USD 378.65
EUR 430.07
RUB 6.00
Погода в Жансугуров °C

Мәслихаттың тұрақты комиссияларын ұйымдастыру және олардың қызметi

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабына сәйкес

1. Мәслихат өз өкiлеттiгi мерзiмiне тұрақты комиссиялар құрады. Олардың саны жетеуден аспауға тиiс. Қажет болған жағдайда, мәслихат тұрақты комиссияларды жаңадан құрып, таратып және қайта ұйымдастыра алады.

2. Тұрақты комиссиялардың тiзбесi мен сан құрамын мәслихат белгiлейдi. Тұрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелерiн өз депутаттары арасынан тиiстi мәслихат сайлайды.

3. Тұрақты комиссиялар өздерiн сайлаған мәслихат алдында жауапты және жылына кемiнде бiр рет өз қызметi туралы есеп бередi.

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14 бабына сәйкес

1. Тұрақты комиссиялар өз бастамасы бойынша немесе мәслихат шешiмi бойынша көпшiлiктiк тыңдаулар өткiзе алады.

2. Көпшiлiктiк тыңдаулар депутаттардың, атқарушы органдар, өзiн-өзi басқару органдары, ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң, азаматтардың қатысуымен осы комиссиялардың кеңейтiлген отырыстары түрiнде тұрақты комиссияның қарауына жататын мейлiнше маңызды және қоғамдық мәнi бар мәселелердi талқылау мақсатында өткiзiледi.

3. Тұрақты комитеттерде көпшiлiктiк тыңдаулар өткiзу тәртiбi мәслихат регламентiнде белгiленедi.

Пресс-релиз

Терроризмге қарсы комиссиясының кезекті комиссия отырысы өткізілді.

 

25 Маусым 2019
Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен элеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтаманы электрондық түрде алу.

Қазіргі уақытта салық төлеушілерге салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ  (бар) екендігі туралы анықтаманы электрондық түрде web-қосымша «Салық төлеуші кабинеті», Электрондық Үкімет порталы, Электрондық мемлекеттік сатып алу ақпараттық жүйесінен алу мүмкіндік берілді. 

25 Маусым 2019
Камералдық бақылау туралы

1. Камералдық бақылау - салық төлеушi (салық агенті) табыс еткен салық есептiлiгiн, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу мен талдау негiзiнде салық органдары жүзеге асыратын бақылау.
 

25 Маусым 2019
Сайт картасы Кері байланыс