USD 405.66
EUR 454.70
RUB 5.71
Погода в Жансугуров °C

Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы

Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасының ұсынылатын үлгісі

 

Жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасымен бекітілген

1

  «12»  02   2019    жыл

 

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Алматы облысы Ақсу ауданы Қарасу ауылдық округі

(аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің атауы) (аудан және облыс атауы)

 2019-2021 жылдарға

 

 

 

 

 

 

 

 

Әзірлеуші: «Ақсу ауданы Қарасу ауылдық

округ әкімінің аппараты» ММ______
ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

 

Бағдарламаның атауы

2019-2021 жылдарға арналған Алматы облысы Ақсу ауданы Қарасу ауылдық округті дамыту бағдарламасы

Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары

- аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің құрылу кезеңі; 1963 жыл;

- Жер көлемі 0,5 мың шаршы шақырым.Кеңжыра ауылы аудан орталығынан солтүстік-шығысқа қарай   33 шақырым жерде, Сарқан өзенінің жағалауындағы жусан аралас тұқымдас шөптер өскен, қызыл қоңыр топырақты тауалдының құрғақ жазығында орналасқан;

 - Округ орталығы - Кеңжыра ауылы;  

 - Халық саны – 1615;

- Шаруа қожалық саны -190. 2 кәсіпкер тіркелді;

- Округке Кеңжыра, Еңбек, Тарас елді мекендері кіреді;

- Жергілікті қоғамдастық жиналысының құрылған уақыты-2014 жыл және оларға өкілеттік берілген мерзім- 3 жыл;

- жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің саны – 9.

 

 

II. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

2.1 Аудандық маңызы бар қаланы, ауылды, кентті, ауылдық округті дамыту 1шілде 2019жыл

 

2018-2019 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) ауыл халқы мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін көзделген.

2019 жылғы 1 қаңтардағы халық саны 1615  адамды құрайды

Ауылдық округ бойынша 190 ШҚ, 6 жеке кәсіпкер тіркелді.

Егін шаруашылығы, мал шаруашылығы шаруа қожалықтары қызметінің негізгі түрі.

Бағдарлама экономикалық көрсетілетін қызметтерді, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынуға, жұмыссыздықтың азаюына, жаңа жұмыс орындарын құруға байланысты және т. б. мәселелерді қозғайды.

 

Шағын және орта бизнес

190 шаруа қожалығы 6 жеке кәсіпкер қызмет етіп 588 адам жұмыспен қамтылған. 6 дүкен жұмыс істейді.

Ауыл шаруашылығы

Барлық жер көлемі:19100 га, егістік жер:8546 га, суармалы жер:2978 га,

жайылым жер:9108 га

         2019 ж маусым айындағы жалпы мал саны, М.І.Қ -3640 бас,

М.І.Қ -3640 бас, Ұ.М.М – 4813 бас, Жылқы – 1443 бас, Құстар – 8264.

         Асыл тұқымды мал өсірумен айналысатын ш/қожалықтары – 14

Асыл тұқымды бұқалардың жалпы саны – 24 бас

2019 жылы алынғаны асыл тұқымды бұқа – 13 бас.

Барлығы 62 ауыл шаруашылық техникасы тіркелген, оның ішінде 51

трактор 7- комбаин және 4- әртүрлі техника.

 

Сумен қамтамасыз ету

Кеңжыра ауылында су құбырының ұзындығы 8км, 121-тұрғын үй суға қосылған. 1 су жинайтын мұнара және 2 су айдайтын насос жұмыс істейді.

Тарас ауылында 69 үй және 1 мектеп ауыз су жүйесіне қосылған, бір су жинайтын мұнара 2 су айдайтын насос жұмыс істейді.

Еңбек ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету 2020 жылғы жоспарға енгізілген.

Электр қуатымен қамтамасыз ету

Электр жүйелері «ТАТЭК» тің теңгерімінде ұзындығы 70 км. Жөндеуді қажет етеді.

Транспорт және байланыс қатынас жолы

Кеңжыра, Еңбек ауылдарына қатынас жол ұзындығы 14 км, 2016 жылы күрделі жөндеуден өткізілген. Тарас ауылына дейінгі қатынас жол 2020 жылы жасалады деп жоспарлануда.

Кеңжыра ауылында ауыл ішіндегі 13 көше, ұзындығы 6,5 км, Тарас ауылында 3 көше, ұзындығы 2,5 км, Еңбек ауылында 3 көше, ұзындығы 3 км жөндеуді қажет етеді.

 

Білім саласы

Округ бойынша 3 білім беру ошағы қызмет жасайды.

  1. Кеңжыра орта мектебі 1983 жылы салынған 624 орынды, 3 қабатты мектеп. 2 топтық шағын орталық орналасқан. 50 бала тәрбиеленеді. Кеңжыра орта мектебінде жылу орталығы жеке сұйық отынмен жылытылады.
  2. Қарасу орталау мектебі ғимараты 2012 жылы пайдалануға берілген. Жоба бойынша  120 орындық. 25 орындық шағын орталық жұмыс жасайды. Жылу орталығы жеке сұйық отынмен жылытылады.
  3. Тарас орталау мектебі ғимараты 2018 жылы пайдалануға берілген. Жоба бойынша 120 орындық. 25 орындық шағын орталық жұмыс жасайды. Жылу орталығы жеке сұйық отынмен жылытылады.

Барлық 3 мектепте 15 интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген. Химия, физика, биология кабинеттері жаңа модификация бойынша жабдықталған. Барлық 3 мектеп интернет жүйесіне қосылған. Бір компютерге 4 оқушыдан келеді. Округтегі 3-5 жас аралығындаға балалар саны 75. Қамтылғаны 75 немесе 100%.

Денсаулық сақтау

Округ бойынша 1 дәрігерлік амбулатория және 2 фельдшерлік пункт қызмет жасайды. Кеңжыра ауылдық дәрігерлік амбулатория 1 дәрігер, 6 фельдшер, 2 қызметкер жұмыс жасайды. Жедел жәрдем машинасы бар.

Еңбек  фельдшерлік пунктінде 1 фельдшер 1 техникалық қызметкер жұмыс жасайды. Ғимараты ескі.

Тарас  фельдшерлік пунктінде 1 фельдшер 1 техникалық қызметкер жұмыс жасайды. Ғимараты ескі.  

Мәдениет және спорт

Кеңжыра ауылындағы ауылдық клубта 2 қызметкер жұмыс жасайды. Ғимарат талапқа сай емес.

Ауылдық кітапханада 1 қызметкер жұмыс жасайды. Ғимараты әкімшілік ғимаратында орналасқан.

3 мектептің жанында спорт алаңдары және мектеп ғимаратында спорт залы бар. Биылғы жылы 6 млн 200 мың теңге бөлініп Кеңжыра орта мектебі жанынан спорт алаңы салынуда. Спортпен ауыл тұрғындарының 30% яғни 493 адам айналысады.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру

785 – жұмыспен қамтылған;

1999 – өзін – өзі жұмыспен қамтыған;

32 – жұмыссыз;

30 – адам атаулы әлеуметтік көмек алуда.

Қоғамдық қауіпсіздік

Аймақтық инспектор тұрғын үймен және полициялық пунктпен қамтамасыз етілген. Қызметтік көлік жоқ. Өрт сөндіру қызметімен аудан орталығында, яғни 36 км қашықтықта орналасқан өрт сөндіру қызметі айналысады.

2.2 Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер

 

Келесі мәселелерге қатысты болуы мүмкін проблемалар мен тәуекелдердің қысқаша сипаттамасы (салалар бөлінісінде ұсынылады):

         - көшелерді жарықтандыру (көшелердің атауын атап өтуге болады);

         - абаттандыру және көгалдандыру;

         - мұқтаж азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек көрсету (мысалы, волонтерлік негізде);

         - шұғыл жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру

         - елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету, санкцияланбаған, қоқыстарды жою және т. б..;

         - Еңбек ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету;

         - дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу;

         -  ішкі жолдарда ағымды жөндеуден өткізіу;

         - дәрігерлік амблулатория мен 2 фельдшерлік пунктте жөндеу жұмыстарын   жүргізу.

     

 

 

 

III. ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

 

Іс-шаранын атауы

Аяқтау нысаны

Қаржыландыру көлемі (мың.теңге)

Қаржыландыру көзі

Іске асыру мерзімдері

 

1

2

3

4

5

6

 

I.БІЛІМ БЕРУ

1.1

Кеңжыра орта мектеп алды және спорт алаңының ағымдағы жөндеу жұмыстары

01.10.2019

6200

Жергілікті бюджет

2019ж.

 

II. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ

III. ДЕҢСАУЛЫҚ САҚТАУ

IV. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ

4.1

Еңбек ауылына ауыз су тарту

-

200000

Аудандық бюджет

2020ж.

 

V. МӘДЕНИЕТ, СПОРТ, ТУРИЗМ

VI. КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ

7.1

Тарас ауылына дейінгі 2,5 шақырым жолына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу

-

37500

-

2020ж.

 

7.2

Тарас ауылының ішкі жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу

-

32500

-

2020ж.

 

7.3

Еңбек ауылының ішкі жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу

-

45000

-

2021ж.

 

7.4

Кеңжыра ауылының ішкі жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу

-

84500

-

2021ж.

 

Ескертпе: Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыруға «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты» ММ жауапты болып табылады.

Дата cоздания: 29 Тамыз 2019 10:33
Дата редактирования: 26 Наурыз 2020 10:06
Дайын құжаттарды беру терезесі Алматы облысының әр қаласында тек бір ХҚО-да жұмыс істейді

Дайын құжаттарды беру терезесі Алматы облысының әр қаласында  тек бір ХҚО-да жұмыс істейді

31 Наурыз 2020
Хабарландыру!

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!

19 Наурыз 2020
Сайт картасы Кері байланыс