USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
Погода в Жансугуров °C

Шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Қарасу ауылдық округі әкімінің шешімі

__2012 жыл «07» 06__№_1___

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ

Нормативтік құқықтық акт 2012 жылғы «18» маусым Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №2-4-153 болып енгізілді.

Шектеу іс-шараларын енгізе отырып,
карантин аймағының ветеринариялық
режимін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және Ақсу ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспекторының 2012 жылғы 24 мамырдағы №154 ұсынысы негізінде Қарасу ауылдық окруінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қарасу ауылдық округінің Кеңжыра ауылында, ұсақ мүйізді малдар арасында сарып ауруы анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары енгізіле отырып карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Округ әкімі Т. Арғынбаев

Сайт картасы Кері байланыс