USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
Погода в Жансугуров °C

Ақсу ауданы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу туралы

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағының 14) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы N 2331 «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес және Алматы облысы әкімдігінің 2013 жылдың 26 наурыздағы «Алматы облысы аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру іс-шараларын жүргізу жоспарын бекіту туралы» N 97 қаулысын орындау үшін Ақсу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақсу ауданы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары қосымшаға сәйкес ұйымдастырылып өткізілсін.
2. «Ақсу ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Исапанов Сағымбек Кенжеғазыұлы), Ақсу ауданы әкімдігінің «Ақсу ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (Болатхан Гүлзия) және ауылдық округтер әкімдері аумақтардағы ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз етсін.
3. Ақсу ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 28 тамыздағы «Ақсу ауданы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу туралы» N 407 (Алматы облысының Әділет департаментінде 2012 жылдың 2 қазанда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2138 нөмірмен енгізілген, аудандық «Ақсу өңірі» газетінің 2012 жылғы 13 қазанда 43(9625) нөмірімен жарияланған) қаулысының күші жойылсын.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Жұмағалиев Маулен Бүркітқалиұлына жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Аудан әкімі Ә.Далбағаев

Қазақстанда Цифрлық комиссарлар пайда болды

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде   «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысын қадағалайтын арнайы топ құрылды.

20 Қыркүйек 2019
Қазақстандықтар 3 млн.тенге мен автокөлік ұтып ала алады

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және «Wipon» мобильді қосымшасының қолдауымен 2019 жылдың 21 тамызынан 30 қарашасына дейін «Түбіртекті талап ет те – жүлдені ұтып ал!» жыл сайынғы акцияcында 3 000 000 теңге жедел жүлделерді және басты жүлде автокөлікті ойынға салады.

 

17 Қыркүйек 2019
Сайт картасы Кері байланыс