USD 339.95
EUR 392.64
RUB 5.30
Погода в Жансугуров °C

Есебі

2017 жылдың 4-і тоқсанда көрсетілген мемлекеттік қызметтердің

сапасын ішкі бақылау нәтижелері жөнінде Ақсу аудандық әкімдігінің жұмысы туралы есепке баяндау хат

Ақсу ауданы 2017 жылдың 12 айына көрсетілетін мемлекеттік қызметтің 88 түрі бойынша 12693 мың тұлғаға мемлекеттік қызмет көрсетті. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізімі, олардың стандарттары мен регламенттері аудан әкімінің ресми сайтында орналастырылған.

Оның ішінде мекемелер арқылы 76 қызмет түрі 9391 тұлғаға, Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) түрі  803 тұлғаға, электрондық түрде 2499 тұлғаға қызмет көрсетілді.

Жыл басынан мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылу фактісі анықталмады, шағым, арыз түскен жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қанағаттану деңгейін арттыру, орын алған кемшіліктерді жою бойынша жұмыстар жүргізіліп, семинарлармен дөңгелек үстелдер өткізілуде. 

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша ХҚКО аудандық филиалымен тығыз жұмыстар жасалып, аудандық мекемелердің мамандарымен семинарлар өткізіп осы арқылы мемлекеттік қызметтердің мерзімінің бұзылуы және қызмет көрсету сапасына түскен шағымдардың санын төмендету жоспарланып отыр.

 

Дата редактирования: 12 Ақпан 2018 15:47
1 шілдеден бастап базалық зейнетақы өседі

2018 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне қарай базалық төлемдер  қайта есептелетін болады. Базалық зейнетақы азаматтар жалпы белгіленген зейнеткерлік жасқа толған уақыттан бастап қана тағайындалады. Бұл өзгерістер зейнеткерлікке жаңадан және бұрын шыққантұлғаларды қамтып, 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы қайта есептеледі.

 

19 Маусым 2018
Алға басу – Движение вперед».

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «Милосердие» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, 16 маусым күні сағат 10:00-де мемлекеттік қызметкерлер арасында «Алға басу – Движение вперед» атты жүгіруден қайырымдылық шарасы өтеді.

Аталмыш шара еліміздің әр өңірінде бір уақытта басталады. Қатысушылардан жиналған қаражат мұқтаж жандарға қайырымдылық көрсетуге жұмсалады.

 

11 Маусым 2018
Мемлекеттік кірістер комитеті тағы да автомобиль ұтысын өткізеді!

Құрметті Ақсу ауданының тұрғындары, Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2018 жылдың 21 мамырынан бастап «Түбіртекті талап ет-жүлдені ұтып ал!» жалпыреспубликалық акцияның басталу  туралы хабарлайды.

Акцияның негізгі мақсаты:

- азаматтардың белсенділігін және халықтың салықтық сауаттылық деңгейін артуы;

  • халықтың ақшалай есеп айрысулар барысында бақылау-кассалық аппаратының қолданудың әлеуметтік-экономикалық маңызы жөнінде қоғамдық пікір қалыптастыру;
  • азаматтарды қызмет, тауар, жұмыс тұтынушы ретінде өз құқын қорғай білу мәдениетіне тәрбиелеу.

Акция электрондық форматта «Wipon» мобилді қосымшасы арқылы өткізілуде.

 

07 Маусым 2018
Сайт картасы Кері байланыс