USD 387.16
EUR 428.47
RUB 6.08
Погода в Жансугуров °C

Аудан жаңалықтары

17 Қазан 2019 11:55
Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасуға конкурс жариялау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

«Ақсу ауданның білім бөлімі» ММ, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы, Желтоқсан көшесі № 5, «Ақсу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

          Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

   Бос орын:  «Ақсу ауданының білім бөлімінің «Егінсу орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектеп директоры

          Мемлекеттік орта білім беру мекемелері басшыларының лауазымына кандидаттардың Конкурсқа қатысуы үшін мыналар талап етіледі:

1)  жоғары және жоғары білімнен кейінгі білімінің болуы (педагогика немесе бейіні бойынша);

2) педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл, шағын жинақты мектепте педагогикалық жұмыс өтілі кемінде үш жыл, басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі талап етілмейді;

3) бірінші немесе жоғары біліктілік санатының болуы;

4) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" ҚР Денсаулық сақтауминистрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

5)  соттылығының жоқ екені туралы анықтама;

Конкурсқа қатысу үшін үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1. білім беруді басқару органының басшысының атына тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш;

2.  жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3.  білімі туралы құжаттың көшірмесі;

4.  еңбек қызметін растайтын құжаттың құжаттың көшірмесі;

5.  кадрлық есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;

6. ескертпелер мен көтермелеуді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

7. біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);

8.  медициналық куәландырудан өтуі туралы анықтама;

9. соттылығының жоқ екені туралы анықтама;

10. Мектепті дамытудың перспективалық жоспары.

Конкурсқа қатысу үшін  ұсынылатын құжаттардың көшірмелері нотариалды немесе жұмыс орнының кадрлық қызметі тарапынан куәландырылады.

Орта білім беру мекемесі басшысының лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымын оның Жарғысына сәйкес қызметінің барлық түрін басқарады.

Тестілеуден өту кезеңі үшін қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасыны Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын,  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, сондай-ақ педагогика және психология негіздері бойынша тестілеуден және әңгімелесуден өтеді.Тестілеуден өту үшін 120 сұрақ ұсынылады, шекті деңгей 50%  құрау керек.

 Лауазымдық жалақы мөлшері:

Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы

теңгеден

теңгеге дейін

А-1-3-1

               82468

99988

 

2. Конкурс 4 кезеңде өткізіледі:

1) конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау;

2) мектептің Қамқоршылық кеңесімен кандидаттарды келісу;

3) облыстық білім беруді басқару органымен кандидаттарды келісу;

4) білім беруді басқару органының Конкурстық комиссиясының отырысында әңгімелесу;

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар аталмыш хабарландыру жарияланған мезеттен бастап 7 жұмыс күн ішінде келесі мекен-жай бойынша тапсырылу керек.

Мекен-жай: Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы, Желтоқсан көшесі 5,                   тел 8( 7283) 21580, электронды мекен-жай: aksuroo@mail.ru

 

 

«Ақсу ауданының білім бөлімі» ММ

 

 


Вернуться назад

Хабарландыру!
15 Қараша 2019
Жемқорлықты жою жолындамыз.

Жемқорлықтың қандай түрі болмасын, қоғам үшін қауіпті

18 Қазан 2019

Сайт картасы Кері байланыс