USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
Погода в Жансугуров °C

Бөлімнің негізгі қызметтері

1. Ауданды әлеуметтік-экономикалық дамыту кешенді бағдарламаларын, өнеркәсіпті дамытуға бағытталған мақсатты бағдарламаларын, энергетика, сауда, кәсіпкерлік, шағын бизнес, қызмет саласы, инвестициялық және инновациялақ саясатына байланысты бағдарламаларының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету және жүзеге асыру жұмыстарына қатысу;
2. Меншігіне қарамастан, өнеркәсіп кәсіпорындарының, энергетика, кәсіпкерлік, шағын бизнес, сауда, қызмет саласы, инвестициялық және инновациялақ саясатының және нарықтардың реттелуін жүзеге асыру;
3. Өнеркәсіп өнімділігінің деңгейін көтеру, энергетиканы дамыту, кәсіпкерлікті, шағын бизнесті, сауданы, қызмет саласын дамыту және қосымша жұмыс орындарын көбейту мақсатында жаңадан құрылған және қайта құрылған, жұмыс істеп тұрған объектілерді іске қосу іс шараларын жасап, жүзеге асыру;
4. Экономиканы кластерлік дамыту мемлекеттік саясатын жүзеге асыру;
5. Құрылыс материалдарын өндіру, және ауданды индустриалды-инновациялық дамытудың мемлекеттік саясытының жүзеге асырылуына қатысу;
6. Аудандық мекемелер мен кәсіпорындарда техникалық реттеу мен халықаралық стандарттарының енгізілуіне ықпал ету;
7. Ауданды әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді бағдарламалары мен стратегиялық жоспарларының олардың ішінде өнеркәсіп, энергетика, кәсіпкерлік, сауда бағдарламаларының әзірленуіне қатысу;
8. Халықаралық, республикалық, сала аралық және облыстық өнімнің сапа байқауларына аудан кәсіпорындарының қатысуын ұйымдастыру, кәсіпорындардың өніміне халықаралық сапа стандарттарының енгізілуіне ықпал ету;
9. Инвестициялық саясаттың жүзеге асырылуына қатысу, аудан экономикасын дамыту мақсатында инвестициялар мен несиелердің тартылуына жағдайлар жасау, екінші деңгейлі банктермен, шағын несие ұйымдарымен, ауылдық несиелік серіктестіктерімен, шағын кәсіпкерлікті дамыту қорларымен өзара қарым қатынаста болу;
10. Аса маңызды инновациялық жоспарларының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында инвестициялардың әкелінуіне ықпал жасау;
11. Аудан бюджетінің қаражаты есебінен және басқа да қаржыландыру әдістерімен кәсіпкерлік құрылымдарына несиелердің берілуіне қатысу, берілген несиелердің мерзімінде қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында дайын өнімнің сатылуына ықпал ету;
12. Уақыт талабына сай дамыған техноллогиялармен кәсіпкерлікті қамтамасыз ету мақсатында орталықтандырылған лизинг компанияларын құру мен дамытуға қатысу, сонымен қатар қаржылық менеджменттің жаңа құралдары қолданылатын жаңа бағдарламалармен жобаларды енгізу (ипотека, сақтандыру, муниципалдық және ипотекалық облигациялар);
13. Экономикалық белсенді жұртшылықтың, аз қамтамасыз етілген халық топтарының, оның ішінде ауылдық аумақтардағы халықтың белгілі бір банк операцияларын жүзеге асыратын шағын несиелеумен айналысатын шағын несие құрылымдары арқылы несие алуына қолжетімділікке жағдайлар жасау;
14. Шағын несие ұйымдардың мониторингін ұйымдастыру, және шағын кәсіпкерлікке ықпал ету мақсатында несие алушылардың мақсатты топтарын белгілеу, несиелік, инвестициялық, сауда саясатына қатысу;
15. Жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен, гранттық бағдарламалар, халықаралық және отандық қаржы институттары арқылы кәсіпкерлік саласы кадрларын даярлау, қайта даярлау, және кәсіби біліктілігін жоғарылату жүйесінің дамуын қамтамасыз ету;
16. Кәсіпкерлікті қорғауға бағытталған заңдылықтарының сақталуына бақылау жүргізеді, кәсіпкерлер бірлестіктерінің, ассоциацияларының құрылуына олардың кәсіпкерлікті қорғау және қолдау мәселелеріндегі ролінің күшеюіне ықпал ету;
17. Шағын кәсіпкерліктің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді, шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын қалыптастыру бойынша шаралар қабылдау;
18. Шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін несиелендіруді және шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша мемлекеттік саясатының насихатталуына бағытталған іс-шараларды қабылдау;
19. Қазақстандық кадрларды тарту және аумақтың әлеуметтік, экологиялық мүдделерінің сақталуы мәселелері бойынша жер қойнауын пайдаланушылармен келісім сөздерге қатысу;
20. Бағалардың бір жүйеге келтірілуін және халықтың белгілі бір ауылшаруашылығы өніміне сұраныстарының мүмкіндігінше толығымен қанағаттандырылуын қамтамасыз ету мақсатында меншік түріне қарамастан сауда нарығының және ауылшаруашылығы өнімін сатып алумен және сатумен айналысатын ұйымдардың қызметіне мемлекеттік реттеуге және бағыттауға ықпал ету;
21. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 ақпандағы №131 қаулысына сәйкес сауда нарығының рыноктарын тексерілуіне қатысу;
22. Коммуналдық нарықтың жұмысын ұйымдастырып қамтамасыз ету;
23. Негізгі тауарлармен қызметтердің түрлері мен бағаларына мониторинг және талдау жүргізу, инфляциялық үрдістерді бақылау;
24. Аудандағы сауда нарықтарының, тұрмыстық қызметтің, қоғамдық тамқатанудың, сауда ұйымдарының мәліметтер банкін қалыптастыру;
25. Аудандағы сауда, қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қызмет жағдайына талдау жүргізу, сауда және қызмет көрсету салаларындағы кадрлардың даярлығын жоғарлату, қызмет көрсету деңгейін жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;
26. Сауда, қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қызмет және сауда нарықтарының қызметі бойынша кеңестік және методикалық жәрдем жасау;
27. Жеке және заңды тұлғалардың арыздарын, шағымдарын, өтінімдерін, ұсыныстарын қарау;
28. Мемлекеттік қызмет саласында мемлекеттік саясатының іске асырылуын жүзеге асыру, кадрлардың конкурстық іріктеу негізінде бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға тағайындалуын, мемлекеттік қызметшілердің ант беруін және аттестациядан өтуін қамтамасыз ету;
29. Іс-жүргізуді жүргізу, мемлекеттік тілдің сатылары бойынша іс-жүргізу салаларына енгізу;
30. Бөлімге түскен қызметтік құжаттарды қарау.

Азаматтарға арналған үкімет «Мектепке жол» акциясын өткізді

Жаңа оқу жылы қарасаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларды қолдау мақсатында республикалық «Мектепке жол» акциясын өткізді.

 

15 Тамыз 2019
Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасы аумағына тауарларды импорттау кезінде, тауарлардың жалпы құнының 12% мөлшерінде қосылған құн салығы  105115 төлем кодына (ЕАЭО аумағынан импортталған тауарларға қосылған құн салығы) төленеді.

08 Тамыз 2019
Сайт картасы Кері байланыс