USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
Погода в Жансугуров °C

Аудан жаңалықтары

12 Қыркүйек 2019 09:20
Жер сілкінісі кезінде қалай аман қалу керек

Ақсу ауданы күшті жер сілкінісі болуы мүмкін республиканың сейсмикалық белсенді аймағында орналасқан. Статистика бойынша облыс аумағында жыл сайын жердің бетіндегі сезілуі жоқ 400-ге дейін жер бетінің дінпуі тіркеледі. Егер жер сілкінісіне дайындалса, ол пайда болған жағдайда не істеу керек деп алдын ала білсек, біз бұл тәуекелді айтарлықтай төмендете аламыз.

Ақсу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі барлық тұрғындар мен қонақтардан жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелерін оқып, есте сақтауды сұрайды.

Жер сілкінісіне қалай дайындалу керек?

- Үйде, жұмыста, көлікте және көшеде болған жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл жоспарын алдын ала ойлаңыз. Өз отбасы мүшелеріне жер сілкінісі кезінде не істеу керектігін, кім, электр, су, газды қайда және қалай ажыратуға болатынын түсіндіріңіз және оларды алғашқы медициналық көмек көрсету ережелеріне үйретіңіз.

- Ыңғайлы жерде құжаттарды, ақшаны, қалта фонаригін, қосалқы батареяларды, дәрі қобдишасын, жеке гигиена заттарын, транзисторлы радиоқабылдағышты, қасықтарды, пышақтарды, сіріңке мен тамақты, мүмкіндігінше пәтерден шығатын есіктін жанында рюкзакта ұстаңыз. Үйде ауыз су, тасымалданатын электр шамы, өрт сөндіргіш, алғашқы медициналық көмек қобдишасын және бірнеше күн жететіндей есеппен консервілер қоры болған жөн.

- Кереуеттерді терезелер мен сыртқы қабырғалардан алып тастаңыз. Пәтерлерде шкафтар, сөрелер мен стеллаждарды бекітіңіз, ал жоғарғы сөрелерден ауыр заттарды алып тастаңыз. Жиһазды ол бөлмеден шығатын жерлерді жауып, есіктерді жауып тастамайтындай етіп орналастыру қажет.

- Қауіпті заттарды (улы химикаттар, тез тұтанатын сұйықтықтар) олар сына алмайтын немесе шашыла алмайтын сенімді, жақсы оқшауланған жерде сақтаңыз.

- Төтенше жағдайлар кезінде өзара көмек пен бірлескен іс-қимыл туралы көршілермен келісіңіз.

- Жинау орнын және эвакуациялау тәртібін біліңіз.

Гараж, саяжайды жер сілкінісінен кейінгі алғашқы күндері уақытша баспана ретінде пайдалануға болады. Онда азық-түлік қорын және қосалқы заттарды сақтаңыз. Отбасыда жер сілкінісі жағдайына қатысты жиі әңгімелер мен жаттығулар өткізіңіз.

Жер сілкінісі кезінде қалай әрекет ету керек?

- Құжаттарды, ақшаны және бірінші кезекте қажетті заттарды алып, ғимараттан тез шығыңыз. Үйден шығарда жедел сатымен емес баспалдақпен түсіңіз. Далаға шығысымен, онда қалыңыз, бірақ ғимараттардың жанында тұрмаңыз, ашық кеңістікке өтіңіз.

- Тыныштықты сақтаңыз және басқаларды тыныштандыруға тырысыңыз! Егер сіз үй-жайда амалсыз қалған болсаңыз, онда қауіпсіз жерде тұрыңыз: ішкі қабырғада, бұрышта, ішкі қабырға ойығында немесе тіректе. Егер мүмкін болса, үстел астына тығылыңыз – ол сізді құлайтын заттар мен сынықтардан қорғайды. Терезеден және ауыр жиһаздан алыс ұстаңыз. Егер балалар сізбен бірге болса -оларды өзіңізбен жабыңыз. Егер сіз адамдар жаппай баратын жерлерде болсаңыз, өзіңізді тыныш ұстаңыз, үрей туғызбаңыз, шығуға асықпаңыз және адамдардың қозғалу жолында тығындар жасамаңыз, ауру адамдар мен мүгедектерге көмектесіңіз.

- Шамдарды, сіріңкелерді, оттықтарды пайдаланбаңыз – газ шыққан кезде өрт болуы мүмкін. Салбырап тұрған қылтималардан алыс ұстаңыз, карниздерден, парапеттерден, үзілген сымдардан қауіптеніңіз. Егер сіз автокөлікте болсаңыз, ашық жерде болыңыз, бірақ жер ділпуі тоқтағанша автомобильден шықпаңыз. Басқа адамдарды құтқару кезінде көмек көрсетуге дайын болыңыз.

Жер сілкінісінен кейін қалай әрекет ету керек?

- Абай болыңыздар! Балалардың, науқастардың, қарттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз. Оларды тыныштандырыңыз. Аса қажеттігі болмаса телефонды пайдаланбаңыз. Радиотрансляцияны қосыңыз. Жергілікті биліктің, табиғи апаттардың салдарын жою жөніндегі штабтың нұсқауларына бағыныңыз.

- Зақымдалған ғимараттарға жақындамаңыз, оларға кірмеңіз. Жер сілкінісінен кейін 2-3 сағат ішінде аса қауіпті болғандықтан, күшті қайта жер дүлпуіне дайын болыңыз. Ғимараттарға аса қажеттілігі болмаса кірмеңіз.

- Мүмкін болатын қайталанған жер дүлпулері туралы ешқандай өтірік хабарларды ойдан шығармаңыздар және таратпаңыздар. Ресми мәліметтерді пайдаланыңыз. Егер сіз үйінді астында қалсаңыз, жағдайды баппен бағалаңыз, мүмкіндігінше өзіңізге медициналық көмек көрсетіңіз. Үйіндіден тыс адамдармен (дауыспен, тоқылдату арқылы) байланыс орнатуға тырысыңыз. Есіңізде болсын, отты жағуға болмайды, ал құбырлар мен батареяларды сигнал беру үшін пайдалануға болады. Күш үнемдеңіз. Адам жарты айдан астам тағамсыз жүре алады.

2019 жылғы 18 қыркүйекте сағат 12,00-де Ақсу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі аудандық төтенше жағдайлар туындаған жағдайда хабарлау жүйесіне техникалық тексеру жүргізу мақсатында 30 секундтқа "Назар аударыңыздар" дабылымен электросиреналар қосылатын болады.

Егер дабыл кезінде үйде болсаңыз:

- радионы, радиохабарлағыш және теледидар қабылдағыштарды қосыңыз;

- шұғыл хабарламаны тындаңыз;

- берілген хабарламаға сәйкес әрекет жасаңыз.

Егер дабыл кезінде далада болсаңыз:

- жылжымалы хабарлау құралдармен және көшедегі дауыс зорайтқыштармен берілетін шұғыл хабарламаны тындаңыз;

- берілген хабарламаға сәйкес әрекет жасаңыз.

 

Алматы облысы ТЖД

Ақсу ауданының ТЖБ

 


Вернуться назад

Қазақстанда Цифрлық комиссарлар пайда болды

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде   «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысын қадағалайтын арнайы топ құрылды.

20 Қыркүйек 2019
Қазақстандықтар 3 млн.тенге мен автокөлік ұтып ала алады

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және «Wipon» мобильді қосымшасының қолдауымен 2019 жылдың 21 тамызынан 30 қарашасына дейін «Түбіртекті талап ет те – жүлдені ұтып ал!» жыл сайынғы акцияcында 3 000 000 теңге жедел жүлделерді және басты жүлде автокөлікті ойынға салады.

 

17 Қыркүйек 2019

Сайт картасы Кері байланыс