USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
Погода в Жансугуров °C

Бөлімнің негізгі міндеттері

Бөлім өз құзыретіне сай төмендегі атқарушы және бақылаушы функцияларды жүзеге асырады:
- Ақсу ауданнының сәулет және қала құрылысы бөлімінің саясаты мемлекеттік Бағдарламаға сай аудан аумағында, елді мекендерде, өндіріс, құрылыс индустрия салаларында іске асыра отырып, әлеуметтік-экономикалық дамытуды жүзеге асыру;
- Елді мекендерде болашақта жобаға сай салынатын және орналасатын ғимараттардың сәулетті тұрғыдағы көрнектілігін одан әрі дамыту;
- Тарихи ғимараттарды, сәулет кешендерін келесі ұрпаққа сақтап қалу мақсатында тиісті шаралар қолдану ;
- Аудан көлемінде әр ауылдың бас жобасын, қонысты дамыту мен оған құрылыс салу схемаларын және инфрақұрылымын, жүргізілетін құрылыс жұмыстарын поселкелік ауылдық округ әкімдерімен бірлесе отырып, елді мекендерде салынатын құрылыстардың қалыпты ережеге, бас жобаға сай, сондай-ақ құрылысқа бөлінген жерлердің тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру;
- Аудан көлемінде мемлекеттік және басқа да меншік түріндегі құрылысын нысандарының сапалы жүргізуді ұйымдастыру;
- Қазақстан Республикасының кепілдемесімен қалақұрылысы жобалары мен жоспарларын сапалы жүргізу үшін мемлекет тарапынан қаржыландыруға инвестициялық несие тартуды, тағы да басқа қаржы көздерін тауып аудан көлемінде жаңадан салынатын құрылыстарға тендер өткізуге қатысу ;
- Аудандағы қала құрылысы Бағдарламасына сараптама жүргізуге, бас жоспардың жобасын жетілдіруге, жоспарлы жобаның құжаттарын сызуға, құрылыс салушыларға берілген
- жер көлемімен, құрылыс жобасы мен бас жоспарларының құжаттарына сәйкес даярлап, таныстырылып тапсырушыға беруге, сәулеттілік жоба тапсырмасын даярлап сұраушыға беру.
- Аудан елді мекендеріндегі құрылыс нысандарына, құрылыс салушыларға берілген жердің бас жоспарларының құжаттарымен танысып оны кезекші бас жобаның бақылау құжаттарына енгізіп, жүргізу;
- Құрылыстары аяқталған нысандарды қабылдап пайдалануға алу жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру және мемлекеттік қабылдау комиссиясымен бірлесе отырып, қабылдауға қатысу;
- Жаңадан салынатын құрылыстардың, ғимараттардың, тұрғын-үйлердің және де басқа нысандардың, қолданымдағы ғимараттарға жер таңдау актілерін сәулет және қала құрылыс регламентіне сәйкес дайындау және оны жүзеге асыру;
- Құрылыс салынатын жер учаскелерін таңдаудың ықтимал нұсқауларына сәйкес шекараларының жоба (сүлбе) сызбаларын дайындау;
- Тұрғын-жайлардың және тұрғын емес үй-жайларды, сондай-ақ екі немесе одан көп меншік иелерінің ортақ мүлкі болып саналатын ғимараттардың, инженерлік жүйе жабдықтарын ауыстыру, тауар шығаруға қатысты басқа да жабдықтар орнату, көмек көрсету т.б. бөлшектерді қайта құру, қайта жобалау және қайта жабдықтау іс-құжаттарын дайындау;
- Аудан аумағындағы елді мекендерде жаңадан салынатын ғимараттарға кезекші жоба, жоспарлар жүргізу;
- Жылжымайтын мүлік тізбесі» мемлекеттік қоры және «Мекенжай тіркелім» ақпараттық жүйесінің деректер базасын толтыру, оларды түзету, үйлестірілмеген мәліметтерін салыстыру жұмыстарын жүргізу;
- Барлық аудан көлемінде сәулет қала құрылысы және құрылысқа қатысты тиесілі құжаттарды, сұраныс-тарды басқаруға және орындауға.

Қазақстанда зейнетке шығу: зейнеткерлік жас және зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер

Белгілі бір жастағы еліміздің барлық азаматтарын мемлекеттің зейнетақымен қамтамасыз етуі туралы сұрақтар қызықтырады: зейнетақы дегеніміз не, зейнеткерлік жас?

20 Маусым 2019
«Жетісу» телеарнасына 20 жыл

Бүгін Талдықорғанда журналистердің кәсіби мерекесінің құрметіне және Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының 20 жылдық мерейтойына орай салтанатты шара өтті.

18 Маусым 2019
Қазақстанда 70 мыңнан астам сәби проактив әдісімен тіркелді

Бұл туралы фейсбуктегі ресми парақшасында ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов мәлім етті. 

17 Маусым 2019
Сайт картасы Кері байланыс