USD 383.69
EUR 429.08
RUB 5.97
Погода в Жансугуров °C

Бөлімнің функциялары мен міндеттері

Халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау;
Жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеу;
Ветеринариялық – санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
Тиісті әкімшілік – аумақтық бірліктің аумағын басқа мемлекеттерден жұқпалы және экзотикалық аурулардың әкелінуі мен таралуын қорғау;
Жеке және заңды тұлғалар заңды және ветеринария саласынадғы қызметті жүзеге асырған кезінде қоршаған ортаны қорғауды алдын алу және оны жою;
Қызметі:
1) уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарларын бекітеді;
2) Ветеринарлық препараттардың Республикалық қорын қоспағанда,жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық препараттарды сақтауды, ауданның жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастырады;
3) профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін әзірлейді және уәкілетті органға береді;
4) жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы бойынша ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы және диагностикасы жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды, оларды қолдануды, сақтауды және ауданның жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыруды жүзеге асырады;
5) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық есепке алуды және есептілікті жүргізуді, жинақтауды, талдауды жүзеге асырады және оларды уәкілетті органға табыс етеді;
6) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шараларды өткізуді және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша дерек қорды жүргізуді ұйымдастырады;
7) халықтың арасында ветеринария мәселелері бойынша ағарту жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді;
8) жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерің, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды жем-шөп және жем-шөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекетік комиссияны ұйымдастырады;
9) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес аурулары бойынша эпизоотиялық жағдайды зерделейді;
10) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша аса қауіпті аурулардың, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;
11) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды, жануарға арналған ветеринариялық паспортты мемлекеттік сатып алуды және тасымалдауды (жеткізуді) жүзеге асырады;
12) Елді мекен жерлерінде жануарларды жоюға арналған орындарды анықтайды.
13) Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастырады.
14) мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастрады және оларды ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұстауды қамтамасыз етеді;
15) ауданның жергілікті уәкілді органдарына елді мекендерде жануарларды ұстау, иттер мен мысықтарды серуендету ережелерін, жануарларды ұстаудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөніндегі ұсыныстарды бекітуге енгізеді;
16) алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтейді;

Дата редактирования: 15 Ақпан 2018 16:12
«Жетісу» телеарнасына 20 жыл

Бүгін Талдықорғанда журналистердің кәсіби мерекесінің құрметіне және Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының 20 жылдық мерейтойына орай салтанатты шара өтті.

18 Маусым 2019
Қазақстанда 70 мыңнан астам сәби проактив әдісімен тіркелді

Бұл туралы фейсбуктегі ресми парақшасында ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов мәлім етті. 

17 Маусым 2019
ПРЕСС- АНОНС!

ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСТЕР!
Ақсу ауданының Б.Сыртанов ауылдық округінде  «Август- Казахстан » ЖШС  бірлесе  отырып,  2019 жылдың 18 маусымы сағат 09:00-де өтетін
қызылшаны өсіріп,  өңдеу бойынша семинарға шақырамыз.

17 Маусым 2019
Сайт картасы Кері байланыс