USD 380.56
EUR 430.15
RUB 6.02
Погода в Жансугуров °C

"Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы

«Ақсу ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ

"Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы

 

Бағдарлама атауы: "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме: Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 9 қыркүйектегі кеңейтілген отырысының № 01-7.8 хаттамасы

Бағдарламаның мақсаты: Халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту

Бағдарламаның міндеттері:

1. Еңбек нарығының қажеттілігін есепке ала отырып техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау.

2. Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқу.

3. Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту.

4. Ауылда және қалада микрокредит беруді кеңейту.

5. Жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

6. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.

7. Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру 

Бағдарламаның іске асырылу мерзімі: 2017 – 2021 жылдар

 

Нысаналы индикаторлары:

1) бағдарламада қойылған міндеттерді орындау жолымен 2021 жылға қарай  мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізіледі:

2) жұмыссыздық деңгейі 4,8 %-дан аспайтын болады (2016 жылғы 3-тоқсан – 4,9 %); жұмыс күшінің құрамындағы негізгі, орта, жалпы және бастауыш білімі бар еңбек ресурстарының үлесі 20 % (2016 жылғы 3-тоқсан – 27 %);

3) өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық құрамындағы нәтижесіз жұмыспен қамтылған адамдардың үлесі – 10 %-дан аспайды (2016 жылғы 3-тоқсан – 16 %);

4) белсенді жұмыс істейтін ШОБ субъектілерінің өсуі 10 %-ды құрайды (2016 жылғы 3-тоқсан – 1 241 мың субъекті).

Бағдарламаның негізгі бағыттары:

Бірінші бағыт: Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету

Бағдарламаның бірінші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:

1) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау;

2) еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту.

Екінші бағыт: жаппай кәсіпкерлікті дамыту

Бағдарламаның екінші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:

1) "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;

2) кәсіпкерлік бастамаларды қолдау;

3) қалалар мен ауылдарда кредиттерге/микрокредиттерге кепілдік беру;

4) жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру.

 

Үшінші бағыт: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту

Бағдарламаның үшінші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:

1) жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

2) әлеуметтік жұмыс орындарын құру

3) жастар практикасын ұйымдастыру

4) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру

5) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру;

6) жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру.

 

 

 

 

 

 

Дата редактирования: 23 Мамыр 2018 16:08
Қазақстанда зейнетке шығу: зейнеткерлік жас және зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер

Белгілі бір жастағы еліміздің барлық азаматтарын мемлекеттің зейнетақымен қамтамасыз етуі туралы сұрақтар қызықтырады: зейнетақы дегеніміз не, зейнеткерлік жас?

20 Маусым 2019
«Жетісу» телеарнасына 20 жыл

Бүгін Талдықорғанда журналистердің кәсіби мерекесінің құрметіне және Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының 20 жылдық мерейтойына орай салтанатты шара өтті.

18 Маусым 2019
Қазақстанда 70 мыңнан астам сәби проактив әдісімен тіркелді

Бұл туралы фейсбуктегі ресми парақшасында ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов мәлім етті. 

17 Маусым 2019
Сайт картасы Кері байланыс