USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
Погода в Жансугуров °C

Жилстройсбербанк

31 Мамыр 2019 11:00
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі бір ай ішінде 3 800 әскери қызметкердің тұрғын үй мәселесін шешті

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) ағымдағы жылы әскери қызметкерлерге арналған тұрғын үй бағдарламасын сәтті түрде жүзеге асырды.
Естеріңізге сала кетсек, жаңа шарттар бойынша 16 млн теңге құрайтын алғашқы заем Талдықорғандық әскери қызметшіге мақұлданды. Енді ол отбасымен және үш баласымен жаңа үйдегі кең 4 бөлмелі пәтерге көшті.
Жаңартылған шарттар бойынша, бұл бағдарлама 2 мамырда басталып, 27 мамырда мерзімінен бұрын аяқталды. 19 жұмыс күні ішінде 10,7 млрд теңге сомасына 680 заем берілді. Сондай-ақ, 46,7 млрд теңге сомасына тағы 3 143 несиелік өтінім қабылданды. Соның ішінде, Алматы облыстық филиалы 450 млн. теңге сомасына 47 заем, ал 1,8 млрд теңге сомасын құрайтын  174 несиелік өтінім қабылдады. Аталған өтінімдер қарастырылғаннан кейін, олар бойынша несие беріле бастайды.
Осылайша, әскери қызметкерлерді несиелендіруге бөлінген қаражаттың жылдық лимиті толықтай игерілді. «Әскери өнім» тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асырудың үшінші кезеңі 2020 жылдың қаңтар айында басталады.
Естеріңізге сала кетсек, аталған бағдарлама шеңберінде заемды 15 пайыз бастапқы жарнамен және жылдық 8 пайыз мөлшерлемемен алуға болады.
Заемды алу үшін, әскери қызметкерлердің 2018 жылдағы секілді конкурсқа қатысып, оның нәтижесін күтулері қажет емес. Олар тек өздігінен керек пәтерді тауып, банкке хабарласуына болады. Сондай-ақ, тұрғын үйді таңдауға еш шектеу қойылмайды. Дайын пәтерді жаңа салынған үйден не қайталама нарықтан таңдап алуға, сондай-ақ, үлестік құрылысқа қатысуға немесе жеке тұрғын үйді жер телімімен қоса сатып алуға болады.
- «Әскери өнім» – банктің жеке бастамасы. Бұл бағдарламаны әскери қызметкерлердің өте тиімді шарттар бойынша өз баспанасына қол жеткізуіне көмек көрсету мақсатында дайындап, іске қостық. Арнайы осы үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі өткен жылы 98 млрд теңге қаражат бөлді. Олардың 48 млрд теңгесі – банктің өз қаражаты, ал 50 млрд теңгесі – қарызға алынған ақша. Осылайша, 2018 жылдың қорытындысы бойынша біз 2 556 әскери қызметкерге 38,5 млрд теңге сомасына заем беріп, олардың өз баспаналарына қол жеткізуіне қол ұшын бердік. Биыл әскери қызметкерлерді несиелендіру үшін 60 млрд теңге қалды. Бұл сома шамамен тағы 4 000 әскеридің тұрғын үй жағдайын жақсартуға жетеді. Шамамен 70 000 әскери қызметкердің баспанаға мұқтаж екендігін ескере отырып, екі жылға толмайтын уақыт ішінде банк олардың 10%-на тұрғын үй мәселесін шешуге көмектесті, - деп атап өтті Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің мәліметі бойынша, «Әскери өнім» тұрғын үй шарттарын жақсартуға бағытталған банктің көптеген құралдарының бірі ғана.  Әскерилер, сондай-ақ, өз пәтерлерін «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша сатып алуларына болады. Бұл бағдарламаға қатысу үшін банктегі шотта 20 пайыз көлемінде бастапқы жарнаның болуы тиіс. Сол жағдайда несиені жылдық 5 пайыз мөлшерлемемен алуға болады. Тұрғын үйлер мен олар бойынша өтініш қабылдау мерзімі жайлы ақпарат baspana.kz жарияланған.
Аталған кезеңде әскери қызметкерлердің үштен бірі алдағы уақытта тұрғын үй заемын алу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шотында өз тұрғын үй төлемдерін жинақтауды қолға алған. Бұл заем түрі жылдық 3,5-тен 5 пайызға дейінгі мөлшерлемемен беріледі. Оны алу үшін, депозитте үй бағасының 50 пайызын жинау қажет.


Қосымша ақпарат алу үшін келесі мекен-жайларға хабарласуға болады:
• Филиал: Алматы облысы Талдықорған қаласы Төлебаев көшесі 86;
• №1 қызмет көрсету орталығы: Қаскелең қаласы, Байғазиев көшесі, 35/58
• №2 қызмет көрсету орталығы: Іле ауданы Өтеген батыр ауылы Титов көшесі, 13А
Жұмыс кестесі: сағат 9.00 - ден 18.00-ге дейін
Сенбі күні: сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін.
Жексенбі: демалыс.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің кеңесшілеріне хабарласу үшін келесі сілтеме бойынша өтесіз hcsbk.kz - сіздің кеңесшіңіз


 


Вернуться назад

Дата cоздания: 05 Наурыз 2019 11:40
Дата редактирования: 07 Наурыз 2019 14:31
Сайт картасы Кері байланыс