USD 376.43
EUR 407.11
RUB 5.76
Погода в Жансугуров °C

Аудан жаңалықтары

05 Қыркүйек 2019 11:22
Алматы облысы Ақсу ауданында «Ашық есіктер күні» өткізілді

2019 жылы қыркүйек айының 04 куні Ақсу ауданының ТЖБ қызметкерлері Жансүгіров ауылының № 16-шы Өрт сөндіру бөлімінің ауласында балаларға өрт қауіпсіздігі шараларын жан-жақты оқыту мақсатында, Жансүгіров ауылындағы «Ай-Жұлдыз» балабақшасының тәрбиеленушілері үшін арнайы өрт сөндіру техникасының құрал-жабдықтарымен, өрт сөндірушілердің саймандарымен таныстыру арқылы өрт сөндіру бөлімінде «Ашық есіктер күнін» өткізілді. Барлығы  15 бала қатысты. Балалар, күн сайын өз өмірін қатерге тігіп адамдар мен тұрғын үйлерді, оттан құтқаратын қатардағы өрт сөндірушілердің жұмысымен танысуға мүмкіндік алды.

Сонымен қатар, балалар арнайы өрт техникаларымен таныстырылды. Балабақша тәрбиеленушілері өрт кезіндегі өрт сөндіру құралдарының жауынгерлік өрістетілуіне және мамандардың шұғыл іс-әрекетіне көп қызығушылық танытты.

 


Ақсу ауданының ТЖБ аға инженері

    азаматтық қорғау лейтенанты

     Әділханов Ержан Ерболұлы

 

 


Вернуться назад

Сайт картасы Кері байланыс