USD 397.56
EUR 445.94
RUB 5.82
Погода в Жансугуров °C

Орталықтың негізгі қызметтері

Орталықтың негізгі қызметтері:

1. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасына» сәйкес өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыз және табысы аз халықты кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;

2. Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті орташа немесе жоғары ауылдық елді мекендерде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру арқылы халықты жұмыспен қамту;

3. Бағдарламаның бағыттары бойынша қатысуға үміткерлерге ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, консультациялық қызмет көрсету, құжаттарын даярлауға көмек көрсету және қабылдау, тіркеу;

4. Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларын санаттары бойынша, мәртебесіне және әлеуметтік қолдауға мұқтаждығына қарай іріктеу және бөлу;

5. Бағдарламаның жекелеген қатысушыларын еңбекақыны субсидиялау шартымен әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу;

6. Кәсіптік білімі бар немесе жоғары оқу орнын аяқтаған Бағдарлама қатысушыларын жастар практикасына және бос жұмыс орындарына жолдау;

7. Бағдарламаға қатысушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген әлеуметтік көмек түрлерін, сондай-ақ басқа да аудандық деңгейде көзделген мемлекеттік қолдау түрлерін алуына жәрдемдесу;

8. Азаматтардың, жұмыс берушілер мен білім беру ұйымдарының шағымдары мен өтініштерін қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен қарау;

9. Ақсу ауданының халқын жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру жөніндегі іс – шаралар жоспарын іске асыру;

10. Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізу;

11. 2018 жылдан бастап қолданысқа енетін Жаңа нысандағы Атаулы әлеуметтік көмектің шартты және шартсыз ақшалай көмекті алу шарттары туралы кеңес береді;

12. Консультант және 3 ассистент жаңа нысандағы әлеуметтік көмек шарттары бойынша 17 ауылдық округ, 49 елді мекенде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, бос жұмыс орындарын анықтайды;

13. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына қатысу шарттары туралы, әлеуметтік келісімшарт жасасу қажеттілігі, әлеуметтік келісімшарт тараптарының міндеттері және әлеуметтік келісімшартты бұзу шарттары туралы ақпарат беру;

14. Жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау;

15. Жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізімі және мәліметтер туралы ақпарат беру;

16. Жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін азайту және (немесе) оны тоқтата тұру шарттары жайлы консультация беру;

 

Дата редактирования: 23 Мамыр 2018 16:12
Дайын құжаттарды беру терезесі Алматы облысының әр қаласында тек бір ХҚО-да жұмыс істейді

Дайын құжаттарды беру терезесі Алматы облысының әр қаласында  тек бір ХҚО-да жұмыс істейді

31 Наурыз 2020
Хабарландыру!

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!

19 Наурыз 2020
Сайт картасы Кері байланыс