USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
Погода в Жансугуров °C

Аудандық пошта мекемесі

Аудандық пошта мекемесі

Ауданда пошта бөлімі 1940 жылы Ақсу ауылында ашылды, оның бастығы болып Сүйіндіков Бари Садықұлы болды. Ол 1964 жылы Жансүгіров поселкесіне көшірілді. Одан кейін мекемені әр жылдарда Исаев Амангелді Сейфолдаұлы, Ким В.,т.б. басқарды. 1993 жылы мекеме телекоммуникация және пошта бөлімдері болып екіге бөлінді. Пошта мекемесінің сол кездегі бастығы Адамбаева Қазира Мәжитқызы болды.

Бүгінгі поштада хат- хабар тасумен бірге электрондық байланыс, аралас және жедел қызмет, факс, ксерокөшірме, тестік файл, сурет шығару сияқты жаңа қызметтер көрсетіледі. Зейнетақы, жәрдемақы, еңбекақыларды беріп, салық, коммуналдық қызмет төлемдерін қабылдайды. 2005 жылдан «Альянс» банктен, «Хоум» жүйесі бойынша елге несие беру қызметімен айналысуда. Пошта бүгінгі талапқа сай офистік және өндірістік жиһаздар, компьютер, электронды таразы және басқа да жаңа құрал-жабдықтармен,автокөліктермен қамтамасыз етілген.

Ұжымда ауылдық бөлімше басшылары Т.Сағындықова (Қапал), К.Оралбекова (Сағабүйен), О.Ноғайбекова (Суықсай), Ж.Жабайханов (Кенжыра), орталықтағы баспасөзге жазу нұсқаушысы А.Сеңкібаева, сұрыптаушы И.Осмоловская және Ұ.Е.Абдрахманова сияқты тәжірибелі мамандармен қатар, отыз жылдан аса М.Баймолданова, З.Қорғанбаева сияқты еңбек ардагерлері де еңбек етіп келеді. Басты көрсеткіштер бойынша ұжым жылда облыста жүлделі орындарға ие болып жүр.

2000 жылдан бері ұжымды Төлеухан Қасымбекова басқарады. Ол 1955 жылы туған. Қарағанды кооперативы институтын экономист-бухгалтер мамандығы бойынша бітірген. Аудандық білім бөлімінің есепшісі, Халық банкінің аудандық филиалының меңгерушісі қызметтерін атқарған.

Аудандық мәслихаттың депутаты. Есімі аудандық «Құрмет кітабына» енгізілген.

Қазақстанда зейнетке шығу: зейнеткерлік жас және зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер

Белгілі бір жастағы еліміздің барлық азаматтарын мемлекеттің зейнетақымен қамтамасыз етуі туралы сұрақтар қызықтырады: зейнетақы дегеніміз не, зейнеткерлік жас?

20 Маусым 2019
«Жетісу» телеарнасына 20 жыл

Бүгін Талдықорғанда журналистердің кәсіби мерекесінің құрметіне және Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының 20 жылдық мерейтойына орай салтанатты шара өтті.

18 Маусым 2019
Қазақстанда 70 мыңнан астам сәби проактив әдісімен тіркелді

Бұл туралы фейсбуктегі ресми парақшасында ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов мәлім етті. 

17 Маусым 2019
Сайт картасы Кері байланыс