USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
Погода в Жансугуров °C

Бөлімнің функциялары мен міндеттері

Бөлімнің функциялары мен міндеттері

1.Бөлімнің негізгі міндеттері Ақсу ауданында жер ресурстарын басқару саласында біріңғай мемлекеттік саясат жүргізу және жер қатынастарын реттеу болып табылады.
2.Бөлімге жер қатынастары саласындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес төмендегі бақылау, әдістемелік ұсыныс, үйлестіру және міндеттері жүктеледі.
1) жер пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
2) жер беру және олардың мақсатты бағыттарын өзгерту жөніндегі Ақсу ауданы әкімдігі қаулыларының жобалары мен ұсыныстарын дайындау;
3) жерге орналастыру жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналыстыру жобаларын бекіту;
4) ауданның жерлерін ұйымдық пайдалану жөніндегі бағдарламалардың (жобалардың, сызбалардың) және жерлерді аймақтандырудың жобаларын жасауды ұйымдастыру;
5) елді-мекендер аумақтарының жер-шаруашылық орналасу жоспарларын жасауды ұйымдастыру;
6) іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға Ақсу ауданы әкімдігінің рұқсатын беру туралы ұсыныстар дайындау;
7) мемлекеттік қажеттілігі үшін жер учаскелерін алып алу жөнінде ұсыныстар дайындау;
8) ауыл шаруашылығының пайдалы жерлерін бір түрінен басқасына аудару туралы ұсыныстар мен аудан әкімдігі шешімдерінің жобаларын дайындау;
9) жер учаскелерінің бөлінітіндігін және бөлінбейтіндігін анықтау;
10) жер саудасын (аукциондар, байқаулар) өткізуді ұйымдастыру;
11) жер пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты аудандық бағдарламаларды, сызбаларды және жобаларды сараптамадан өткізу;
12) барлық жер туралы есеп жасау және олардың санаттары, жер учаскелерінің иелері бойынша бөлу
13) жер кадастрын жүргізу;
14) жер учаскесіне құқықтығын куәландыратын құжаттар беру;
15) сатып алу-сату келісім шарттары мен жер учаскесін жалға және уақытша тегін пайдалануға беру жөніндегі келісім шарттарды жасау;
16) ауыл шаруашылық мақсатында жер учаскелерінің төлқұжаттарын беру;
17) жер учаскесінің барлығы немесе жоқтығы туралы анықтамалар беру;
18) Қазақстан Республикасының жер заңнамаларын бұза отырып пайдаланылатын және пайдаланылмайтын жерлерді анықтау;
19) жер заңдылықтарының анықталған бұзылуларын жою жөніндегі орындалуға міндетті ұсыныстар мен нұсқамалар беру;
20) қараусыз қалған жер участкелерін есепке алу;
21) Қазақстан Республикасының жер заңдылықтары саласында әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі істерді қарау;

Дата редактирования: 12 Ақпан 2018 15:28
Жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық

Ақсу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер Басқармасы жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық жүргізуге байланысты келесіні хабарлайды. 

21 Тамыз 2019
Азаматтарға арналған үкімет «Мектепке жол» акциясын өткізді

Жаңа оқу жылы қарасаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларды қолдау мақсатында республикалық «Мектепке жол» акциясын өткізді.

 

15 Тамыз 2019
Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасы аумағына тауарларды импорттау кезінде, тауарлардың жалпы құнының 12% мөлшерінде қосылған құн салығы  105115 төлем кодына (ЕАЭО аумағынан импортталған тауарларға қосылған құн салығы) төленеді.

08 Тамыз 2019
Сайт картасы Кері байланыс