USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
Погода в Жансугуров °C

Хаттама

1. Өткізілген күні: 14 қараша 2018 жылы, сағат 12:00
2. Өткізілетін орны: Алматы облысы Ақсу ауданы әкімдігінің ғимаратында
3. Қоғамдық тыңдау: ММ «Ақсу ауданы әкімінің аппараты», Алматы облыстық филиалы АҚ «ҚазАвтоЖол» ҰК» - «Құрылыс дирекциясымен»  ұйымдастырылған,
бас жобалаушы ЖШС «Каздорпроект».
4. Қоғамдық тыңдауды өткізу туралы қоғамдық тыңдауды өткізу туралы хабарландыруларда, мемлекеттік және орыс тілдерінде, бұқаралық ақпарат құралдарында және ресми интернет-ресурстарында жариялау арқылы жұртшылық назарына жеткізілді, атап айтқанда:
- «Ақсу Өңірі» аудандық газеттің редакциясында,  № 42 (9933) басылымында, басылым күні 12 қазан 2018 жылы; 
- Ақсу ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында, басылым күні 12.10.2018
- «Республикалық маңызы бар «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» автомобиль жолының км 325-410 учаскесін қайта жаңғырту» «Жансүгіров ауылындағы км 386 ЖПУ кешенінің құрылысы» кезіндегі "Қоршаған ортаға әсерді бағалауға" қатысты материалдары келесі мекен-жай бойынша ашық түрде қол жетімді болды: Алматы қаласы, Дубок-2 шағын ауданы, 3 үй, ЖШС «Каздорпроект».
 
5. Участвовали:  
- мүдделі қоғам өкілдері;
- фермерлік, шаруа қожалықтары мен кәсіпорындар өкілдері;
- жергілікті атқарушы органдар өкілдері;
- жобаның тапсырыс берушісі - Алматы облыстық филиалы АҚ «ҚазАвтоЖол» ҰҚ » - « Құрылыс дирекциясы »;
- км 410-480, км 480-515, км 515-564, км 564-615 учаскелер бойынша бас жобалаушы өкілі «Каздорпроект» ЖШС-ң бас инженері Кан Генадий Михайлович, «Каздорпроект» ЖШС-ң экологы Напенов Берік Мұратпекұлы, ЖК "Eco-Consulting" Бабалык Елбосын;
- Сондай-ақ, қатысушылардың тізімі тіркелген.

Қоғамдық тыңдаудың төрағасы мен хатшысын сайлау:
Төраға кандидаты ретінде қатысушыларға – Ақсу ауданы әкімінің орынбасары Сабырбаев Амандос Ақышұлы, хатшы кандидаты ретінде –  Ақсу ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің инспекторы Бақтияр Қайратұлы Нұрпейісов ұсынылды. 
Қатысушылар ұсынылған кандидаттарға бірауыздан дауыс берді, қарсы немесе дауыс бермей қалғандар жоқ.
Төраға қоғамдық тыңдаудың күн тәртібі мен уақыт тәртібін бекітті.

6. Қоғамдық тыңдаудың күн тәртібі:
1. «Республикалық маңызы бар «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен», км 325-410 учаскесінің техникалық шешімдері және жобамен танысу. Жансүгіров ауылындағы 386 км ЖПУ (жол пайдалану учаскесі) кешенінің құрылысы. Регламенттелген уақыт – 10 мин.
2. «Республикалық маңызы бар «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» автомобиль жолын қайта жаңғырту» км 325-410. "Жансүгіров ауылындағы 386 км ЖПУ кешенінің құрылысы". Объектісі бойынша жобалық техникалық шешімдердің презентациясымен танысу. Регламенттелген уақыт – 10 мин.
3. «Республикалық маңызы бар «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» автомобиль жолының учаскесін қайта жаңарту» км 325-410. "Жансүгіров ауылындағы 386 км ЖПУ кешенінің құрылысы" "Қоршаған ортаға әсерді бағалау", табиғатты қорғау шаралары презентациясымен танысу. Регламенттелген уақыт – 10 мин.Регламенттелген уақыт – 10 мин.
4. Баяндамашыларға сұрақтар қою;
5. Қоғамдық тыңдауға қатысушылардың сөз сөйлеуі. Регламенттелген уақыт – 5 мин;
6. Қоғамдық тыңдау бойынша шешім қабылдау.

7. Сөз сөйлегендер:
1. Ақсу ауданы әкімінің орынбасары Сабырбаев Амандос Ақышұлы;
2. Алматы облыстық филиалы «АҚ «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» - «Құрылыс дирекциясының»
Басқарушы директоры Керімқұлов Серік Сейтжанұлы;
3. «Каздорпроект» ЖШС-ң бас инженері Кан Генадий Михайлович;
4. «Каздорпроект» ЖШС-ң экологы Напенов Берік Мұратпекұлы.

Ақсу ауданы әкімінің орынбасары Сабырбаев Амандос Ақышұлы кіріспе сөз сөйлеп, өз сөзінде ол қоғамдық тыңдауларды өткізу орны мен уақытын алдын ала жергілікті атқарушы органмен келісе отырып, БАҚ-та қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы хабарландыру жарияланып, қоғамдық тыңдаулар Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 17-бабы 30-тармағына  57-тармақшасына және ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 26.03.2013 жылғы №50 "Қоғамдық тыңдауларды өткізу ережесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес өтетінін атап өтті. «АҚ «ҚазАвтоЖол» ҰҚ»-ның - «Құрылыс дирекциясының» басқарушы директоры Керімқұлов Серік Сейтжанович жобаның негізгі мақсаттары мен міндеттерін түсіндірді.

"Республикалық маңызы бар "Талдықорған-Қалбатау-Өскемен" км 325-410  автомобиль жолының учаскесін қайта жаңарту" бойынша жобалық техникалық шешімдермен және Жансүгіров ауылындағы 386 км ЖПУ кешенінің құрылыс жобасн "Каздорпроект" ЖШС-ң бас инженері Г.М. Кан ұсынды. Тыңдаушылар жобаланған объектінің орналасуымен, қабылданған құрылымдық шешімдердің техникалық параметрлерімен егжей-тегжейлі таныстырды. Жобада қабылданған техникалық шешімдермен таныстыру, презентациялық материалдарды көрсету арқылы жүзеге асты.

ЖШС-ң экологы Напенов Берік және ЖК "Eco-Consulting" бас экологы Бабалык Елбосын қоршаған ортаға әсерін бағалау бойынша жоба бөлімінің материалдарымен және автомобиль жолын қайта құру кезіндегі қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралармен таныстырды. Флора мен  фаунаға, жер үсті сулары мен топырақ жамылғысына, атмосфералық ауа, табиғи ресурстарға  кері әсерін тигізуді азайту және болдырмау жөніндегі іс-шараларға ерекше назар аударылды.  

8. Қоғам өкілдерінің ұсынысы, сұрақтары және ескертпелері,:
Сұрақ 1. Омірсадық Жандос.Болжамды құрылыс алаңында сібір жарасының ошағы болуы мүмкін деген сұратуыңызға, біздің қызметіміз жауап берді, жобаланған ЖПУ алаңынан 850 метр қашықтықта сібір жарасының табиғи ошағы бар. Сол себепті ЖПУ алаңын санитарлық нормалар бойынша тиісті 1000 метрге көшіру дұрыс деп санаймыз.
Жауап. Кан Генадий Михайлович. Иә, біз осындай сұрау жібердік. Өкінішке орай, біз учаскені анықтағаннан кейін жауап алдық.

Сұрақ 2. Сабырбаев Амандос Ақышұлы. Нурлан Канатович (Мырзахметов Н.К. сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы) сібір жарасының ошағынан 850 метрде орналасқан, Айтыңызшы, бұл қалай болды? Басқа учаске болған жоқ па?
Жауап. Мырзахметов Нурлан Канатович. Біздің нормативтері бұл ескерілмейді. жобалаушының нормативтерінде ескеріледі.

Сұрақ 3. Сабырбаев Амандос Ақышұлы. Бізде өнеркәсіп ауданы бар. ЖПУ-н осы ауданға орналастырайық. Бұл шешімді қабылдайық. Өз кезегінде біз барлық рұқсат беру құжаттарын ең қысқа мерзімде дайындауға көмектесуге уәде береміз. Содан кейін сіз қабылданған шешімдер бойынша тағы да сөз сөйлейсіз.
Кан Генадий Михайлович. Бұл мәселелерді тапсырыс беруші шешетін болады. Менімше, ЖПУ алаңын басқа жерге көшіру дұрыс шешім болады деп ойлаймын.
Керимкулов Серик Сеитжанович. Біз бұл мәселені қарастырамыз және ол туралы қосымша хабарлаймыз.

Ұсыныстар мен ескертулер.
Ескерту:  
Ең бастысы сібір жарасының ошағы жобаланған ЖПУ жақын болуы.
Ұсыныс:
Объектіні басқа алаңға ауыстыру.

10. Талқылаудың қорытындысы бойынша негізгі тұжырымдар:
Жобаны әзірлеуші өкілдері және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ - «Құрылыс жөніндегі дирекциясының» өкілі барлық қойылған сұрақтарға жауап берді.
Ашық дауыс беру арқылы қоғамдық тыңдауға қатысушылар  «Республикалық маңызы бар «Талдықорған – Қалбатау - Өскемен» км 325-410 автомобиль жол учаскесін қайта жаңғырту» жұмыс жобасында, Жансүгіров ауылында бұрын жобалаушы сәулет бөлімімен бірлесіп белгілеген алаңда 386 км жол-пайдалану учаскесі кешенінің құрылыс жұмыстарн жүргізуге келісімін бермеді.

Қорытынды: ЖПУ алаңын жоғарыда аталған жоба үшін жарамды басқа алаңға көшіру. Қоғамға қабылданған шешімдерді таныстыру.
Хаттамаға қосымша:

  1. Қоғамдық тыңдауларға қатысушылардың тізімі 6 бетте;
  2. «Алакөл» аудандық газетінің редакциясындағы хабарландырудың көшірмесі, № 41 (7816) басылымы, басылым күні 29 қыркүйек 2018 жыл, 2 бетте.

Қоғамдық тыңдаудың төрағасы                     Сабырбаев А. А.
Ақсу ауданы әкімінің орынбасары

 

Қоғамдық тыңдаудың хатшысы                      Байболов Б. Т.

Дата cоздания: 22 Қараша 2018 13:35
Дата редактирования: 22 Қараша 2018 13:53
Қазақстанда Цифрлық комиссарлар пайда болды

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде   «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысын қадағалайтын арнайы топ құрылды.

20 Қыркүйек 2019
Қазақстандықтар 3 млн.тенге мен автокөлік ұтып ала алады

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және «Wipon» мобильді қосымшасының қолдауымен 2019 жылдың 21 тамызынан 30 қарашасына дейін «Түбіртекті талап ет те – жүлдені ұтып ал!» жыл сайынғы акцияcында 3 000 000 теңге жедел жүлделерді және басты жүлде автокөлікті ойынға салады.

 

17 Қыркүйек 2019
Сайт картасы Кері байланыс