USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
Погода в Жансугуров °C

Аудан жаңалықтары

03 Қазан 2019 10:09
Жалпыға бірдей декларациялауды енгізу үрдісі қай уақытқа ауыстырылды?

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына қол қойды. Осыған сәйкес, жалпыға бірдей декларациялауды енгізу үрдісі 2021 жылдан бастап кезең-кезеңімен өтеді деп хабарлайды 

 

Заң жалпыға бірдей декларациялауды енгізуді 2020 жылғы 1 қаңтардан 2021 жылғы 1 қаңтарға ауыстыруды және бұдан әрі кезең-кезеңімен көшуді көздейді.

Бірінші кезеңде - 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялау шеңберіндегі декларацияны жауапты мемлекеттік лауазымдағы адамдар мен олардың жұбайы (зайыбы);

  • мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайы (зайыбы);
  • мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайы (зайыбы);
  • "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларация ұсыну жөніндегі міндет жүктелген адамдар болып табылатын жеке тұлғалар тапсырады.

Екінші кезеңде - 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлері мен олардың жұбайы (зайыбы), сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері мен олардың жұбайы (зайыбы) болып табылатын жеке тұлғалар тапсырады.

Үшінші кезеңде - 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайы, дара кәсіпкерлер және олардың жұбайы тапсырады.

Төртінші кезеңде - 2025 жылғы 1 қаңтардан  бастап азаматтардың қалған санаттары декларация тапсырады

Ақсу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы


 

Мемлекеттік басым міндеттерінің бірі салық салуды анық және сауатты басқару болып табылады, өйткені елдегі салық саясатының тиімділігі осы үдерісті ұйымдастыру деңгейіне байланысты. Салық салу -  мемлекеттің ежелгі функциясы және қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму жолындағы  негізгі шартардың бірі. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту мақсатында жеке тұлғалардың кірістеріне салық салуды толық ауқымды әкімшілендіру мәселесін шешуге арналған маңызды шарт халықтың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау болып табылады.

Жалпыға бірдей декларациялауға көшудің мақсаты көлеңкелі экономикамен және сыбайлас жемқорлықпен күрес үшін жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкіне тиімді бақылау жүйесін құру, сондай-ақ салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауды қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлін күшейту болып табылады. Жалпыға бірдей декларациялауға көшуді қамтамасыз ету бойынша негізгі міндеттер: 

  • жалпыға бірдей декларациялауды енгізудің әдістемелік негіздерін әзірлеу және оларды заңнамалық қамтамасыз ету;
  • жеке тұлғалардың декларацияларын қабылдауға және өңдеуге мемлекеттік органдарды дайындау бойынша іс-шаралар жүргізу;
  • кірістер мен мүлікті декларациялаудың халық үшін анағұрлым қолайлы рәсімін жасау;
  • жалпыға бірдей декларациялауға көшу мәселелері бойынша халықты кең ауқымда ақпараттандыру;
  • декларацияны толтыру және табыс ету бойынша халыққа мемлекет тарапынан әдістемелік көмек көрсету;
  • жеке тұлғалар декларациясын тиімді камералдық бақылау жүйесін құру болып табылады.

Кірістерді декларациялау Реализация декларирования доходов будет способствовать:

  • көлеңкелі экономикаға қарсы тұруға;
  • мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық деңгейінің төмендеуіне;
  • салық базасын кеңейтуте және жеке табыс салығының бюджетке түсімін арттыруға;
  • қылмыстық іздестірулердің тиімділігіне;
  • Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің салықтық мәдениетін арттыруға ықпал ететін болады.

Жалпыға бірдей декларациялау кейінге қалдырылды және 2021 жылдан бастап кезең-кезеңмен енгізілетін болады.

Бірінші кезеңде 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайларынан, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардан және олардың жұбайларынан декларациялауды бастау ұсынылады.

Екінші кезеңде 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және т. б. саласын қоса алғанда) және олардың жұбайлары.

Үшінші кезеңде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары, дара кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары.

Төртінші кезеңде 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықтың қалған санаттары.

Бұл ретте әрбір кезеңнің қорытындылары талданып, проблемалық мәселелер анықталатынын және заңнаманы, әдіснаманы және ақпараттық жүйелерді жетілдіру бойынша шаралар қабылданатынын атап өту маңызды.

Қазіргі уақытта ҚР заңнамасына жалпыға бірдей декларациялауды кезең-кезеңмен енгізу бойынша түзетулер дайындалуда. Олар белгіленген тәртіппен ҚР Парламентінің қарауына енгізілетін болады.

Жалпыға бірдей декларациялауды енгізген кезде  жеке тұлғалардың декларацияларын кім ұсынуға тиіс?

  • Қазақстанның кәмелетке толған азаматтары, оралмандар және тұруға ыхтиярхаты бар адамдар;
  • кәмелетке толмаған тұлғалар – тұрғын үй құрылысында қатысу үлесі, олардың атына тіркелген мүлкік, банктік шоттарда ақша сомасы, дебиторлық берешек және (немесе) кредиторлық берешек болған жағдайда;
  • шетелдіктер – Қазақстан аумағында мүлкі немесе тұрғын үй құрылысында қатысу үлесі болған жағадйда.

Жалпыға бірдей декларациялау кезінде жеке тұлғалар     қандай декларация  нысандарын тапсыруға тиіс?

Декларациялау жүйесіне енген кезде ктивтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылатын болады, онда меншік құқығындағы мүлікті, соның ішінде пәтерлерді, машиналарды, банктердегі салымдарды міндеттемелерін көрсету қажет. 

Кейіннен халық жыл сайын кірістер, сатып алған мүлік туралы декларацияны тапсыратын болады. Бұл ретте жыл ішінде еңбек ақы, зейнетақы, стипендия алған және басқа кірістерді алмаған немесе мүлігін сатпаған тұлғалар  қандай да бір цифрларды көрсетуінсіз бір парақтағы  қысқаша декларацияны тапсыратын болады. Егер адамның кірістері молырақ болса, ол толық декларацияны ұсынуы тиіс.   

Декларацияларды ұсыну мерзімдері 

Жеке тұлғалардың декларацияны электрондық түрде ұсынуын ынталандыру мақсатында декларацияны ұсынудың 2 мерзімі көзделген:

  • 15 шілдеге дейін   – қағаз тасымалдағышта;
  • 15 қыркүйектен кешіктірмей   –  электрондық түрде.

Жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде қандай қосымша салық шегерістері көзделген және олар қашан енгізіледі?

Жеке тұлғалардың әлеуметтік  мүдделілігі мақсатында жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде қосымша салық  шегерістері көзделген:

  • көп балалы отбасылар  үшін ата –ананың бірінің күнтізбелік жыл ішіндегі  ең төмен еңбекақының 24 еселенген мөлшерінен артық емес көлемінде;
  • оқуды төлеуге – күнтізбелік жыл ішіндегі  ең төмен еңбекақының 10 еселенген мөлшерінен артық емес;
  • банктік қарыздар бойынша сыйақыны төлеуге  – ең төмен еңбекақының 10 еселенген мөлшерінен артық емес;
  • медициналық қызметтерге – күнтізбелік жыл ішінде белгіленген ең төмен еңбекақының 10 еселенген мөлшерінен артық емес.

Порталда «Салық есептілігін қабылдау (250.00-нысандағы жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация)» сервисі іске асырылды. Бұл қызмет сынақ қызметі болып табылады және тек алдын ала дайындау-ақпараттық мақсаттын көздейді.

 

 

 

 

Ақсу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

 

 

Жалпыға бірдей декларациялау 2021 жылдан бастап кезең-кезеңмен

енгізілетін болады

Осыған байланысты заңнамалық базаны, ақпараттық жүйелерді дайындау, уәкілетті органдардың деректер базасын өзектендіру, өңірлерде пилотты өткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

Жалпыға бірдей декларациялау 2021 жылдан бастап кезең-кезеңмен енгізілетін болады. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қолданыстағы заңнамамен 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының азаматтары Жалпыға бірдей декларация тапсыруды енгізу көзделген.

Осыған байланысты заңнамалық базаны, ақпараттық жүйелерді дайындау, уәкілетті органдардың деректер базасын өзектендіру, өңірлерде пилотты өткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қарағанды облысының Осакаровка ауданындағы пилоттық жобаның нәтижелері проблемалық мәселелерді анықтады, оларды шешуге қосымша уақыт қажет етіледі.

- Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Жалпыға бірдей декларация тапсыруды кезең-кезеңімен енгізу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізді, - деп хабарлап отыр министрлік.

Бірінші кезеңде, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғалар және олардың жұбайлары декларация тапсыруды бастау ұсынылады.

Екінші кезеңде 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері (оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және т.б. салаларды қоса алғанда) және олардың жұбайлары.

Үшінші кезеңде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары, дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары.

Төртінші кезеңде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - халықтың қалған санаттары.

 

 

Ақсу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

 

 


Вернуться назад

Меншік және жер салығы туралы SMS-хабарламалар

19 қыркүйектен бастап мүлік салығы мен жер салығы туралы SMS - хабарламалар қазақстандық салық төлеушілерге (жеке тұлғаларға) жіберіледі

30 Қыркүйек 2019
Құрметті Ақсу ауданының кәсіпкерлері мен тұрғындары!

Бүгінгі күні Алматы облысында 120 000 мыңнан астам жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген және олардың саны үнемі артып келеді.

24 Қыркүйек 2019

Сайт картасы Кері байланыс