USD 378.65
EUR 430.07
RUB 6.00
Погода в Жансугуров °C

Ақсу ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы                                  28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының                         28-бабының 4 және 6-тармақтарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Ақсу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақсу аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес берілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсу ауданы әкімінің орынбасары Есжанов Газиз Отарбаевичке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Аудан әкімі                                                                       Е. Базарханов


Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 15.05.2019
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 5130 болып енгізілді

Результаты согласования
Акимат Алматинской области - Главный специалист Дархан Даулетович Кожабергенов, 13.05.2019 15:33:38, положительный результат проверки ЭЦП
Департамент юстиции Алматинской области - руководитель Департамента Абай Сейдірұлы Арап, 14.05.2019 14:44:58, положительный результат проверки ЭЦП
Результаты подписания
Акимат Аксуского района - Аким Есим Сеилханович Базарханов, 14.05.2019 15:45:04, положительный результат проверки ЭЦП


 

Дата cоздания: 15 Мамыр 2019 17:54
Дата редактирования: 15 Мамыр 2019 17:54
Пресс-релиз

Терроризмге қарсы комиссиясының кезекті комиссия отырысы өткізілді.

 

25 Маусым 2019
Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен элеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтаманы электрондық түрде алу.

Қазіргі уақытта салық төлеушілерге салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ  (бар) екендігі туралы анықтаманы электрондық түрде web-қосымша «Салық төлеуші кабинеті», Электрондық Үкімет порталы, Электрондық мемлекеттік сатып алу ақпараттық жүйесінен алу мүмкіндік берілді. 

25 Маусым 2019
Камералдық бақылау туралы

1. Камералдық бақылау - салық төлеушi (салық агенті) табыс еткен салық есептiлiгiн, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу мен талдау негiзiнде салық органдары жүзеге асыратын бақылау.
 

25 Маусым 2019
Сайт картасы Кері байланыс