USD 386.05
EUR 428.25
RUB 5.84
Погода в Жансугуров °C

2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күн тізбелік жоспары

Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2019 жылғы  10 сәуірдегі                        № 10/232 қаулысымен бекітілген


2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған
Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын
әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
күнтізбелік жоспары


1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды  ұсыну.
Республикалық қоғамдық бірлестіктердің жоғары органдары
Сайлау тағайындалған күннен кейінгі күні – 2019 жылғы  10 сәуірде басталады және 2019 жылғы 28 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде  аяқталады.
                                            (55-б., 66-1б.)

2. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабы 2, 3-тармақтарында, 41-бабы                2-тармағында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау.

Орталық сайлау комиссиясы.
Республикалық қоғамдық бірлестіктің жоғары органы отырысының  кандидатты ұсыну туралы хаттамасынан үзiндi көшірмені кандидаттың дауысқа түсуге келiсiмі туралы өтiнiшiмен және кандидатттың сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын  құжатпен бірге ұсынылған кезден бастап  бес күннің ішінде.
                                                                                  (54-б.)

3. Бұқаралық ақпарат құралдарында аумақтық сайлау комиссияларының құрамын жариялау.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, Республика астанасының сайлау комиссиялары.
Сайлау тағайындалғаннан кейiн он  күннен кешіктірмей - 2019 жылғы 19 сәуірден кешіктірмей.
                                                                 (13-б. 4-т.)

4. Бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау учаскелерінің шекараларын,  учаскелік сайлау комиссияларының құрамын жариялау.

Тиісті әкімдер.
Аудандық, қалалық сайлау комиссиялары.
Сайлау тағайындалғаннан кейiн он бес күннен кешіктірмей –2019 жылғы 24 сәуірден кешіктірмей.
                                                                     (17-б. 2-т., 23-б.5-т.)

5. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және әрқайсысына тиісті куәлік беру.

Аумақтық сайлау  комиссиялары.
Сенім білдірілген адамдардың тізімдері тіркеу үшін берілген сәттен бастап.       
                                                                        (14-б. 2-1) т.)

6.  Қол қою парақтарын беру.

Орталық сайлау комиссиясы.    
Кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін бес күн мерзімнен кешіктірмей.
(56-б. 3-т.)

7. Тиісті бұқаралық ақпарат құралдарының тіркелген Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарға эфирден және баспасөз бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді хабарлауы және жариялауы әрі оларды Орталық сайлау комиссиясына беруі.   

Бұқаралық ақпарат құралдары.
Сайлау алдындағы үгітті жүргізу басталғанға дейінгі  бес күннен кешіктірмей – 2019 жылғы 5 мамырдан кешіктірмей.
                                  (28-б. 3-т.)

8. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты қолдап қойылған қолдардың растығын паспорт қызметінің қызметкерлерін қатыстыра отырып тексеру және Орталық сайлау комиссиясына жіберілетін тиісті хаттаманы ресімдеу.
                               
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, Республика астанасының сайлау комиссиялары.
Уәкілетті мемлекеттік органдар.
Қол қою парақтары тапсырылған күннен бастап он күн мерзімнің ішінде.
                                                                           (56-б. 7-т.)

9. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына 2019 жылғы                          1 сәуірдегі жағдай бойынша кірістері мен мүлкі туралы декларация тапсыру.
                               
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы).
Кандидат тіркелгенге дейін.
(59-б. 2-т.)

10. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды тіркеу.

Орталық сайлау комиссиясы.
Кандидаттар барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін басталады және 2019 жылғы 11 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады.
                                                             (59-б. 4-т., 5-т., 66-1б)

11. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу.
                                 
Орталық сайлау комиссиясы.
Кандидат тіркелгеннен кейін.
                                                                                      (34-б. 6-т.)

12.  Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында  жариялау.
                                 
Орталық сайлау комиссиясы.
Кандидаттар тіркелгеннен кейінгі жетінші күннен кешіктірмей.                                                                  
(59-б. 7-т. 1) т.)

13. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған кірістері мен мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру.
       
Мемлекеттік кіріс органдары.
Кандидат тіркелген күннен кейін он бес күннің ішінде.
(59-б. 2-т.)

14. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу.
                                  
Тіркеу мерзімі аяқталған кезден басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша  нөл сағатта аяқталады (2019 жылғы 8  маусымда сағат нөлде аяқталады).
(27-б. 2-т., 66-1б)

15. Барлық кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және оларды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандыру.
                                            
Жергілікті атқарушы органдар және тиісті аумақтық сайлау комиссиялары.
Сайлау тағайындалған сәттен бастап  2019 жылғы 11 мамырға дейін.
                                                                              (28-б. 6-т.)

16. Бөлінген үй-жайда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулерінің кестесін жасау және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
Кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру.

Жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары.
Аумақтық сайлау комиссиялары.
Сайлау алдындағы үгітке дайындық барысында және сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде.
                                                                             (28-б. 4-т.)

17. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу.

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің  ұсынуы бойынша.
Ұсыным келіп түскен сәттен басталып, дауыс беретін күнге бес күн қалғанда – 2019 жылғы 3 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады.
(20-2-б. 2-т.,4-т.)
                                                                     
18. Әрбір сайлау учаскесі бойынша тиісті әкім қол қойған сайлаушылар тізімдерін акт бойынша тиісті сайлау комиссиясына ұсыну.

                      Тиісті әкімдер.
                      Дауыс беретін күнге жиырма күн қалғанда – 2019 жылғы
                      20 мамырда
(24-б., 5-т.)

19.   Сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну.
                                            
Учаскелік сайлау комиссиялары.
Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда – 2019 жылғы          25 мамырдан кешіктірмей.
                                                                         (26-б. 1-т.)

20. Жекелеген сайлау учаскелерінде, қажет болған жағдайда, дауыс беруді бастау мен аяқтаудың өзге уақытын белгілеу және ол туралы шешімді сайлаушыларға жеткізу.
                              
Аумақтық сайлау комиссиялары.
                                                                                      (38-б. 1-т.)
21. Дауыс беру уақыты мен орны туралы сайлаушыларды хабардар ету.

Учаскелік сайлау комиссиялары.
Дауыс беру өткізілетін  күнге дейін 10 күннен 
кешіктірмей-2019 жылғы 29 мамырдан кешіктірмей.
                       (38-б. 2-т.)

22.  Сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу.
                  
Аумақтық сайлау комиссиялары.
Сайлауға дейінгі үш күннен ерте емес және кемінде бір күн бүрын-2019 жылғы 6 маусымнан ерте емес және 8 маусымнан кешіктірмей.
                                                                        (37-б. 3-т.)

23.  Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттаманы жасау.
                                            
    Учаскелік сайлау комиссиялары.
Дауыс беру басталардан бір сағат бұрын.
                                                                             (40-б. 1-т.)

          24.   Дауыс беруді өткізу.
                                              
Учаскелік сайлау комиссиялары.
Сайлау күні, 2019 жылғы 9 маусымда, егер дауыс берудің өзге уақыты белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша               07-00-ден 20-00 сағатқа дейін.
                                                                  (38-б. 1-т.)

25.  Дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы жасау.
 
Учаскелік сайлау комиссиялары.
2019 жылғы 9 маусымда, егер дауыс беру уақыты өзгермесе,  жергілікті уақыт бойынша жиырма сағатта басталады және дауыстарды санау басталғаннан кейін он екі сағаттан асырмай жүргізіледі.
(43-б.)

26. Хаттаманың көшірмесін жалпыжұрттың танысуы үшін сайлау учаскесінің үй-жайындағы арнайы белгіленген орынға ілу.
                                                 
Учаскелік сайлау комиссиялары.
Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу.
.  (43-б. 8-т.)

27. Сайлау учаскесінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы тиісті аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссияларына тапсыру.
                                                   
Учаскелік сайлау комиссиялары.
Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу.                   
                                                          (18-б. 8) т., 43-б.) 

28. Аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссияларының дауыстарды санау нәтижелері туралы хаттамаларды облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының сайлау комиссияларына тапсыруы.
.
Аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары.
Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу.
                                                                 (62-б. 1-т.)

29.  Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының сайлау комиссияларының дауыстарды санау нәтижелері туралы хаттамаларды Орталық сайлау комиссиясына тапсыруы.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының сайлау комиссиялары.
Хаттама жасалған күннен бастап екі күннен аспайтын мерзім  ішінде – 2019 жылғы 11 маусымнан кешіктірмей жолданады.
                                                                                  (62-б. 1-т.)

30.  Қазақстан Республикасы Президенті сайлауының қорытындыларын анықтау.

Орталық сайлау комиссиясы.
Сайлау өткізілгеннен кейін жеті күн мерзімнен кешіктірмей – 2019 жылғы 16 маусымнан кешіктірмей.
                                        (12-б. 10) т., 44-б. 1-т., 3-т., 65-б. 1-т.)

31. Сайланған Қазақстан Республикасының Президентін тіркеу.
                                          
Орталық сайлау комиссиясы.
Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзім ішінде –           2019 жылғы 16 маусымнан кешіктірмей.
                                                                  (45-б., 66-б. 1-т.)

32. Қазақстан Республикасының Президентін сайлау қорытындылары туралы  хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
                                         
Орталық сайлау комиссиясы.
Сайлау өткізілген күннен бастап он күннен кешіктірмей –
2019 жылғы 19 маусымнан кешіктірмей.
(12-б. 10) т., 44-б. 4-т. 1) т.)

33. Кандидаттардың сайлау қорларына түскен ақшаның жалпы сомасы және оның көздері туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
                                          
Орталық сайлау комиссиясы.
Сайлау қорытындылары  жарияланғаннан кейін он күн ішінде – 2019 жылғы 29 маусымнан кешіктірмей.
                                                                         (34-б. 4-т.)


Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының  нормаларына сілтемелер берілді.
 

Дата cоздания: 23 Сәуір 2019 11:14
Дата редактирования: 23 Сәуір 2019 11:15
Жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық

Ақсу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер Басқармасы жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық жүргізуге байланысты келесіні хабарлайды. 

21 Тамыз 2019
Азаматтарға арналған үкімет «Мектепке жол» акциясын өткізді

Жаңа оқу жылы қарасаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларды қолдау мақсатында республикалық «Мектепке жол» акциясын өткізді.

 

15 Тамыз 2019
Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасы аумағына тауарларды импорттау кезінде, тауарлардың жалпы құнының 12% мөлшерінде қосылған құн салығы  105115 төлем кодына (ЕАЭО аумағынан импортталған тауарларға қосылған құн салығы) төленеді.

08 Тамыз 2019
Сайт картасы Кері байланыс