USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
Погода в Жансугуров °C

Қызылағаш ауылдық округі


 

Ауылдық округінің әкімі туралы ақпарат

Қазіргі уақытта ауыл әкімі - Амитова Сәулеш Мәжитқызы. 1960 жылы Жансүгіров кентінде дүниеге келген. Алматы зооветеринариялық малдәрігерлік институнын зооинженер мамандығы бойынша бітірген. 1982-1997 жылдары аралығында мал ұрықтандырушы, асыл тұқымдандыру станциясында ұрықтау пунктінің меңгерушісі, 2000-2010 жылдар аралығында «Олжас» шаруа қожалығының төрағасы.

Азаматтарды қабылдау күні, уақыты

Азаматтарды қабылдау күндері:
сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма
сағат 09.00-ден 18.30-ге дейін
Телефоны: 2-53-10, 2-83-06, 2-83-08

Ауылдық округ туралы жалпы мағлұмат

Округке Қызылағаш, Ақтоған, Қопалы елді мекендері кіреді. Жер көлемі 0,4 мың шаршы шақырым. Округ орталығы Қызылағаш ауылында орналасқан. Халық саны- 3019. Оралмандар- 1312. Зейнеткерлер- 263. , «Алтын алқа» иегерлері-55, «Күміс алқа» иегерлері -48. Округте 1 орта және 1 орталау мектеп, ауылдық дәрігерлік амбулатория, екі фельдшерлік пункт, кітапхана, пошта байланыс торабы, учаскелік тірек пункті, мал дәрігерлік пункт, монша, тігін цехы, және 5 сауда орындары халыққа қызмет етеді. 160 шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Пайдаланылып жүрген ауылшаруашылық жері 55708 га, оның ішінде егістігі- 9298,69 га. Мал басының саны: ірі қара- 7654, жылқы- 1983, қой-ешкі- 46390, құстар- 2426 .
Қызылағаш ауылы Ақсу ауданының батыс жағында, аудан орталығынан 61 шақырым жерде орналасқан.

Сайт картасы Кері байланыс