USD 360.71
EUR 411.53
RUB 5.38
Погода в Жансугуров °C

Дата cоздания: 14 Мамыр 2018 16:06
Дата редактирования: 14 Мамыр 2018 16:06
Ауыл әкімдері халықпен жаңа кесте бойынша жұмыс істейтін болады.

Ауыл әкімдері халықпен жаңа кесте бойынша жұмыс істейтін болады. Бұған дейін аптасына бір рет, кез – келген уақыттарда  азаматтарды қабылдап келген ауыл әкімдері ендігі жерде халықпен күн сайын кездеседі. Аудан активінің отырысында аймақ басшысы Далбағаев Әділбек Егеубекұлы осындай тапсырма берді.

- Бұрын азаматтарды аптасының кез – келген күні  белгіленген кесте бойынша қабылдап келген болсаңыздар, ендігі жерде сейсенбіден жұмаға дейін күн сайын таңертеңгі сағат 9:00-10:00 аралығында  жергілікті тұрғындармен кездесу ұйымдастыратын боласыздар. Яғни, тұрғындар өздерін толғандырған өзекті мәселелер бойынша ауыл әкімінен тікелей жауап ала алады. Қарапайым халықпен көбірек жұмыс жасаңыздар. Егер тұрғындардың сенімін ақтасаңыздар, дұрыс жұмыс жасағандарыңыз. Халықтың сенімін ақтау - жұмыстың басты көрсеткіші, - деп атап өтті Әділбек Далбағаев.

 

13 Тамыз 2018
Ашық есік күні

Ақсу аудандық орталық ауруханасының емханасында "ТО Қос Қанат" және СӨС мамандарының ұйымдастыруымен "Ашық есік күні" болып өтті. Сол күні емханаға келген науқастарға кардиолог, терапевтр және СӨС дәрігерлері әңгіме -сұхбат жұргізіп, кеңестер айтылды.

09 Тамыз 2018
Сыбайлас жемқорлықпен күрес

Ақсу ауданының экономика және бюджетттік жоспарлау бөлімінде 2018 жылдың 2 тамыз күні «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ парызымыз» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелді бөлім басшысы Жандосова Гүлнара Жандосқызы бөлімдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып отырған шараларды баяндап, алдағы мақсаттарымызды айқындады.

 

08 Тамыз 2018
Сайт картасы Кері байланыс