USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
Погода в Жансугуров °C

Жилстройсбербанк

16 Сәуір 2019 09:39
Сәлем, достар! Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің дайын тұрғын үй сатып алуға берілетін несиеден бөлек, сіздерге жер учаскесін сатып алуға заем беретінін білесіз бе?

Ең бастысы, өз үйіңізді салу үшін сатып алғыңыз келетін жер учаскесі жеке тұрғын үй құрылысын жүргізуге арналуы тиіс. Сонда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі сол жерді сатып
алу үшін сізге еліміздегі ең төменгі мөлшерлемемен заем береді!
Біз сізге жер учаскесін сатып алу үшін берілетін ипотеканың ең тиімді екі түрін ұсынамыз.
1. Аралық заем – күтуге мүмкіндігі жоқ клиенттер үшін.
Егер тұрғын үй бағасының 50%-ы қолыңызда болса, сіз заемды бірден ала аласыз. Ол үшін
келесі шарттарды орындау қажет:
СІЗДЕН: 50% көлеміндегі алғашқы жарна
БІЗДЕН: займның ең жоғарғы сомасы – 90 000 000 теңге
Мөлшерлеме – жылдық 7,5%-дан бастап 8,5%-ға дейін

Тұрғын үй заемы - уақыты барларға арналған
Егер сіз алдымен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде ақшаңызды жинақтауға дайын
болсаңыз, Қазақстандағы ең төменгі мөлшерлемемен заем ала аласыз. Бұл жағдайда
келесі шарттарды орындау керек:
СІЗДЕН: Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде кемінде 3 жыл жинақ мерзімі бар депозиттің болуы;
Шотты ай сайын толтырып отыру қажет.
Жинақ сомасы – кемінде 50%;
БІЗДЕН: ең жоғарғы займ сомасы 100 000 000 теңгеге дейін
Мөлшерлеме – жылдық 3,5%-дан 5%-ға дейін.
Көктем келісімен, жер де оянады. Ал біз осы жазбаны оқыған адамның жер учаскесін
сатып алып, оған көптен армандаған өз үйін тұрғызуға деген ниетінің оянатынына
сенеміз.
 


 


Вернуться назад

Дата cоздания: 05 Наурыз 2019 11:40
Дата редактирования: 07 Наурыз 2019 14:31
Хабарландыру!
15 Қараша 2019
Жемқорлықты жою жолындамыз.

Жемқорлықтың қандай түрі болмасын, қоғам үшін қауіпті

18 Қазан 2019

Сайт картасы Кері байланыс