USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
Погода в Жансугуров °C

Бөлімнің негізгі міндеттері

Ақсу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласында біртұтас мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын және қызметін үйлестіретін аудан Әкімінің жергілікті атқарушы органы болып табылады.
Бөлім өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, облыс және аудан Әкімдігінің қаулыларына және Қазақстан Республикасы Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және Алматы облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бұйрықтары мен нұсқауларына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Бөлім келесі міндеттерді атқарады:
Халықты әлеуметтік қорғау саласы бойынша заңдылықтар мен нормативтік актілерді жүзеге асыру, тұрмыс деңгейі төмен отбасыларын уақытында дұрыс анықтау және оларға жәрдемақы тағайындау.
Жұмыспен қамту мәселесіне байланысты мемлекеттік стратегияны жүзеге асыру, еңбек ресурстарын тиімді пайдалану, тұрғындарға атаулы қолдау көрсету.
Кедейшілікпен күресті күшейту, халықтың хал-ауқаты мен табысын көтеру шараларын жүзеге асыру, еңбек ақының межесі мен төлемін ұйымдастыру.
Мүгедектерді оңалту бағдарламасын, мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық, педагогикалық түзеу арқылы қолдау жөніндегі бағдарламаларды іске асыру.
Соғыс және еңбек ардагарлерін, мүгедектерді және халықтың басқа да санатын әлеуметтік қорғау саласындағы заңдарды іске асыру.
Үйде арнаулы әлеуметтік қызметке мұқтаж балаларды анықтау және есепке алу.
Жалғыздықты (жалғыз тұратын) қарттарды және үйде қызмет көрсетуге мұқтаж мүгедектерді анықтау және олардың есебін жүргізу.

Жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық

Ақсу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер Басқармасы жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық жүргізуге байланысты келесіні хабарлайды. 

21 Тамыз 2019
Азаматтарға арналған үкімет «Мектепке жол» акциясын өткізді

Жаңа оқу жылы қарасаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларды қолдау мақсатында республикалық «Мектепке жол» акциясын өткізді.

 

15 Тамыз 2019
Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасы аумағына тауарларды импорттау кезінде, тауарлардың жалпы құнының 12% мөлшерінде қосылған құн салығы  105115 төлем кодына (ЕАЭО аумағынан импортталған тауарларға қосылған құн салығы) төленеді.

08 Тамыз 2019
Сайт картасы Кері байланыс