USD 413.12
EUR 452.86
RUB 5.82
Погода в Жансугуров °C

Бөлімнің негізгі қызметтері

Бөлім жүктелген жауапкершіліктерге сәйкес заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік басқару органының төмендегі қызметтерін жүзеге асырады:
1) құрылыс саласында мемлекет саясатын жүргізу;
2) Ақсу ауданы аумағында құрылыс әдістерін жобалағанда ұсыныстар дайындау;
3) Алматы облысында құрылыс нормативтік құқықтық актілерін жетілдіруде және әзірлеуді ұсыныстар дайындау;
4) тұрғын үй –коммуналдық шаруашылықтарды жетілдіруге ауданның елді мекендерінде тұрғын үй – коммуналдық тұтыну қызметтерін жақсартуға арналған аудандық әлеуметтік-экономикалық кешенді бағдарламаларына ұсыныстар дайындау;
5 құрылыс салу және инфракструктура, тұрғын үй саясаты, сондай – ақ тұрғын үй құрылысы мен тұрғын үй қорын сақтау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысу;
6) Ақсу ауданының аумағында салынуға жататын, Қазақстан Республикасы Үкімкетімен және облыстың басшылығымен бекітілетіннен басқа да, мемлекеттік аумақаралық немесе мемлекетаралық (халықаралық) қала құрылысы, сәулет-құрылыс және басқа да объектілердің жобалау (жобалық-сметалық) құжаттарын қарау, келісу және бекіту;
7) мемлекет кепілдігімен қамтамассыз етілген, мемлекет қаражатты мен шет елдік инвестициялар есебінен аудан аумағында орналасқан жобалау мен объектілерді салу жөніндегі келісім шарттарды тіркеуге және рәсімдеуге қатысу;
8) елді мекендерді салудың жалпы ережесінің орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
9) ауданның елді мекендерін қосымша құрылыспен толтыруға арналған кезекті-қауырт жоспарларды, құрылыс объектілері орналасқан кезекті жоспарларды жүргізуге бақылауды жүзеге асыру;
10) құрылысы біткен тұрғын үй-азаматтық, коммуналдық, өнеркәсіп объектілерін қабылдап алу жөніндегі қабылдау комиссиясының жұмысына қатысу;
11) бөлімнің қызметіне байланысты заңды тұлғалар мен жекелеген азаматтардың хаттары мен өтініштерін қарау;
12) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бөлімге жүктелген басқа да міндеттерді жүзеге асыру.

Дайын құжаттарды беру терезесі Алматы облысының әр қаласында тек бір ХҚО-да жұмыс істейді

Дайын құжаттарды беру терезесі Алматы облысының әр қаласында  тек бір ХҚО-да жұмыс істейді

31 Наурыз 2020
Хабарландыру!

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!

19 Наурыз 2020
Сайт картасы Кері байланыс