USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
Погода в Жансугуров °C

Ақпарат

«Ақсу ауданы құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

2016 жылы атқарылған жұмыстары мен 2017 жылға арналған жоспары туралы

АҚПАРАТ

 

Ақсу аудандық құрылыс бөлімі бойынша 2016 жылы 27 млн. 539 мың тенге екі білім беру нысанына жобалауға қаражат бөлінді. Атап айтсақ :

Ақсу ауданы, Тарас ауылындағы мектеп ғимаратын қайта жаңартып, қосымша дене шынықтыру залын салу үшін жобалау ізденіс жұмыстарына бастапқы 13 млн. 300 мың теңге бөлінді.

Ақсу ауданы, Қаракөз ауылынан жаңадан салынатын 120 орындық мектеп, 25 орындық шағын орталығымен ғимаратына жобалау ізденіс жұмыстарына 16 млн. 239 мың теңге бөлінді. Қазіргі таңда екі нысанныңда жобасы әзірленуде, мемлекеттік сараптама қортындылары жоспармен 2017 жылдың 20-шы сәуір айында дайын болады.

2016 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 2 273 млн. 780 мың теңгені құрап 2015 жылмен салыстырғанда 157,8% артты. Ал жекеменшік қаражат есебінен салынатын тұрғын үй көлемі 1708 шаршы метр құрап 2015 жылмен салыстырғанда 100,6% шығып отыр.

2017 жылға білім нысандары бойынша Ақсу ауданындағы Қаракөз ауылында жаңадан салынатын 120 орындық мектеп 25 орындық шағын орталығымен құрылысына 500 млн. теңге, Тарас ауылындағы мектеп ғимаратына жапсарлас дене шынықтыру залын салып, қайта жаңартуға 200 млн теңге қаражат бөлініп отыр.

Құқық қорғау саласы бойынша жалпы соммасы 246 млн. 409 мың теңге қаражат бөлініп, ауданымыздың 13 ауылдық округтеріне жапсарлас тұрғын пәтерімен полиция пунктері құрылысы жүргізіледі.

Ветеренария саласы бойынша жалпы соммасы 60 млн. 950 мың теңге қаражат бөлініп, ауданымыздың 3 ауылдық округтеріне ветеренарлық пунктердің құрылысы жүргізіледі.

 

 

Бөлім басшысы С. Жакупов

 

 

 

 

Жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық

Ақсу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер Басқармасы жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық жүргізуге байланысты келесіні хабарлайды. 

21 Тамыз 2019
Азаматтарға арналған үкімет «Мектепке жол» акциясын өткізді

Жаңа оқу жылы қарасаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларды қолдау мақсатында республикалық «Мектепке жол» акциясын өткізді.

 

15 Тамыз 2019
Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасы аумағына тауарларды импорттау кезінде, тауарлардың жалпы құнының 12% мөлшерінде қосылған құн салығы  105115 төлем кодына (ЕАЭО аумағынан импортталған тауарларға қосылған құн салығы) төленеді.

08 Тамыз 2019
Сайт картасы Кері байланыс