USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
Погода в Жансугуров °C

Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы

Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасының ұсынылатын үлгісі

 

Жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасымен бекітілген

№___

  «      »  _________ 20    жыл

 

 

 

 

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Алматы облысы Ақсу ауданы Суықсай ауылдық округі

(аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің атауы) (аудан және облыс атауы)

 2019-2021 жылдарға

 

 

 

Әзірлеуші: Ақсу ауданы әкімдігінің « Суықсай 

ауылдық округ әкімінің аппараты» ММ______

ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

 

Бағдарламаның атауы

2019-2021 жылдарға арналған Алматы облысы Ақсу ауданы Суықсай ауылдық округінің дамыту бағдарламасы

Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары

- аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің құрылу кезеңі;

Суықсай ауылдық округінің орталығы Суықсай ауылы (Ақсуқой совхозы бұрыңғы атауы), 1930 жылы Ақсу өзенінің атауымен аталған.  1991 жылдан бастап Суықсай ауылы болып аталып келеді;

 

-халық саны -1788;

 

- ауылдық округтің құрамына кіретін ауылдардың саны - 4 ,  Суықсай,  Ащыбұлақ, Баласаз, Ақтөбе ауылдары.

- аумақ- Жер көлемі 56206,28 га;

 

- жергілікті қоғамдастық жиналысының құрылған уақыты- 18.06. 2018 жыл және оларға өкілеттік берілген мерзім - 1 жыл;

- жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің саны-   11 адам  (он бір).

 

II. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

 

2.1 Суықсай ауылдық округінің 2019 жылдың 1 шілдесіндегі әлеуметтік – экономикалық даму сараптамасы

 

Суықсай ауылдық округі аудан орталығы Жансүгіров ауылынан оңтүстік-шығысына қарай орналасқан. Округ орталығы Суықсай ауылы         ( ертеректе Ақсу қой совхозы), 1930 жылы құрылған. Ауылға қазіргі атауы 2009 жылы берілді.  Ауылдық округтің жалпы халық саны- 1788 . Округ құрамына төрт елді мекен кіреді. Суықсай, Ащыбұлақ, Баласз, Ақтөбе ауылдары. Округтің жалпы аумағы 56206,28 га.

Округте 3  ауылшаруашылық өндірістік кооперативі, 93 шаруа қожалық, 26 жеке кәсіпкер тіркелген.

Шаруа қожалықтарының негізгі айналысатын саласы – мал және егін шаруашылығы.

Бағдарламада қозғалған сұрақтар экономикалық және коммуналдық қызмет ұсыну, жұмыссыздықты азайту, жаңа жұмыс орындарын ашу т.с.с мәселелермен байланысты.

 

Кәсіпкерлік

Шағын және орта кәсіпкерлік субьектілер саны 122. Сонымен қатар        3  ауылшаруашылық өндірістік кооперативі, 93 ШҚ, 26 жеке кәсіпкер. Оларда 750 адам жұмыспен қамтылған. 7 дүкен жұмыс жасауда.

 

Ауыл шаруашылығы

Барлық ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер - 53098 га. Жайылым – 45500га, шабындық – 1558 га, егістік алқаптары – 2078 га, оның ішінде суғармалы жер – 581 га. Басқада жерлер – 3957 га

2018 жылы 1250 тн  дәндә дақыл, 250 тн майлы дақыл,  193 тн картоп,  45 тн көкөніс, 30 тн бақша өнімдері жиналды.

2019 жылы 1225 га дәнді дақыл, 120 га майлы дақыл, 400 га күздік арпа, 450 га көп жылдық шөп, 90 га бір жылдық шөп,  70 га картоп,  15 га  көкөніс, 10 га бақша өнімдерінің тұқымдары себілді.

2019 жылдың 1 шілдесіне мал басы саны, оның ішінде: МІҚ – 7003 бас, оның ішінде аналық -2599 бас. ҰММ -30774 бас, жылқы – 2735бас,  түйе -      5 бас, құс – 7997.  

Ауыл шаруашылығы бойынша тіркелген техника саны 61, оның ішінде 53 – трактор, 6– комбайн, 2- қосымша техника

 

Ауыз су

Округті ауыз сумен қамтумен «Ақсу су құбыры» ММ айналысады.

Округ бойынша су құбыры жүйесі 22,8 км.  366 үйдің 252 (68,1%) үйі ауыз суға қосылған . Округте 4 су жіберу мұнарасы бар. Техникалық жағдайы жақсы. Орталық су жүйесіне 2 мектеп 1 балабақша, 1  дәрігерлік амбулатория, 2 мешіт қосылған.

Электр және жылу жүйелері

«ТАТЭК» АҚ қарасты ұзындығы 106 км, 25%  электр жүйесі ескірген.  Электр энергиясы ысырабы  бар.

 

Транспорт және коммуникация

Округ бойынша автомобил жолдарының ұзындығы  -  138 км құрайды. Оның ішінде қатты жабынғылы 3,5 км, тас жол 134,5 км. Округ көшелерінің 26,2% немесе3 км ғана асфальтталған.

Округ бойынша 13 көше бар, көшелердің жалпы ұзындығы 11,5км, оның ішнде 2 көше, ұзындығы 1,5 км көше жарықтарымен қамтамасыз етілген, көшелерді  жарықтармен қамтамасыз ету 3 %.

 

Білім беру

Округте 4 орта мектеп бар,  оның ішінде 2 мектеп 11 жылдық.   Округ бойынша оқушылар саны-292.

 1. 1988 жылы салынған  624  орындық Ю.Гагарин  атындағы орта мектеп  КММ . 1-11 сыныптарда барлығы 189 оқушы, 1 мектеп алды даярлық сыныбы бар 25 оқушы.

 Жылыту жүйесі  - автономды. Мектеп 2003 жылы ағымды жөндеуден өткен.

2. 2009 жылы салынған  180 орындық М.Маметова  атындағы орта мектебі шағын орталығымен  КММ . 1-11 сыныптарда барлығы 92 оқушы. Мектеп алды даярлық тобында- 15 оқушы.  Мектепте 50  балаға арналған       2  топтық шағын орталық бар.  Жылыту жүйесі  - автономды.

3. Ақтөбе бастауыш мектебі 1964 жылы салынған, жобалық қуаттылығы 10-орындық. 1-4 сыныбында 6 оқушы оқиды. Жылыту жүйесі- қатты отын (Көмір). Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.

4.Баласаз бастауыш мектебі 1972  жылы салынған, жобалық қуаттылығы 30 -орындық. 1-4 сыныбында 5 оқушы оқиды. Жылыту жүйесі- қатты отын (Көмір). Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.

 Екі мектепте 2- интерактифті  тақта орнатылған жұмыс істемейді.        1 – мультимедиялық кабинет бар. 2- проектный доска. Мектептер жаңа модефикациялық кабинеттермен жабдықталған:  физика – 1.  Бүгінгі таңда мектептер интернет желісіне қосылған. Компьютермен жабдықталуы          4,9 оқушыға 1 компьютер.

Қызылжар ауылынан Суықсай ауылындағы орта мектепке 11 оқушыны тегін тасымалдау, ара қашықтық 3 км.

«Таң-Шолпаным» бала-бақшасы 1991 жылы салынған. Жобалық қуаттылығы 115 орындық. Қамтылғаны 80 бала. 2013 жылы толығымен күрделі жөндеуден өтті. Округтегі 3-6 жас аралығындағы балалар саны -    170, мектепке дейінгі қамтылған балалар саны-170 немесе  100%.

 

Денсаулық саласы

Округ бойынша 1  ауылдық дәрігерлік амбулатория және 3 ФАП жұмыс істейді.

  1. Суықсай  ауылдық дәрігерлік амбулаториясы 2007 жылы салынған. Мекемеде 1 дәрігер, 13  орта білімді қызметкерлер бар. Күндізгі стационар палатасы бар. Ғимарат заман талаптарына сай.

2018 жылы туылған балалар саны 28 , қайтыс болғандар саны                 16  адам.

Ағымдағы жылдың 6 айында туылған бала саны 23, қайтыс болған адам саны 8 адамды құрады.

        

Мәдениет және спорт

Суықсай  ауылдық округінде 1 мәдениет үйі, 1-клуб  халыққа қызмет көрсетеді. Суықсай ауылдық мәдениет үйінің  штат бірлігі 3 адам, Ащыбұлақ клубында-1 адам. Суықсай ауылдық кітапханасы стандартқа сай емес.Суықсай мәдениет үйі, Ащыбұлақ клубы    күрделі жөндеуді қажет етеді.

Мектептерде 2 спорттық алаң сонымен қатар 2 спорт зал және 1 шағын жабық спорт алаңы бар.

Жылдан жылға дене тәрбиесі және спортпен айналысушылар саны артып келеді. Дене тәрбиесі және спортпен айналысушы  азаматтардың қамтылуы 536  немесе 30 %.

Округ жабық спорт комплексін қажет етеді.

 

Халықты  жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек

2018 жылы экономикалық белсенді тұрғындар саны 803  адамды құрады. Жұмыспен қамтылған халық саны 750 адам,  оның ішінде өзін – өзі жұмыспен қамтыған 206 адам, оның ішінде   тіркелген 152  адам,             тіркелмеген 54 адам. 2018 жылы жұмыссыздар саны 53 адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі 1,2 %. Жұмыссыз жастар  - 1,2%, жұмыссыз әйелдер – 6,6%.

2019 жылдың 1 шілдесіне  округ бойынша 37  жағдайы төмен отбасыға    24081259 теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

Округте 12 мүгедек  121 зейнеткер тұрады.

Үйде оқитын 1 бала,  тағайындалған әлеуметтік көмек 456,3 мың теңге.

 

Қоғамдық қауіпсіздік

Учаскелік полиция пункті қызмет атқарады. Өрт қауіпсіздік қызметі жоқ. Округ орталығы аудан орталығына 22 км орналасқан. Тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигон жоқ.

 

Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер

Суықсай  ауылдық округі бойынша проблемалық мәселелердің қысқаша сипаттамасы:

-Суықсай  ауылдық мәдениет үйіне күрделі жөндеу қажет

- Суықсай ауылдық амбулаториясына ағымдағы жөндеу жұмысын қажет етеді.

- Абаттандыру мен көгалдандыру

- Ауылдардың санитарлық тазалығын қамтамасыз ету, заңсыз қоқыс алаңдарын жою.

-Ауыл ішіндегі көшелер күрделі және орташа жөндеу қажет етеді.

- Жағдайы төме отбасылар санын азайту.

 

 

 

III. ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

 

Іс-шаранын атауы

Аяқтау нысаны

Қаржыландыру көлемі (мың.теңге)

Қаржыландыру көзі

Іске асыру мерзімдері

 

1

2

3

4

5

6

 

I.БІЛІМ БЕРУ

 

 

 

 

 

 

 

II. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ

2.1

Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау

 

24081

Жергілікті бюджет

2019 жыл

 

III. ДЕҢСАУЛЫҚ САҚТАУ

3.1

 

 

 

 

 

 

IV. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ

 

 

 

 

 

 

 

V. МӘДЕНИЕТ, СПОРТ, ТУРИЗМ

5.1

Мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмысын жүргізу үшін жобалық сметалық құжатын дайындау.

ЖСҚ

5800

 Жергілікті бюджет

2020ж

 

5.2

Ащыбұлақ клубын күрделі жөндеу.

Өткізіп-қабылдау актісі

116000

Жергілікті бюджет

2021ж

 

VI. КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескертпе: Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыруға «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты» ММ жауапты болып табылады.

Дата cоздания: 29 Тамыз 2019 10:47
Дата редактирования: 29 Тамыз 2019 10:49
Қазақстанда Цифрлық комиссарлар пайда болды

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде   «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысын қадағалайтын арнайы топ құрылды.

20 Қыркүйек 2019
Қазақстандықтар 3 млн.тенге мен автокөлік ұтып ала алады

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және «Wipon» мобильді қосымшасының қолдауымен 2019 жылдың 21 тамызынан 30 қарашасына дейін «Түбіртекті талап ет те – жүлдені ұтып ал!» жыл сайынғы акцияcында 3 000 000 теңге жедел жүлделерді және басты жүлде автокөлікті ойынға салады.

 

17 Қыркүйек 2019
Сайт картасы Кері байланыс