USD 380.56
EUR 430.15
RUB 6.02
Погода в Жансугуров °C

Мәслихат сессиясының төрағасы

   Сыздықова Сайран Биғалиқызы

1956 жылы 12 шілдеде Қарағанды қаласында дүниеге келген, ұлты қазақ.

1981 жылы «Материалды техникалық қамтамасыз етудің экономикасы және жоспарлауы» мамандығы бойынша ҚарМУ-ін оқып бітірді. 1991 жылы «құқықтану» мамандығы бойынша ҚарМУ-ін тәмамдады.

1981-1994 жылдар аралығынла «Қарағандакөмірқұрылыс» трестінің өндірістік техникалық құрамдау басқаармасында заң кеңесшісі қызметінде жұмыс атқарды. 1994 жылдан бастап 1995 жылға дейін «Қарқара-Орталық» МДТ-ның заң бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді. 1995 - 1998 жылдар аралығында «Кен дала» ОКТБ-ның заң бөлімінің бастығы болып істеді. 2000 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың фонды» ҚФ атқарушы директоры болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің құрмет грамотасымен, Қарағанды облысы әкімінің құрмет грамотасымен, мерейтойлық медальдармен марапатталған.


 

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабына сәйкес

1. Мәслихат сессиясының төрағасын мәслихат өз депутаттарының арасынан сайлайды.

2. Мәслихат сессиясының төрағасы ашық дауыс беру арқылы мәслихат депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен сайланады. Мәслихат сессиясының төрағасын сайлау тәртiбi мәслихат регламентiнде белгiленедi.

3. Мәслихаттың кезектi сессиясының төрағасы мәслихаттың алдыңғы сессиясында сайланады. Сессияның төрағасы болмаған жағдайда оның өкiлеттiгiн мәслихат хатшысы жүзеге асырады.
Мәслихат депутаты мәслихат сессиясының төрағасы болып күнтiзбелiк жыл iшiнде екi реттен артық сайлана алмайды.

4. Мәслихат сессиясының төрағасы:

1) мәслихат сессиясын шақыру туралы шешiм қабылдайды;
2) мәслихат сессиясын әзiрлеуге басшылық жасауды жүзеге асырады, сессияның күн тәртiбiн қалыптастырады;
3) мәслихат сессиясының отырысын жүргiзедi, мәслихат регламентiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;
4) мәслихаттың сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген мәслихаттың шешiмiне, хаттамаларға, өзге де құжаттарға қол қояды.

5. Мәслихат сессиясының төрағасы өз қызметiн басқа жұмыстан босатылмаған негiзде жүзеге асырады.

6. Мәслихат сессиясында дауыс беру кезiнде депутаттардың дауысы тең бөлiнген жағдайда, мәслихат сессиясының төрағасы шешушi дауыс құқығын пайдаланады.

Қазақстанда зейнетке шығу: зейнеткерлік жас және зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер

Белгілі бір жастағы еліміздің барлық азаматтарын мемлекеттің зейнетақымен қамтамасыз етуі туралы сұрақтар қызықтырады: зейнетақы дегеніміз не, зейнеткерлік жас?

20 Маусым 2019
«Жетісу» телеарнасына 20 жыл

Бүгін Талдықорғанда журналистердің кәсіби мерекесінің құрметіне және Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының 20 жылдық мерейтойына орай салтанатты шара өтті.

18 Маусым 2019
Қазақстанда 70 мыңнан астам сәби проактив әдісімен тіркелді

Бұл туралы фейсбуктегі ресми парақшасында ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов мәлім етті. 

17 Маусым 2019
Сайт картасы Кері байланыс