USD 389.94
EUR 433.50
RUB 6.10
Погода в Жансугуров °C

Бөлімнің негізгі қызметтері

1. Бөлім өзінің негізгі міндеттеріне сәйкес төмендегі функцияларды жүзеге асырады:
1) ауданның дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты
жүзеге асырудың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлейді;
2) ауданның дене шынықтыру мен спорт саласындағы облыстық мақсатты
бағдарламаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады;
3) ауданның дене шынықтыру мен спорт мәселелері бойынша қаулылардың,
шешімдердің, өкімдердің жобаларын аудан әкімінің қарауына
белгіленген тәртіппен ұсынады;
4) дене шынықтыру және спорт саласындағы әлеуметтік процестерді және ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайының дамуына ықпалын
талдап, болжам жасайды. Сондай-ак, аудандық органдардың және
басқа ұйымдардың қатысуымен мемлекеттік саясат бағыттарын жүзеге
асыру жөнінде ақпарат дайындайды және ауданның спортын дамыту
стратегиясын әзірлейді;
5) аудандық әдістемелік орталықтар базасында дене тәрбиесі және спорт проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер өткізуді
ұйымдастырады, олардың нәтижелерін қорытып, іс-жүзіне енгізеді;
6) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік кәсіпорындардың, қоғамдық бірлестіктердің бағдарламаларына ұйымдастырушылық қолдау көрсетеді;
7) дене шынықтыру және спорт саласындағы бағдарламалар мен жобаларды қаржыландыруға бөлінген ақшаны белгіленген тәртіпте жұмсайды;
8) мемлекеттік тапсырысқа сай жүргізілетін аудандық шараларды, сондай-ақ мемлекеттік тапсырыс бойынша жүргізілетін өз бөлімшелерінің шараларын қаржыландырады;
9) Белгіленген тәртіпте ауданның дене тәрбиесі және спорт қайраткерлеріне, спортты дамытуға үлес қосқан азаматтарға,
лауазым иелеріне құрметті атақтар беру, мемлекеттік наградалар мен
құрметті атақтар беру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
10) саланы дамыту, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейту үшін инвестиция тарту мен қайта жаңартудағы біртұтас стратегияны
қалыптастырып, жүзеге асырады. Аудан әкімі аппаратында мәселесі
қаралатын дене шынықтыру және спорт мекемесінің материалдык-техникалық базасын сақтау және дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлейді. Жобалау-сметалық құжаттамаларды сараптайды және бекітеді. Спорт жүйесінің жаңа объектілерін салу мен жобалауды ұйымдастыру жөнінде аудан әкімінің аппаратына ұсыныс енгізеді;
11) бөлім, аудандық дене шынықтыру және спорт мекемелерінің кадрларымен қамтамасыз етілуін зерделейді, оларға жаңа мамандар даярлау қажеттіліктерін болжайды. Облыстық спорт колледждері мамандығын арттыратын облыстық курстармен бірлесе отырып, аудан кадрларының біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіреді. Дене шынықтыру
және спорт саласы кадрларының аттестациясын жүргізу ережелерінің
сақталуын бақылайды;
12) өкілеттін болған жағдайда дене шынықтыру және спорт мекемелерінің қызметін регламенттейтін ережелер мен басқа да нормативтік- құқықтық құжаттарды әзірлеп, бекітеді;
13) бөлім, мекемелер мен кәсіпорындардан ақпарат жинақтауды ұйымдастырып, оларды дене тәрбиесі және спорт мәселелері жөніндегі ақпаратпен камтамасыз етеді. Түрлі ведомстволар ұйымдастыратын спорттық шараларды өткізудің аудандық жоспарларын үйлестіріп, спорттық бағыттағы біртұтас күнтізбелік жоспарларды бекітеді;
14) туризм жөнінде ауданның есте қаларлық
жерлері бойынша туристік саяхаттың бағдарламасы мен
маршруттарын әзірлейді;
15) ауданда дене шынықтыру -сауықтыру және спорттық шаралардың өткізілуіне бақылауды жүзеге асырады, спорттық жастар мен жиындар өткізеді, белгіленген тәртіппен аудан аумағында жоғарғы ұйымдардың жарыстарын ұйымдастырады;

16) ауданның құрама командаларын дайындауды жүзеге асырады және олардың жоғарғы ұйымдардың спорттық шараларына қатысуын
қамтамасыз етеді;
17) мүдделі ұйымдармен бірігіп спорттық резервтерді дайындау жұмыстарын жүргізеді, оқу-жаттығу процесінің жұмыстарын қадағалайды;
18) дене тәрбиесі және спорт салалары бойынша есепке алады, есеп береді;
19) белгіленген тәртіппен спорттық дәрежелер, төрешілік категориялар береді, спорт жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, жастар мен дене тәрбиесі қызметкерлерін, дене тәрбиесі ұжымдарын жүлделермен, сыйлықтар, вымпелдер, чемпион ленталарымен, жетондармен, дипломдармен, грамоталармен марапаттайды;
20) мүдделі бөлімдермен, ведомстволармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, спорттағы және өнердегі жас дарын иелерін дайындап, олардың өнерін шыңдау жүмысын жүргізеді, қолданбалы
өнер және дене шынықтыру мектебі, бағыныстылығына қарамастан
дамытуды, сондай-ақ оларда дайындау процесін ұйымдастыруды
үйлестіреді. Аудан ұжымдарын даярлап, олардың облыстық,
республикалық, халықаральщ қатысуын қамтамасыз етеді;
21) қолданып жүрген заңдарға сәйкес сала қызметкерлерінің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз етеді;
22) дене шынықтыру және спорт саласының мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарының құрылымын, қызметкерлері лауазымының
біліктілік сипатамасын талдайды, шығармашылық ізденістерді,
олардың жаңашылдыктарын қолдайды, тәжірибелерін зерделеп
таратады. Жүйенің басқарушы кадрларының еңбек дене тәрбиесі және
спортың дамыту жөніндегі жұмысты, олардың әдістемелік, құқықтық
қамтамасыз етілуін ұйымдастырады;
23) дене шынықтыру және спорт мәселелері жөнінде конференциялар, семинарлар және жиналыстар өткізеді;
24) бөлім, заңда белгіленген тәртіппен азаматтардың өтініштерін, шағымдарын қарайды. Азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдайды, олардың заңды талаптарымен негізделген өтініштерінің орындалуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы мекемелер мен кәсіпорындардың қызметінде анықтаған кемшіліктерді жою шараларын қабылдайды;
25) ауданда дене шынықтыру және спортты дамыту мәселелері бойынша есептер дайындайды;
26) бөлім, шартты бастама мен келесім-шарт негізінде дене тәрбиесі және спорт саласының дамуын ғылыми-ақпараттық қамтамасыз ету және
жүзеге асыру үшін дене тәрбиесінің алғашқы ұжымдарын,
баспаларды, сценаристрерді, қоюшы режиссерларды, өнертанушы
ғалымдарды тартуға құқылы. Бюджеттен қаржыландырылатын
мәміллер қазынашылық бөлімшесінде тіркеуден өткізіледі.

 

Дата редактирования: 12 Шілде 2019 10:06
Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасуға конкурс жариялау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

«Ақсу ауданның білім бөлімі» ММ, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы, Желтоқсан көшесі № 5, «Ақсу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

          Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

   Бос орын:  «Ақсу ауданының білім бөлімінің «Егінсу орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектеп директоры

          Мемлекеттік орта білім беру мекемелері басшыларының лауазымына кандидаттардың Конкурсқа қатысуы үшін мыналар талап етіледі:

17 Қазан 2019
Меншік және жер салығы туралы SMS-хабарламалар

19 қыркүйектен бастап мүлік салығы мен жер салығы туралы SMS - хабарламалар қазақстандық салық төлеушілерге (жеке тұлғаларға) жіберіледі

30 Қыркүйек 2019
Сайт картасы Кері байланыс