USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
Погода в Жансугуров °C

Бөлімнің негізгі қызметтері

Бөлім заңдарда белгіленген тәртіппен төмендегі функцияларды орындайды:
1). Аудан қаржысын басқару аясында мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын белгілеуге қатысу;
2). Ауданда мемлекеттің қаржылық мүддесін қорғауды ұйымдастыру;
3). Бюджетке түсетін түсімдердің көлемін болжап, талдайды және қолда бар ақшалай қаржыны басқару жөнінде шешімдер қабылдайды;
4). Жергілікті бюджеттік бағдарлама әкімшілігінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарын, мемлекеттік мекемелердің ақылы қызмет көрсетуінің түрлері бойынша шығыстарын қаржыландыру және кірістердің жиынтық жоспарын қарайды, сондай-ақ келіседі;
5). Міндеттемелер мен төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарын және түсімдердің жиынтық жоспарын қалыптастырып, бекітеді;
6). Бағдарлама әкімгерлерінің жылдық сомаларын әр айға бөлуіне және қаржыландыру жоспарына енгізілетін өзгерістердің негізділігіне талдау жүргізеді және оларға баға береді;
7). Бюджетті нақтылау жөнінде ұсыныстар дайындайды және міндеттемелер мен төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарын қалыптастырып, өзгерістер енгізеді;
8). Шараларды аудандық әкімдігіне басымдылық және аймақтық бағдарламаларды қаржылай қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге, ұсынуға қатысу;
9). Жергілікті атқарушы органның резервтегі қаржысының жұмсалуын есепке алуды және талдауды жүргізеді;
10). Жүйені және толық жинауды ретке келтіруді қамтамасыз ету, бюджеттік операциялар туралы ақпараттардың үздіксіз есебін ақшалай көрсетілуін жинақтап қорыту және тіркеу;
11). Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жөнінде бюджетті орындау және бюджеттік қаражатты игеру мониторингін жүзеге асырады;
12). Облыстық қаржы басқармасына және атқарушы органға белгіленген тәртіппен және белгіленген мерзімде тапсыру үшін бюджеттің орындалуы бойынша есеп беру нысандарының барлық түрлерін қалыптастырады;
13). Аудандық жекешелендіру және мемлекеттік коммуналдық меншік қатынастарын реттеу саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысады;
14). Мемлекеттік меншікті жекешелендіру бағдарламаларын әзірлеуге қатысады;
15). Жарғылық капиталдардағы мемлекеттің қатысуымен мемлекеттік кәсіпорындардың, мекемелердің және заңды тұлғалардың деректер базасы тізілімін құрастырады;
16). Тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге мемлекеттік сатып алулар процесін, сондай-ақ аудандық жергілікті атқарушы органдары жүргізген сатып алулардың қортындысы мен жиынтығын талдайды;
17). Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді мемлекеттік сатып алуларға қатысты индикативтік және басқа да жоспарларды әзірлеуге қатысады;
18). Қазақстан Респуликасының заңдылықтарында белгіленген мерзімде уәкілетті органдарға тапсыру үшін, бекітілген нысандар бойынша мемлекеттік сатып алулар жөніндегі барлық есеп беру түрлерін әзірлейді.

Дайын құжаттарды беру терезесі Алматы облысының әр қаласында тек бір ХҚО-да жұмыс істейді

Дайын құжаттарды беру терезесі Алматы облысының әр қаласында  тек бір ХҚО-да жұмыс істейді

31 Наурыз 2020
Хабарландыру!

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!

19 Наурыз 2020
Сайт картасы Кері байланыс