USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
Погода в Жансугуров °C

Ақсу ауданында интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

ЖОБА
22.11.2011 жыл

Ақсу ауданында интернаттық
ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке
толмағандар үшін жұмыс
орындарына квота белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 5-6) тармақшасына сәйкес, интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды әлеуметтіку қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамассыз ету үшін аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меншік құқығына қарамастан, Ақсу ауданының ұйымдары мен мекемелерінде, интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының 1 пайыз мөлшерінде квота белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қорғанбаев Сәбит Бейсебекұлына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі
Ә.Дүйсембаев

Дайын құжаттарды беру терезесі Алматы облысының әр қаласында тек бір ХҚО-да жұмыс істейді

Дайын құжаттарды беру терезесі Алматы облысының әр қаласында  тек бір ХҚО-да жұмыс істейді

31 Наурыз 2020
Хабарландыру!

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!

19 Наурыз 2020
Сайт картасы Кері байланыс