USD 402.37
EUR 449.81
RUB 5.86
Погода в Жансугуров °C

Аудан жаңалықтары

30 Сәуір 2020 16:37
«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы

 

2019 жылы «Гидротехник жоба» ЖШС-гі әзірлеген  «Алматы облысы Ақсу ауданы Жансүгіров ауылының Бухарбай, Толғанбай ақын, Жансүгіров, Қабанбай батыр, Әубакіров, Абай, Пушкин, Ақын Сара және Кенжебаев көшелеріне ауыз су жүйесіне күрделі жөндеу» жұмыс жобасы бойынша 2020 жылға  «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен қаражат бөлініп, мердігер мекеме «ПМК-105» ЖШС су құбырларын салу жұмыстарын 20.04.2020 жылдан бастап кетті.

Жобаға сәйкес, аталған көшелерде 7,5 шақырым құбырлар ауыстырылады. Себебі қант заводымен бірге салынған темір құбырлардың қызмет атқарғанына 50 жылдан астам уақыт өткендіктен, апаттық жағдайлар жиі орын алатын болды.

Құрылыс жұмыстары жобаға сәйкес, 4 ай жүргізіледі, аяқталу мерзімі 31 тамыз 2020 жыл. Мердігер мекеме, негізгі трассаны тартады және 4-5 үйге арнап 1 құдықтан салады. Құдықтардың ішіне жақын орналасқан үйлердің санына байланысты, крандар қойып береді. Құдықтан үйге тартылатын сервистік желіні тұрғындар өз қаражаты есебінен тартулары тиіс, бұл жұмыстарға сметада қаражат қарастырылмаған.

 


Вернуться назад

Дайын құжаттарды беру терезесі Алматы облысының әр қаласында тек бір ХҚО-да жұмыс істейді

Дайын құжаттарды беру терезесі Алматы облысының әр қаласында  тек бір ХҚО-да жұмыс істейді

31 Наурыз 2020
Хабарландыру!

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!

19 Наурыз 2020

Сайт картасы Кері байланыс