USD 413.12
EUR 452.86
RUB 5.82
Погода в Жансугуров °C

Шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Қаракөз ауылдық округі әкімінің шешімі

__2012 жыл «08» 06__№_1___

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ

Нормативтік құқықтық акт 2012 жылғы «18» маусым Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №2-4-152 болып енгізілді.

Шектеу іс-шараларын енгізе отырып,
карантин аймағының ветеринариялық
режимін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және Ақсу ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспекторының 2012 жылғы 04 мамырдағы №129 ұсынысы негізінде округ әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қаракөз ауылдық округінде ұсақ мүйізді малдар арасында сарып ауруы анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары енгізіле отырып, карантин аймағының ветеринарилық режимі белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Округ әкімі Б.Байболов

Дайын құжаттарды беру терезесі Алматы облысының әр қаласында тек бір ХҚО-да жұмыс істейді

Дайын құжаттарды беру терезесі Алматы облысының әр қаласында  тек бір ХҚО-да жұмыс істейді

31 Наурыз 2020
Хабарландыру!

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!

19 Наурыз 2020
Сайт картасы Кері байланыс