USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
Погода в Жансугуров °C

Егінсу ауылдық округі

Ауылдық округінің әкімі туралы ақпарат

2011ж. қыркүйек айынан 5-нен ауыл әкімі- Қрықбаев Дәулет Мұхаметкәрімұлы. Ол 1972ж. 20 маусымда туған. Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университетінің экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген.

Азаматтарды қабылдау күні, уақыты

Азаматтарды қабылдау күндері:
сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма
сағат 09.00-ден 18.30-ге дейін
Телефоны: 2-81-77, 2-81-76

Ауылдық округ туралы жалпы мағлұмат

Округке Егінсу елді мекені, Құмтөбе бекеті кіреді. Жер көлемі 0,9 мың шаршы шақырым. Округ орталығы Егінсу ауылы. Халық саны- 635. Отбасы- 139. Оралмандар- 12. Зейнеткерлер- 73. 8 – «Алтын алқа», 12 – «Күміс алқаға» иегер аналар бар. Округте орта мектеп, ауылдық фельдшерлік пункт, ауылдық кітапхана, байланыс торабы, учаскелік тірек пункті, мал-дәрігерлік пункті, мешіт, 2 сауда дүкені халыққа қызмет етеді. ПЧ-44, ВЧД- 25, СЧ, ЧЧ теміржол мекемелері жұмыс істейді. 45 шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Пайдаланылып жүрген ауылшаруашылық жері 31025 га, оның ішінде егістігі- 30,6 га, шабындығы- 1260 га. Мал басының саны: ірі қара- 2154, жылқы- 1131, қой-ешкі- 14511, құстар- 448.
Егінсу ауылы теміржол бекеті болып қалыптасқан. Іргесі 1930ж. Түрксіб салынған кезде қаланған. Сібірден ағаш тасылып, жұмысшылар станса кеңсесін, 3 жатақ үй, су жинайтын мұнара салды. 1929ж. қамыс зауыты құрылып, ол 1937ж. дейін жұмыс жасады.
Егінсу ауылы ауданның солтүстік-батысында, аудан орталығынан 97 шақырым жерде Құрөзек өзенінің жағалауында орналасқан.

Дата редактирования: 10 Қазан 2017 16:37
Сайт картасы Кері байланыс