USD 378.65
EUR 430.07
RUB 6.00
Погода в Жансугуров °C

Аппарат тарихы

«Ақсу ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі ресми негізде 1994 жылы құрылды. Аудан әкімі аппаратында штат бойынша 13 қызметші, 3 бөлімше бар.
Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру, мемлекеттік-құқықтық бөлімшесі және персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімшесі аудан әкімінің өкілетті және орындаушы органдармен байланысын қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасы Президенті, Үкімет актілерінің, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, аудан әкімі, аппарат басшысы тапсырмаларының орындалуына бақылауды жүзеге асырады. Бөлім жұмысының құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы және Заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілері, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдері, аудан әкімінің аппараты туралы Ереже құрайды. Бөлім өзінің практикалық жұмысында басқа аудандық құрылымдық бөлімдермен, аудандық Мәслихатпен, басқа да мемлекеттік органдармен іскерлік байланыста болуда.
Жалпы бөлім аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қызметін қамтамасыз етеді. Өз қызметінде аудан әкімінің аппараты туралы Ережені, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, аудан әкімінің қолданып жүрген заңдар жиынтығы мен актілерін басшылыққа алады, әкім аппараты, ауылдық округтері әкімдерімен және басқа да мемлекеттік басқару құрылымдарымен өзара іс-қимыл жасайды.


Аудан әкімі аппаратында бүгінгі таңда аудан әкімінің орынбасарлары Қабаев Арман Маратұлы, Сабырбаев Амандос Ақышұлы, Базарханов Есім Сейілханұлы, аппарат басшысы Құсмолдин Серік Әділбекұлы, ұйымдастыру мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімшесінің басшысы Серпербаев Нұрлан Серікбекұлы, бөлімшенің бас инспекторы Жұмабеков Сакен Сейпылғазыұлы, бас маман- заңгер Қожабергенов Дархан Дәулетұлы, персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімшесінің басшысы Мендиханов Аслан Алтайұлы, жалпы бөлімшесінің басшысы Өтеген Талғат Өтегенұлы, бас маман Үкібаев Дәурен Жанайұлы, бас маман-есепші Оразғалиева Сая Әдбиқызы, жетекші маман-есепшісі Абенова Құралай қызмет атқаруда.
Аппарат қызметкерлері мемлекеттік қызметтегі ұзақ жылдар бойы жинақтаған өз тәжірибелерін, біліктіліктерін, іскерліктерін аудан экономикасын одан әрі дамытуға, Елбасының алға қойып отырған негізгі міндеттерді, әлеуметтік-экономикалық стратегиялық бағдарламаларды жүзеге асырып, орындауға жұмылдыруда.
Осы мемлекеттік мекемені 2013 жылдың маусымның 27-нен аудан әкімі Далбағаев Әділбек Егеубекұлы басқарып, басшылық етуде.

Дата редактирования: 15 Қараша 2017 12:50
Пресс-релиз

Терроризмге қарсы комиссиясының кезекті комиссия отырысы өткізілді.

 

25 Маусым 2019
Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен элеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтаманы электрондық түрде алу.

Қазіргі уақытта салық төлеушілерге салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ  (бар) екендігі туралы анықтаманы электрондық түрде web-қосымша «Салық төлеуші кабинеті», Электрондық Үкімет порталы, Электрондық мемлекеттік сатып алу ақпараттық жүйесінен алу мүмкіндік берілді. 

25 Маусым 2019
Камералдық бақылау туралы

1. Камералдық бақылау - салық төлеушi (салық агенті) табыс еткен салық есептiлiгiн, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу мен талдау негiзiнде салық органдары жүзеге асыратын бақылау.
 

25 Маусым 2019
Сайт картасы Кері байланыс