USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
Погода в Жансугуров °C

Бөлімнің негізгі қызметтері

1. Халықтың білім саласындағы сұранысын болжам жасауды ұйымдастырады, аудандық білім жүйесінің ұзақ мерзімді жоспарын дайындайды, аудан әкімдігі бөлімдерімен бірлесіп білім берудің аймақтық бағдарламаларын дайындайды, мемлекеттік басқару органдармен бірлесіп білім беру Мазмұнының аймақтық құрамдас бөлігін дайындауды ұйымдастырады, ғылыми және басқа да ұйымдармен бірлесіп өмірге енгізуге жағдай туғызады білім беру саласындағы сұранысты қанағаттандыру деңгейін саралайды. Мектеп басшыларымен бірігіп білім беру мекемелерінің барлық түрлерінде оқушыларды ағымдағы және қорытынды аттестаттау тәртібі арқылы білім берудің мемлекеттік стандарттарын орындауды және Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңдарын орындалуын бақылауды жүзеге асыруды, білім беру мекемелеріндегі оқушылар мен тәрбиеленушілердің құрамының өзгеру үрдісіне болжам жасайды. Халық пен оқушылардың білім беру мекемесіндегі тілін, типін, түрін, бағдарын таңдаудағы сұранысын қанағаттандыру үшін білім беру мекемелерінің жаңа типтерін дамыту үшін іс-шаралар ұйымдастырады.
2. Ауданда өткізілген оқыту, тәрбиелеу, оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау мәселелері бойынша тәжірибе жасауды ғылыми-әдістемелік, психологиялық материалдармен қамтамасыз етеді. Ауданның білім беру ұйымдарына көмек көрсету үшін психолого – педагогикалық, әлеуметтік, заңгерлік және диагностикалық орталықтар (уақытша, үнемі бюджеттік және бюджеттен тыс) құрады. Ауданның білім беру саласына оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологиялары мен инновацияларды еңгізу үшін тәжірибе алаңдарын ұйымдастырады. Инновацияны кешенді тәжірибеден өткізуді ұйымдастырады, сондай-ақ жаңа оқыту жоспарларын, оқыту бағдарламаларын, педагогикалық және басқару инновацияларын тәжірибеден өткізеді. Оларды енгізуге ұсынады. Аудандағы жаңа білім беру мекемелерін лицензиялау мен аттестаттау үшін құжаттар пакетін дайындауды ұйымдастырады.
3. Педагог қызметкерлерді, оқушылар мен тәрбиеленушілерді материалдық жағынан қамтамасыз етудің мөлшері мен түрлері жағынан ұсыныстар дайындайды, сондай-ақ оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің әлеуметтік- кепілді нормативтерін өзгерту бойынша мәселелерді көтереді.
4. Ауданның білім беру ұйымдарының педагогикалық және басқарушы кадрлармен қамтамасыз етілуін зерттейді және оларға сұранысты болжап отырады.
5. Ауданның білім беру мекемелерінің қажетті ғимаратпен қамтамасыз етілуіне бақылау жүргізеді және олардың жағдайын талдап отырады. Мекеменің материалдық-техникалық базасының дамуы мен сақталуы бойынша аудан әкіміне бағынышты ведомстволарға ұсыныстар енгізеді. Басқарудың жергілікті органдары мен білім беру мекемелерін күрделі жөндеу жұмыстарын жоспарлайды және олардың жобасы мен сметасын бекітеді. Білім берудің жаңа объектілерінің жобасын жасау және салу бойынша аудан әкіміне ұсыныс жасайды.
6. Білім беру мекемелерінің жиһазға, құрал-жабдықтарға және жаңа үлгідегі құрал-саймандарға сұранысын зерттейді және олардың сай келетін шетел фирмаларынан, ұйымдар мен мекемелерден сатып алынуын ұйымдастырады. Білім беру мекемелерін оқыту құрал-жабдықтарымен таныстырып, оларды шығаратын мекемелер, ұйымдар және кооперативтер жайлы ақпарат береді.
7. Аудандық білім мекемелерінің оқулықтармен, оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етілуін зеттейді. Аудан мектептерінің сұранысына сәйкес облыстық білім департаментіне сұраныстар дайындайды.
8. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ақпараттар жинауды ұйымдастырады және олардың облыстық статистикалық органдарға жіберілуін қамтамасыз етеді.
9. Мемлекеттік басқару жүйесін дамытады және іске асырады. Диагностика мен алдын ала болжамдарға сүйене отырып,оның құрылымын қалыптастыруға ұсыныстар енгізеді.
10. Мектеп директорын тағайындау мен орнынан босатуға облыстық білім департаменті мен аудан әкімінің келісімін алады. Аудандық білім беру мекемелері қызметін талдайды, олардың ары қарай дамуы мен болашағына болжам жасап отырады. Білім беру саласы қызметкерлері мен мектеп басшыларының енгізген жаңалықтары мен шығармашылық ізденістеріне қолдау жасайды. Олардың озат тәжірибесін жинастырып, насихаттайды. Білім мекемелері басшыларының біліктілігін көтеру мәселелерімен айналысады. Білім беру саласының жетекші мамандарының еңбек мәдениетін дамытып, олардың ғылыми-әдістемелік біліммен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады.

Азаматтарға арналған үкімет «Мектепке жол» акциясын өткізді

Жаңа оқу жылы қарасаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларды қолдау мақсатында республикалық «Мектепке жол» акциясын өткізді.

 

15 Тамыз 2019
Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасы аумағына тауарларды импорттау кезінде, тауарлардың жалпы құнының 12% мөлшерінде қосылған құн салығы  105115 төлем кодына (ЕАЭО аумағынан импортталған тауарларға қосылған құн салығы) төленеді.

08 Тамыз 2019
Сайт картасы Кері байланыс