USD 413.12
EUR 452.86
RUB 5.82
Погода в Жансугуров °C

Бөлімнің негізгі қызметтері

Бөлім жүктелген жауапкершіліктерге сәйкес заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік басқару органының төмендегі қызметтерін жүзеге асырады.
1) Президенттің, Үкіметтің актілерін, ҚР Президенті Әкімшілігінің, облыс Әкімінің тапсырмаларының, өкімдерінің, шешімдерінің орындалуын бақылау;
2) Стратегиялық және саяси жоспарлауды іске асыру, мемлекеттік ішкі саясат бойынша жұмысын үйлестіру, біріңғай іс-қимыл жүйесін әзірлеу;
3) Қоғамдық-саяси жағдай және діни бірлестіктердің, ҮЕҰ-дың және басқа қоғамдық ұйымдардың қызметінің мониторингін жасай отырып, аудан тұрғындарының қоғамдық пікірін зерттеу;
4) Саяси партиялардың, қоғамдық-саяси және діни бірлестіктердің қызметі туралы ақпараттық-анықтамалық материалдар дайындау;
5) Ішкі саяси тұрақтылықты, қоғамның топтасуын және конфессияаралық жарасымды қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру;
6) Оқиғалар барысын ескере отырып ауыл аумақтарындағы мемлекеттік органдардың ақпараттық-талдау жұмыстарының, медиа-жоспарларын үйлестіріп іске асыру;
7) Жергілікті БАҚ-мен өзара байланысты үйлестіру және ұйымдастыру, БАҚ мен мақсатты іс-шаралар өткізу;
8) Президенттің Қазақстан халқына жолдауын, «Қазақстан 2050» стратегиясын, ақпараттық топтардың түсіндіруін жүргізу, жергілікті атқару органдарының ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын үйлестіру;
9) Қазақстан Республикасының Үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдау тұжырымдамасына сәйкес, Үкіметтік емес ұйымдармен байланысын іске асыру;
10) Жергілікті үкіметтік емес ұйымдарға әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық-практикалық кеңес берушілік көмек ұйымдастыру;
11) Аудандағы саяси-қоғамдық жағдайға, партиялық құрылымға талдау және болжау жасау, саяси партиялар мен қоғамдық саяси ұйымдармен, діни бірлестіктермен өзара байланыс проблемалары жөнінде ғылыми практикалық конференциялар, семинарлар, тренингтер, дөңгелек столдар ұйымдастыру және өткізу.

Дайын құжаттарды беру терезесі Алматы облысының әр қаласында тек бір ХҚО-да жұмыс істейді

Дайын құжаттарды беру терезесі Алматы облысының әр қаласында  тек бір ХҚО-да жұмыс істейді

31 Наурыз 2020
Хабарландыру!

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!

19 Наурыз 2020
Сайт картасы Кері байланыс