USD 405.66
EUR 454.70
RUB 5.71
Погода в Жансугуров °C

Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы

Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасының ұсынылатын үлгісі

 

Жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасымен бекітілген

№___

  «      »  _________ 20    жыл

 

 

 

 

 

 

 

                                                                    

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Алматы облысы Ақсу ауданы Есеболатов ауылдық округі

(аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің атауы) (аудан және облыс атауы)

 2019-2021 жылдарға

 

 

 

 

 

 

 

 

Әзірлеуші: «Ақсу ауданы Есеболатов  ауылдық

 округ әкімінің аппараты» ММ______

ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Бағдарламаның атауы

2019-2021 жылдарға арналған Алматы облысы Ақсу ауданы Есеболатов ауылдық округінің дамыту бағдарламасы

Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары

- аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің құрылу кезеңі;

1999 жылдан бастап ауылдық округкке Кеңес одағының батыры Н.Есеболатовтың есімі берілді.

Есеболатов ауылдық округінің орталығы –Есеболатов ауылы аудан орталығынан шығысқа қарай 12 шақырым жерде орналасқан;

 

-халық саны -2163;

 

- ауылдық округтің құрамына кіретін ауылдардың саны - 3 , Қызылқайың, Есеболатов, Энергетик ауылдары;

- аумақ- Жер көлемі 17820,07га;

 

- жергілікті қоғамдастық жиналысының құрылған уақыты- 2016 жыл және оларға өкілеттік берілген мерзім - 3 жыл;

- жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің саны- 9 (тоғыз).

 

 

 

 

II. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

 

2.1 Есеболатов ауылдық округінің 2020 жылдың 1 қаңтарға әлеуметтік – экономикалық даму сараптамасы

Есеболатов ауылдық округі аудан орталығы Жансүгіров ауылынан шығысқа қарай орналасқан. Округ орталығы Есеболатов ауылы ( ертеректеДіңгек), Ауылға қазіргі атауы 1999 жылы берілді.  Ауылдық округтің жалпы халық саны-2163. Округ құрамына үш елді мекен кіреді. Қызылқайың, Есеболатов, Энергетик ауылдары. Округтің жалпы аумағы 16818 га.

Округте 5 ТОО, 195 шаруа қожалық, 22 жеке кәсіпкер тіркелген.

Шаруа қожалықтарының негізгі айналысатын саласы – мал және егін шаруашылығы.

Бағдарламада қозғалған сұрақтар экономикалық және коммуналдық қызмет ұсыну, жұмыссыздықты азайту, жаңа жұмыс орындарын ашу т.с.с мәселелермен байланысты.

 

 Бюджет  және жеке кіріс

2018 жылғы  жоспар бойынша округ бюджетіне жеке кірістен түсетін табыс 100 пайызға орындалды. Жоспар бойынша 3 млн 775мың теңге орындалғаны 3млн 900мың теңге.

2018 жылғы шығыс жоспары 100 пайыз орындалды. Жоспар бойынша 45,728 млн теңге, шығысталғаны 45,725 млн теңге.

 

Кәсіпкерлік

Шағын және орта кәсіпкерлік субьектілер саны 223. Сонымен қатар 5 ТОО, 195 ШҚ, 22 жеке кәсіпкер. Оларда 325 адам жұмыспен қамтылған. 7 дүкен жұмыс жасауда.

 

Ауыл шаруашылығы

Барлық ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер - 16818 га. Жайылым –4400 га, шабындық –700 га, егістік алқаптары –5300 га.

2018 жылы 2000 т дәнді  дақыл, 3000 т майлы дақыл,  140 т картоп, 1800т  қант қызылшасы, 30т көкөніс, 70т бақша өнімдері жиналды.

2019 жылы 1000 га дәнді дақыл, 1275 га майлы дақыл, 60 га  картоп, 160 га қант қызылшасы, 5 га көкөніс, 8 га бақша өнімдерінің тұқымдары себілді.

2019 жылдың 1 шілдесіне мал басы саны, оның ішінде: МІҚ –1777 бас, ҰММ -6292 бас, жылқы –785 бас, құс –6642.  

Ауыл шаруашылығы бойынша тіркелген техника саны 52, оның ішінде 48 – трактор, 3 – комбайн, 3- қосымша техника

 

Білім беру

Округте 3 мектеп

 

 1. 1969 жылы салынған  640 орындық Н.Есеболатов  атындағы орта мектебі шағын орталығымен  КММ . Мектепте 50  балаға арналған 2 топтық шағын орталық және30 балаға 2 мектеп алды даярлық сыныбы бар. Жылту жүйесі  - автоном 1-11 сыныптарда барлығы 241 оқушы. 2009 жылы ағымды жөндеу жүргізілген

2. 1989 жылы салынған  80 орындық Қызылқайың бастауыш мектебі Мектепте 5  бала.  Жылту жүйесі  - автоном

3. 1968 жылы салынған 30 орындық ГЭС бастауыш мектебі. Мектепте 10 бала

3 мектепте  256 бала оқиды. 1 интерактифті  тақта орнатылған. Мектептер жаңа модефикациялық кабинеттермен жабдықталған:  химия – 1, физика– 1. Бүгінгі таңда мектептер интернет желісіне қосылған. Компьютермен жабдықталуы 4 оқушыға 1 кампьютер.

 

Денсаулық саласы

Округ бойынша 1  ауылдық дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді.

1.  Мекемеде 1 дәрігер, 10 орта білімді қызметкерлер бар. Күндізгі стационар-1, жүкті әйелдерге арналған обсервациондық бөлім-1, процедуралық кабинет -1,екпе кабинет -1, дәрі –дәрмек сақтайтын кабинет-1, регидрациялық кабинет -1, науқастарды қабылдайтын кабинет -1, балаларды қабылдайтын кабинет -1. Ғимарат заман талаптарына сай емес.

2018 жылы туылған балалар саны36, қайтыс болғандар саны 9 адам.

Ағымдағы жылдың 6 айында туылған бала саны 24, қайтыс болған адам саны 6 адамды құрады.

     

Мәдениет және спорт

Есеболатов ауылында ауылдық клуб, мәдениет үйі жоқ.  Штат бірлігі 3 адам.  

Округ орталығының кітапханасы Республикалық автоматтандырылған ақпараттық жүйеге /КАБИС/ және интернет  желісіне қосылған.

 Округта спорт обьектісі жоқ. Мектептерде 1 спорттық алаң,  сонымен қатар 1 спорт зал және 1 шағын спорт алаңы бар.

Жылдан жылға дене тәрбиесі және спортпен айналысушылар саны артып келеді. Дене тәрбиесі және спортпен айлалысушы азаматтардың қамтылуы 450 немесе 20,9 %.

Округ жабық спорт комплекс пен мәдениет үйі құрлысын қажет етді.

 

Халықты  жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек

2018 жылы экономикалық белсенді тұрғындар саны 640 адамды құрады. Жұмыспен қамтылған халық саны 310 адам,  оның ішінде өзін – өзі жұмыспен қамтыған 210 адам, оның ішінде продуктивті өзін өзі қамтыған  -      279 адам, продуктивті емес -            31 адам. 2018 жылы жұмыссыздар саны 30 адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі 4,7%. Жұмыссыз жастар  - 1,2%, жұмыссыз әйелдер – 1,3%.

2019 жылдың 1 шілдесіне  округ бойынша 37 жағдайы төмен отбасыға 3,7 млн теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

Округте 12 мүгедек  181 зейнеткер тұрады. Үй жағдайында 2 мүгедек бала, әлеуметтік көмек 160 мың тенгені құрайды

 

Ауыз су

Округті ауыз сумен қамтумен «Ақсу Су құбыры » ММ айналысады.

Округ бойынша су құбыры жүйесі 17,3км.  Құбырға қосылған абонент саны 381. Округте 6 су жіберу мұнарасы бар. Техникалық жағдайы жақсы..

Орталық су жүйесіне 3 мектеп 1  дәрігерлік амбулатория, 2мешіт, 6 сауда нүктесі қосылған. қосылған.

 

Электр және жылу жүйелері

«ТАТЭК» АҚ қарасты ұзындығы 36 км электр жүйесі ескірген.  Электр энергиясы ысырабы  бар.

 

Транспорт және коммуникация

Облыстық маңызы бар жолдар 23 км құрайды. Оның ішінде қатты жабынғылы 10,9  км, тас жол 12,1 км. Округ көшелері 16,2% немесе 47,4% немесе  10,9 км ғана асфальтталған.  2018 жылы Есеболатов ауылы, Есеболатов көшесіне орташа жөндеу жүргізілді. 21,313 млн тенге.

Тозығы жеткен жолдар пайызы өте жоғары..

 

Қоғамдық қауіпсіздік

Учаскелік полиция пункті қызмет атқарады. Өрт қауіпсіздік қызметі жоқ. Округ орталығы аудан орталығына 12 км орналасқан. Тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигон жоқ.

 

Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер

 

Есеболатов ауылдық округі бойынша проблемалық мәселелердің қысқаша сипаттамасы:

- Есеболатов ауылдық мәдениет үйі құрылысы қажет

- Округ ішіндегі жолдарға орташа жөндеу

- Абаттандыру мен көгалдандыру

- Көше шамдарын орналастыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III. ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

 

Іс-шаранын атауы

Аяқтау нысаны

Қаржыландыру көлемі (мың.теңге)

Қаржыландыру көзі

Іске асыру мерзімдері

 

1

2

3

4

5

6

 

I.БІЛІМ БЕРУ

II. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ

2.1

 

 

 

 

 

 

III. ДЕҢСАУЛЫҚ САҚТАУ

3.1

 

 

 

 

 

 

IV. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ

4.1

Есеболатов ауылында көше шамдарын қоюға ЖСҚ

ЖСҚ

4000

жергілікті бюджет

2020

 

4.2

Есеболатов ауылы, Есеболатов көш-2 км

Круценко көш-0,5 км көше шамдарын орнату

Өткізу актісі

41000

жергілікті бюджет

2020

 

V. МӘДЕНИЕТ, СПОРТ, ТУРИЗМ

5.1

 

VI. КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ

6.1

Есеболатов ауылы, Абай көш-2км, Төлебаев көш-2 км орташа жөндеу жүргізі

Өткізу актісі

72000

жергілікті бюджет

2021

 

VII. БАСҚАЛАР

7.1

 

 

 

 

 

 

 

Ескертпе: Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыруға «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты» ММ жауапты болып табылады.

 

Дата cоздания: 29 Тамыз 2019 10:26
Дата редактирования: 26 Наурыз 2020 10:18
Дайын құжаттарды беру терезесі Алматы облысының әр қаласында тек бір ХҚО-да жұмыс істейді

Дайын құжаттарды беру терезесі Алматы облысының әр қаласында  тек бір ХҚО-да жұмыс істейді

31 Наурыз 2020
Хабарландыру!

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!

19 Наурыз 2020
Сайт картасы Кері байланыс