USD 378.65
EUR 430.07
RUB 6.00
Погода в Жансугуров °C

Аудан жаңалықтары

11 Маусым 2019 17:35
Қазақстанда 70 мыңнан астам сәби проактив әдісімен тіркелді

Бұл туралы фейсбуктегі ресми парақшасында ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов мәлім етті. Оның айтуынша, елімізде 1,5 жыл бұрын іске қосылған проактив қызметі арқылы 70 мың баланың туу туралы құжаты рәсімделіп, бала тууға байланысты берілетін 13 мың жәрдемақы смс арқылы тағайындалды.

 «Барлығын жеңілдетіп, оңтайландыру, электронды форматқа көшіру  – цифрландыру принципінің негізі осы. Біз бүгінде аталған принципті орындап қана қоймай, халықтың алтын уақытын үнемдеуін де ойластырып, проактив қызметін енгіздік. Қолданысқа енген алғашқы проактив қызметі бала туумен байланысты. Мен бұл істің басы-қасында жүргенімді мақтан тұтамын. Бірнеше жылдан кейін проактив әдісі арқылы балабақша кезегіне тұрған 13 мың бүлдіршін бөбекжайға барады», – деп жазды өз парақшасында вице-министр. 

Бала тууына байланысты үш мемлекеттік қызметті бірден алуға мүмкіндік беретін проактив қызметі 2017 жылдың 29 желтоқсанында ҚР Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің және egov.kz  порталының ақпараттық базаларының интеграциялануы нәтижесінде бастау алды. Проактив қызметі аясында жаңа босанған аналарға құттықтау хабарламасы жолданып, перзентханадан шықпай-ақ, баланың туу туралы куәлігіне тапсырыс, әлеуметтік жәрдемақының тағайындалуына өтініш беріп, балабақша кезегіне тұру ұсынылады.

Осылайша Қазақстан ТМД мемлекеттерінің арасында алғашқы болып проактив әдісімен мемлекеттік қызметтер көрсететін елге айналды. Вице-министрдің жазуынша, бүгінде проактивті форматта мүгедектік бойынша әлеуметтік жәрдемақылардың тағайындалу реті оңтайландырылып жатыр.

 


Вернуться назад

Пресс-релиз

Терроризмге қарсы комиссиясының кезекті комиссия отырысы өткізілді.

 

25 Маусым 2019
Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен элеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтаманы электрондық түрде алу.

Қазіргі уақытта салық төлеушілерге салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ  (бар) екендігі туралы анықтаманы электрондық түрде web-қосымша «Салық төлеуші кабинеті», Электрондық Үкімет порталы, Электрондық мемлекеттік сатып алу ақпараттық жүйесінен алу мүмкіндік берілді. 

25 Маусым 2019
Камералдық бақылау туралы

1. Камералдық бақылау - салық төлеушi (салық агенті) табыс еткен салық есептiлiгiн, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу мен талдау негiзiнде салық органдары жүзеге асыратын бақылау.
 

25 Маусым 2019

Сайт картасы Кері байланыс