USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
Погода в Жансугуров °C

Аудан жаңалықтары

10 Маусым 2019 16:19
«Алматы облысы өңірлік даму орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен Ақсу аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бірлесе ұйымдастыруымен Жансүгіров ауылындағы Мәдениет үйінде инвестициялық форум өтті.

Оған сала мамандары мен кәсіпкерлер қатысты. Мақсат – ауданның инвестициялық әлеуетін таныстыру.
Форумда жалпы кәсіпкерлікті дамытуда Үкімет тарапынан іске асырылып жатқан жұмыстар мен қолдаулар және мемлекеттік бағдарламалар түсіндірілді. Сонымен бірге, кәсіпкерлікпен айналысудың қыр-сыры мен бизнес бастау және оған оқыту, кәсіпкерлерге көрсетілетін жеңілдіктер мен нақтылы көмектер, Ақсу жерінің инвестициялық мүмкіндіктері әңгімеленді.
Алдымен аудан әкімінің орынбасары Арман Мұратұлы өңірдің экономикалық ахуалын баяндады. Айтуынша, ауданда ауылшаруашылығы, өнеркәсіп, туризм саласын өркендету бойынша жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік мол. Табиғаты тамаша жер пайдалы қазбаларға да бай. Ақсулықтар осыны пайданалану арқылы биыл жеке инвесторлар тартып, олардың инвестициялық жоба-жоспарларын іске асыруларына қолдау көрсетуді көздеп отыр. Қазір осы мәселе бойынша жұмыстар жүргізіле бастаған.
Шара барысында Қапал және Арасан ауылдық округтерінің әкімдері Нұрбол Ерекенов пен Роза Ғалымжановаға сөз берілді. Қос әкім ауылдарының ерекше көркем табиғатын алға тартып, Тамшыбұлақ сияқты қасиетті жерлерінің көп екенін және жаңа технологияларды қолдану арқылы мал мен өсімдік шаруашылығымен айналысуға, туризмді дамытуға қолайлы аймақ екенін әңгімеледі.
Осыған байланысты «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «AGROPARK» ЖШС, «Балданай СК» ЖШС, «Феникс Фид Миллс» ЖШС, «Green Tehnology Partners» ЖШС, «Ақсу қант» ЖШС, «Дюсенбинов А» ШҚ өкілдері мен жеке кәсіпкерлер сөз сөйледі. Өздерінің жоба-жоспарларымен де таныстырып, ойларын ортаға салды.
Соңында «Алматы облысының өңірлік даму орталығы» ЖШС директорының орынбасары Ерал Шлембаев жиналғандарға Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметте көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары жөнінде мағлұмат берді. Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Есім Базарханов пайдалы жиын өткізген ұйымдастырушыларға алғысын жеткізіп, кәсіпкерлермен үшжақты меморандумға қол қойды.

 


Вернуться назад

Қазақстанда Цифрлық комиссарлар пайда болды

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде   «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысын қадағалайтын арнайы топ құрылды.

20 Қыркүйек 2019
Қазақстандықтар 3 млн.тенге мен автокөлік ұтып ала алады

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және «Wipon» мобильді қосымшасының қолдауымен 2019 жылдың 21 тамызынан 30 қарашасына дейін «Түбіртекті талап ет те – жүлдені ұтып ал!» жыл сайынғы акцияcында 3 000 000 теңге жедел жүлделерді және басты жүлде автокөлікті ойынға салады.

 

17 Қыркүйек 2019

Сайт картасы Кері байланыс