USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
Погода в Жансугуров °C

Қоғамдық ұйымдар

Аудандық Ардагерлер ұйымы



Бүкілодақтық Соғыс және Еңбек ардагерлер ұйымы ең алғаш 1986 жылы қыркүйек айының 25-і күні құрылуына орай осы жылғы қазанның 29-ы күні облыстық партия комитетінің шешімін басшылыққа ала отырып, Ақсу ауданы партия комитетінің 1986 жылғы 20- қарашадағы №23 қаулысы бойынша аудандық Соғыс және Еңбек ардагерлері ұйымы құрылған болатын.
1987 жылдан бастап 1989 жылдың наурыз айына дейін аудандық Соғыс және Еңбек ардагерлері ұйымын аудан жұртшылығына танымал соғыс ардагерлері Бейсебек Мұқанұлы Қорғанбаев ақсақал басқарса, 1989 жылы сәуір айынан 2003 жылғы қарашаның 10-ы аралығында аудандық ардагерлер ұйымынын төрағасы болып 14 жыл қатарынан Сабырбаев Ақыш ақсақал басқарып келді.
Ал 10-шы қараша айы 2003 жылдан осы уақытқа дейін аудандық Ардагерлер ұйымының кеңесін Қасымбеков Нұрбек Сәрсенбайұлы басқарып келеді.
Қазіргі кезде ұйымда 4402 мүше бар. Оның ішінде соғыс ардагерлері -9 .Соғыс ардагерлеріне теңестірілгендер саны -67. Ауған соғысын мен Семей полигонында болғандар -43 Тыл еңбегі ардагерлері -372, қалғандары зейнеткерлер.
Аудан бойынша алғаш құрылған 18 ардагерлердің бастауыш ұйымдарына кейінгі 5-10 жылда қосымша 15 жаңадан жергілікті бастауыш ұйымдары қосылып бүгінде ауданда 33 ардагерлердің қоғамдық бастауыш ұйымдары жұмыс атқарып келеді.
2006 жылы барлық 17 ауылдық округтердегі ардагерлердің бастауыш ұйымдары аясында үш топтан тұратын әжелердің бастауыш кеңестері құрылып, рухани құндылықтарды, ұлттық салт-дәстүр мұраларын жастардың бойына қазіргі заман талаптарына сай сіңіру, тәлім- тәрбие беру мақсатында жұмыс істеуде қазіргі кезде төрайымы Құрманғалиева Бақыт.Әрбір ауылдық әкімдігі жағынан шағын тарихи- этнографикалық өлкетану мұражайлары ұйымдастырылуда.
Ең алдымен, қоғамның болашақ тізгінін ұстайтын жастар десек, өскелең ұрпақты ұлттық дәстүрге тәрбиелеу, оларды бірлікке, адалдыққа баулып, қоғамдық заң талаптарының бұлжымай орындалуына «бас-көз» болып қадағалап отыру аудан құрамында 43 мүшесі бар аудандық ардагерлер кеңесі мен 7 адамнан тұратын алқа тобы, жұмыс істейді.
Сонымен қатар 2009 жылдын қазан айында облыстық «Жетісу» газеті арқылы «Жастарға тәлімді тәрбие берейік»- деген тақырыппен аудан аталарының «Атадан-ұлағат» атты аудандық басқосу жиналысында облыстың барлық ауылдық әке-аталарына арналған Ашық хаты жарияланып, осыған байланысты барлық ауылдық округтерде жиындар өткізіліп, ауылдық ардагерлердің бастауыш ұйымдары жанынан қосымша Аталар тәрбие топтары белгіленді де. Бұл топ қазіргі кезде ақпараттық насихат және қылмыстың алдын алу мақсатында жоспарланып, ардагерлердің бастауыш партия ұйым аясында өз жұмыстарын жүргізіп келеді.
Өткен 2008 жылы аудан ардагерлерінің «Қылмысты болдырмай, алдын алайық» деген тақырыпта аудан халқына ашық хат «Ақсу өңірі» газеті арқылы таратылған еді.
Осыған байланысты аудандық Ардагерлер кеңесі Ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, жыл сайын әрбір ауылдық округтерде үлкендер мен жастардың көптен қатысуымен жиналыстар өткізіліп, қоғамдық заң талаптарының орындалуы бақылауға алынуда.
Елді мекендердегі ардагерлердің бастауыш ұйым аясында құрылған Әжелер мен Аталар тәрбие кеңестеріне ауылдардағы белсенді деген әжелер мен ақсақалдардың көптен тартылуының арқасында, және де олардың әр отбасымен етене араласып, әлеуметтік тұрмыс және рухани хал-жағдайын жақсы білудің нәтижесінде бүгінде жан-жақты қаумалаған нашақорлық, ішімдікке әуестік, жеңіл жүріс пен бос күлкі қуушылық сияқты жағымсыз қылықтардың жастар мен кейбір алжуас ауыл тұрғындарының арасында азайғандығына қол жеткізіліп, ауыл ардагерлер ұйымдарының ықпал мен беделінің біртіндеп артып келертіндігін көрсетіп отыр.
19 желтоқсан 2014 жыл, Ұлы Отан соғысы Жеңістің 70 жылдығын лайықты қарсы алу мақсатында облыс бойынша ұйымдастырылған «Қайран ерлер- ардагерлер» атты ардагерлердің облыстық көркемөнерпаздар байқауында 100 ге тарта ата-әжелерден тұратын хор 1-орынды иеленсе, басқа да көркемдік өнер бойынша 2-орын алып нағыз ата-әжелер екендіктерін жетісу округінде таныта білді.

Ақсу аудандық ардагерлер
кеңесінің төрағасы Н.Қасымбеков


Сайт картасы Кері байланыс