USD 339.95
EUR 392.64
RUB 5.30
Погода в Жансугуров °C

Легализация

Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы

«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 тамыздағы «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» №959 қаулысына сәйкес Ақсу ауданы әкімдігінің 2014 жылы 02 қыркүйекте «Ақсу ауданы әкімдігі жанындағы мүлікті жария ету бойынша комиссияны құру туралы» №509 қаулысы қабылданды.
Бүгінгі күнге Ақсу ауданы бойынша барлығы 5 (бес) өтініш комиссия қарауына түсті. Оның ішінде: 1 өтініш қанағаттандырылып комиссия жария етуге шешім қабылдады. 4 өтініш комиссия шешімі негізінде және жоғарыдағы Заңның 2, 3 және 7, 10, 11 баптарына сәйкес қанағатитандырусыз қалдырылды.
1. Жария етуге мынадай мүлік:
1) ақша;
2) бағалы қағаздар;
3) заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі (бұдан әрі – қатысу үлесі);
4) оған құқық немесе ол бойынша мәмілелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын, басқа адамға ресімделген жылжымайтын мүлік (ғарыш объектілерінен және магистральдық құбырлардың желілік бөлігінен басқа);
5) құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан, жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар);
6) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік жария етуге жатады.
2. Мынадай мүліктер:
1) жеке адамға, отбасына және кәмелетке толмағандарға, адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына, бейбiтшiлiкке және адамзат қауiпсiздiгiне, мемлекеттің конституциялық құрылысының негiздерi мен қауiпсiздiгiне, меншiкке, ақпараттық технологиялар қауіпсіздігіне, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне, қоғамдық қауiпсiздiк пен қоғамдық тәртiпке, халықтың денсаулығына және имандылыққа, басқару тәртібіне, сот төрелігіне және жазаларды орындау тәртібіне қарсы қылмыстарды жасау;
2) экологиялық, көліктік, әскери қылмыстарды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару мүдделерiне қарсы өзге де қылмыстарды, экономикалық қызмет (осы Заңның 13-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда), оның ішінде экономикалық контрабанда саласындағы қылмыстарды жасау;
3) жалған ақша мен бағалы қағаздар жасау және өткiзу, жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу;
4) инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалану және бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау нәтижесiнде алынған мүлік жария етуге жатпайды.
3. Сонымен қатар:
1) сот тәртiбiмен оған құқықтар дауланып жатқан;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында оған құқықтар беруге жол берiлмейтiн мүлік;
3) кредиттер ретiнде алынған ақша;
4) мемлекет пайдасына берілуге жататын мүлік;
5) «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру шеңберінде құрылысы бюджет қаражаты есебінен аяқталған жылжымайтын мүлік объектілеріндегі тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар жария етуге жатпайды.
4. Осы Заңның мақсаты үшін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлік болып айқындалатын мүлікке ұқсас мүлік Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік болып танылады.

1 шілдеден бастап базалық зейнетақы өседі

2018 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне қарай базалық төлемдер  қайта есептелетін болады. Базалық зейнетақы азаматтар жалпы белгіленген зейнеткерлік жасқа толған уақыттан бастап қана тағайындалады. Бұл өзгерістер зейнеткерлікке жаңадан және бұрын шыққантұлғаларды қамтып, 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы қайта есептеледі.

 

19 Маусым 2018
Алға басу – Движение вперед».

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «Милосердие» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, 16 маусым күні сағат 10:00-де мемлекеттік қызметкерлер арасында «Алға басу – Движение вперед» атты жүгіруден қайырымдылық шарасы өтеді.

Аталмыш шара еліміздің әр өңірінде бір уақытта басталады. Қатысушылардан жиналған қаражат мұқтаж жандарға қайырымдылық көрсетуге жұмсалады.

 

11 Маусым 2018
Мемлекеттік кірістер комитеті тағы да автомобиль ұтысын өткізеді!

Құрметті Ақсу ауданының тұрғындары, Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2018 жылдың 21 мамырынан бастап «Түбіртекті талап ет-жүлдені ұтып ал!» жалпыреспубликалық акцияның басталу  туралы хабарлайды.

Акцияның негізгі мақсаты:

- азаматтардың белсенділігін және халықтың салықтық сауаттылық деңгейін артуы;

  • халықтың ақшалай есеп айрысулар барысында бақылау-кассалық аппаратының қолданудың әлеуметтік-экономикалық маңызы жөнінде қоғамдық пікір қалыптастыру;
  • азаматтарды қызмет, тауар, жұмыс тұтынушы ретінде өз құқын қорғай білу мәдениетіне тәрбиелеу.

Акция электрондық форматта «Wipon» мобилді қосымшасы арқылы өткізілуде.

 

07 Маусым 2018
Сайт картасы Кері байланыс