USD 380.56
EUR 430.15
RUB 6.02
Погода в Жансугуров °C

ЖОБА Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерінайқындау туралы

ЖОБА

 

 

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз

етуге қатысатын азаматтарды

көтермелеудің түрлері мен тәртібін,

сондай-ақ оларға ақшалай

сыйақының мөлшерінайқындау

туралы

 

           

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына, «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың  қатысуы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3-бабы 2-тармағы 3) тармақшасына сәйкес, Ақсу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:         

1.Ақсу ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының  мөлшері  осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2. «Ақсу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы С.Ә. Құсмолдин заңмен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

1) осы қаулыны аймақтық әділет органынан мемлекеттік тіркеуден өткізуді;

2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Үлгілі бақылау банкіне кіргізу және ресми жариялау үшін мемлекеттік тіркеуге алынғаннан кейін он күн ішінде қағаз және электронды көшірмесін (қазақ және орыс тілдерінде) «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» мемлекеттік шаруашылық жүргізу құқығы бар кәсіпорынға жіберуді;

3) осы қаулыны мемлекеттік тіркеуге алынғаннан кейін он күн ішінде оның көшірмесін Ақсу ауданында таратылатын баспасөз басылымдарына ресми жариялану үшін жіберуді;

4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Ақсу ауданы әкімшілігінің интернет сайтында жариялауды.        

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсу ауданы әкімінің орынбасары А.А. Сабырбаевқа жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.    

 

 

Ақсу ауданының әкімі                                                    Ә. Далбағаев

 

Ақсу ауданы әкімдігінің 2017 жылғы «____» ___________Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін,сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындаутуралы»№ ____қаулысына келісім

 

«КЕЛІСІЛДІ»
Алматы облысының ішкі істер

департаменті «Ақсу ауданының

ішкі істер бөлімі» мемлекеттік                                              Ә. Ә. Байзолда

мекемесінің бастығы«___» ________2017 жыл                                             


 

 

Алматы облысы Ақсу ауданы

әкімдігінің  2017 жылғы

« __»_______ № ___

қаулысына қосымша

 

Ақсу ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері:

1. Көтермелеудің түрлері

1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

         1) алғыс жариялау;

         2) грамотамен марапаттау;

         3) ақшалай сыйақы беру.

 

2. Көтермелеудің тәртібі

2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Ақсу ауданы әкімдігімен құрылатын қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды.

3. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссияға қарауға «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министірлігі Алматы облысының iшкi iстер департаментi Ақсу ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – Ішкі істер бөлімі) енгiзедi.

4. Комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.

5. Ақшалай сыйақыны төлеу Комиссия қабылдаған шешімге сәйкес, қосымша ішкі істер бөлімі бастығының бұйрығы шығарылады.

6. Көтермелеу түрлерiн, соның iшiнде, ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушiнiң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отыра, Комиссия белгiлейдi.

7. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарға көтермелеу шараларын ішкі істер бөлімі салтанатты жағдайда жүзеге асырады.

        

3. Ақшалай сыйақының мөлшері

         8. 10 айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшердегi ақшалай сыйақы.

         9. Ішкі істер бөлімі ақшалай сыйақыны төлеудi облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзедi.

 

Дата cоздания: 30 Қараша 2017 10:42
Дата редактирования: 30 Қараша 2017 10:44
Қазақстанда зейнетке шығу: зейнеткерлік жас және зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер

Белгілі бір жастағы еліміздің барлық азаматтарын мемлекеттің зейнетақымен қамтамасыз етуі туралы сұрақтар қызықтырады: зейнетақы дегеніміз не, зейнеткерлік жас?

20 Маусым 2019
«Жетісу» телеарнасына 20 жыл

Бүгін Талдықорғанда журналистердің кәсіби мерекесінің құрметіне және Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының 20 жылдық мерейтойына орай салтанатты шара өтті.

18 Маусым 2019
Қазақстанда 70 мыңнан астам сәби проактив әдісімен тіркелді

Бұл туралы фейсбуктегі ресми парақшасында ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов мәлім етті. 

17 Маусым 2019
Сайт картасы Кері байланыс