USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
Погода в Жансугуров °C

Жаңалықтар

13 Наурыз 2019 10:49
Ақсу ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2019 жылдық жоспары» тақырыбында баспасөз-мәслихаты .

Ақсу ауданында 2018 жыл қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық бағыттары бойынша оң өсім байқалады.
2019 жылы қант қызылшасы 2850 гектарға себіледі, одан 101 мың 745 тонна өнім алу  жоспарланды.
«Ақсу қант» зауыты бүгінгі күнге 75% модернизациядан өтті. Қуаттылығы күніне 3500 тонна қант қызылшасын өндеуге жеткізілді.  Мал шаруашылығы аудан экономикасының маңызды салаларының бірі.
Есепті мерзімде мал шаруашылығының өнімдері, мал басының саны барлық көрсеткіштері бойынша өсті.  2018 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі  8 млрд 640 млн теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2017 жылдың деңгейінен 152% артып, ауданның өнеркәсіп өндірісінің үлесі облыс бойынша 0,7%-тен 1% көтерілді.Нақты көлем индексі –103,3% көрсетті.
Өнеркәсіп саласында 26-дан астам кәсіпорын  жұмыс істейді.
2018 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 9 млрд 928 млн  теңгені құрады. Жылдық жоспар 214% орындалып,  2017 жылмен салыстырғанда  2,9 есеге өсті. (2017 ж -3789,8 млн.тг)
Аудан бойынша жеке меншік есебінен 4800 шаршы метр тұрғын үйлер салынып, 2017 жылмен салыстырғанда 2,7 есеге артты.
2018 жылы көше жолдарын орташа және ағымды жөндеуге 223 млн. теңге бөлініп, Жансүгіров, Есеболатов, Кенжыра, Кенқарын, Сағабүйен–Сағакүрес, Жаңалық ауылдарының жолдары жөнделді.  2019 жылға Қапал, Жансүгіров, Ойтоған  ауылдарының көше жолдарын күрделі, орташа және ағымды жөндеуге және көше жолдарын қысқы мерзімде күтіп ұстауға 650 млн теңге қаралды.
2018 жылы 821 млн  теңгеге Қапал, Ақсу ауылындарының су жүйесінің құрылыс және жаңғырту жұмыстары  жүргізілді.


Вернуться назад

Қазақстанда Цифрлық комиссарлар пайда болды

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде   «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысын қадағалайтын арнайы топ құрылды.

20 Қыркүйек 2019
Қазақстандықтар 3 млн.тенге мен автокөлік ұтып ала алады

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және «Wipon» мобильді қосымшасының қолдауымен 2019 жылдың 21 тамызынан 30 қарашасына дейін «Түбіртекті талап ет те – жүлдені ұтып ал!» жыл сайынғы акцияcында 3 000 000 теңге жедел жүлделерді және басты жүлде автокөлікті ойынға салады.

 

17 Қыркүйек 2019

Сайт картасы Кері байланыс