USD 386.05
EUR 428.25
RUB 5.84
Погода в Жансугуров °C

Тұрақты комиссиялар

Мәслихаттың тұрақты комиссияларын ұйымдастыру және олардың қызметi

1. Мәслихат өз өкiлеттiгi мерзiмiне тұрақты комиссиялар құрады. Олардың саны жетеуден аспауға тиiс. Қажет болған жағдайда, мәслихат тұрақты комиссияларды жаңадан құрып, таратып және қайта ұйымдастыра алады.

2. Тұрақты комиссиялардың тiзбесi мен сан құрамын мәслихат белгiлейдi. Тұрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелерiн өз депутаттары арасынан тиiстi мәслихат сайлайды.

3. Тұрақты комиссиялар өздерiн сайлаған мәслихат алдында жауапты және жылына кемiнде бiр рет өз қызметi туралы есеп бередi.

Мәслихаттың тұрақты комиссияларындағы көпшiлiктiк тыңдаулар

1. Тұрақты комиссиялар өз бастамасы бойынша немесе мәслихат шешiмi бойынша көпшiлiктiк тыңдаулар өткiзе алады.

2. Көпшiлiктiк тыңдаулар депутаттардың, атқарушы органдар, өзiн-өзi басқару органдары, ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң, азаматтардың қатысуымен осы комиссиялардың кеңейтiлген отырыстары түрiнде тұрақты комиссияның қарауына жататын мейлiнше маңызды және қоғамдық мәнi бар мәселелердi талқылау мақсатында өткiзiледi.

3. Тұрақты комитеттерде көпшiлiктiк тыңдаулар өткiзу тәртiбi мәслихат регламентiнде белгiленедi.

Мәслихат тұрақты комиссияларының қызметi мен өкiлеттiгi

1. Тұрақты комиссиялар: 

1. аталған мәслихат сессиясының күн тәртiбi бойынша, сондай-ақ мәслихат сессиясында қаралатын кез келген мәселе бойынша мәслихатқа, мәслихат сессиясының төрағасына, мәслихат хатшысына ұсыныс енгiзуге;

2. өздерiнiң құзырына жататын әрi мәслихат сессиясының қарауына енгiзiлген мәселелер бойынша қорытындылар беруге;

3. өздерiнiң құзырына жататын мәселелер бойынша мәслихат сессияларында баяндамалар мен қосымша баяндамалар ұсынуға;

4. өз құзыретi шегiнде сессияда жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының есептерiн тыңдау туралы мәслихатқа ұсыныс енгiзуге;

5. комиссияның жұмысына мәслихаттың басқа да депутаттарын, сондай-ақ мемлекеттiк органдар, ұйымдар, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары өкiлдерiн және азаматтарды тартуға құқылы.

2. Әкiмдiк, орталық мемлекеттiк органдардың жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық бөлiмшелерiнiң, атқарушы органдардың лауазымды адамдары, ұйымдар белгiленген тәртiпте тұрақты комиссияларға олардың құзыретiндегi мәселелер бойынша қажеттi ақпарат беруге мiндеттi.

3. Мәслихаттың тұрақты комиссиялары өз құзыретiндегi мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды.

Мәслихаттың тұрақты комиссиялары жұмысының және қаулылар қабылдауының тәртiбi

1. Тұрақты комиссиялардың отырысы қажеттiлiгiне қарай шақырылады және егер отырысқа олардың құрамына кiретiн депутаттар санының жартысынан астамы қатысса, заңды болып есептеледi.

2. Тұрақты комиссиялардың қаулысы комиссия мүшелерi жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады.
Комиссияның отырысында дауыс беру кезiнде депутаттардың дауысы тең бөлiнген жағдайда, тұрақты комитеттiң төрағасы шешушi дауыс құқығын пайдаланады.

3. Тұрақты комиссияның қаулысы мен отырыстың хаттамасына оның төрағасы қол қояды, ал бiрнеше тұрақты комиссияның бiрлескен отырысы өткiзiлген жағдайда, тиiстi комиссиялардың төрағалары қол қояды.


VI ШАҚЫРЫЛҒАН ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАР ҚҰРАМДАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

 

Экономика, даму бағдарламасы және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

 

1. Бадина Юлия Викторовна - комиссия торағасы

2. Бұранқұлова Сәния Нұртасқызы - комиссия төрағасының орынбасары

3. Бөкетов Дулат Есламбекұлы  

4. Зорин Борис Викторович

5. Қалықов Абай Кобландыұлы

6. Нұрқазов Ойрат Серікұлы

7. Шнель Владимир Александрович

 

 

Еңбек және әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

 

1. Мұхтаров Жанділ Ахуанұлы - комиссия торағасы

2. Кравченко Татьяна Ивановна - комиссия төрағасының орынбасары

3. Ан Сергей Валентинович

4. Бидайбаев Арғын Ноянұлы

5. Водько Сергей Николаевич

 

 

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

 

1. Әшімов Төлеген Мұқатайұлы - комиссия торағасы

2. Әбдіров Қадырбек Сағашұлы - комиссия төрағасының орынбасары

3. Кенжин Болат Мәулетұлы

4. Балкишев Серік Тұрғанбекұлы

5. Исаев Данияр Бауыржанұлы

6. Алимбаева Адия Базиловна

7. Рахымбергенов Нұрлан Балтабайұлы

 

 

Кәсіпкерлік әрекетті және инвестициялық климатты дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

 

1. Сыздықова Сайран Биғалиқызы - комиссия торағасы

2. Жұмабеков Айбек Темірбайұлы - комиссия төрағасының орынбасары

3. Досжанов Бейбіт Сабырұлы

4. Бөкенов Алтынтөре Жангілдыұлы  

5. Мальчушкина Наталья Юрьевна

 

 

Заңдылық және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

 

1. Ивченко Геннадий Иванович - комиссия торағасы

2. Ысқақов Мейрам Төлеутайұлы - комиссия төрағасының орынбасары

3. Ысхақов Бахтияр Серікбайұлы

4. Мазитов Вячеслав Нилович

5. Оспанов Самат Қабдығалиұлы

 

Жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық

Ақсу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер Басқармасы жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық жүргізуге байланысты келесіні хабарлайды. 

21 Тамыз 2019
Азаматтарға арналған үкімет «Мектепке жол» акциясын өткізді

Жаңа оқу жылы қарасаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларды қолдау мақсатында республикалық «Мектепке жол» акциясын өткізді.

 

15 Тамыз 2019
Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасы аумағына тауарларды импорттау кезінде, тауарлардың жалпы құнының 12% мөлшерінде қосылған құн салығы  105115 төлем кодына (ЕАЭО аумағынан импортталған тауарларға қосылған құн салығы) төленеді.

08 Тамыз 2019
Сайт картасы Кері байланыс