USD 376.51
EUR 418.91
RUB 6.13
Погода в Жансугуров °C

Аудан жаңалықтары

22 Қараша 2019 17:04
Бірыңғай (Ұлттық) азаматтарды қабылдау күні өтті.

   Ақсу ауданының әкімдігінде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету аясында ағымдағы жылы 21 қарашада Бірыңғай (Ұлттық) азаматтарды қабылдау күні жалпы республикалық іс-шарасы ұйымдастырылды.

   Осыған байланысты аудан басшысының м.а. Қабаев Арман Маратұлы және ауылдық округ әкімдері азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді. Аталған іс-шара бойынша аудан әкімдігінің қабылдауына 18 тұлға, 50 азамат ауылдық округ әкімдерінің қабылдауында болып, өздері көтерген көкейкесті мәселелері бойынша толық мағлұмат алып, арыз-шағымдарда орын алған себептер жойылды. Көтерілген мәселелерге зерделеу жұмыстары жүргізіліп, мемлекеттік билік органдарының қызметін жетілдіру шаралары қарастырылды.


Вернуться назад

Сайт картасы Кері байланыс