USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
Погода в Жансугуров °C

Жансүгіров ауылдық округі

 
 

Ауылдық округ әкімі туралы ақпарат

Жансүгіров ауылдық округінің әкімі қызметін 2010 жылдың қазан айының 8-нен Шарипов Болат Төлегенұлы атқарып келеді. Ол 1962ж. туған. Алматы ауылшаруашылық институтының ауылшаруашылық инженер- пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Бұл қызметке дейін Ақсу қант зауытының директорының орынбасары, кейіннен директоры болды.

Азаматтарды қабылдау күні, уақыты

Азаматтарды қабылдау күндері:
сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма
сағат 09.00-ден 18.30-ге дейін
Телефоны: 2-25-50, 2-17-32

Ауылдық округ туралы жалпы мағлұмат

Округке Жансүгіров ауылы, Көкөзек, Қаракемер елді мекендері кіреді. Жер көлемі 1,3 мың шаршы шақырым. Округ орталығы Жансүгіров ауылы. Халық саны- 8648. Отбасы- 2400. Оралмандар- 85. Зейнеткерлер- 1601. Округте 324 шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Пайдаланылып жүрген ауылшаруашылық жері 23559 га, оның ішінде егістігі- 3746 га. Мал басының саны: ірі қара-6094, жылқы -1462, қой-ешкі -17289, құстар-13000. Округте аудандық мекемелерден басқа 5 орта, бір кәсіптік мектептер, аудандық аурухана, 2 фельдшерлік пункт, 2 мәдениет үйі, кітапхана, байланыс торабы, 2 учаскелік тірек пункті, 4 мал дәрігерлік пункт, диірмен, 2 май шығаратын цех, 2 наубайхана, сауда базары, 97 сауда орындары және тағы басқа кәсіпкерлік орындар халыққа қызмет етеді.
Жансүгіров ауылы - облыс орталығы Талдықорған қаласынан солтүстік- шығысқа қарай 120 шақырым жерде орналасқан.

Дата редактирования: 29 Тамыз 2019 10:16
Хабарландыру!
15 Қараша 2019
Жемқорлықты жою жолындамыз.

Жемқорлықтың қандай түрі болмасын, қоғам үшін қауіпті

18 Қазан 2019
Сайт картасы Кері байланыс