USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
Погода в Жансугуров °C

Ақсу қант зауыты

Ақсу қант зауыты.

Ақсу ауданы Жансүгіров ауылында орналасқан Ақсу қант зауыты 1967 жылы салынды, құрылыс Чехословакиялық жобамен жүргізілді. 1968 жылы зауыт алғашқы қант қызылшасын қабылдай бастады. Сол жылы кәсіпорынға 75 мың тонна қызылша өткізіліп, одан 2797 тонна қант өндірілді.

Жыл өткен сайын зауыт ұжымы қант қайнатудың әдісін жетік игере бастады. Қызылша егістіктері көлемі ұлғайды. 1981 жылы зауытқа 320,0 мың тонна қант қызылшасы қабылданып, одан 29,5 мың тонна өнім шығарылды.

Зауыт іске қосылған уақыттан бастап мамандарға және жұмысшыларға тұрғын үй баспаналары салынып, «Болашақ» балалар комбинаты, «Батыр» спорт комплексі, «Ақын Сара» мәдениет үйі, Е.Сиқымов атындағы стадион, сауна, дәрігерлік пункт, асхана, дүкендер ашылды.

1982-1983 жылдары аралығында зауыт жанынан бүкіл Орталық Азияны қамтыған квас сусло концентраты шығарыла бастады. Сонымен қоса жүгері талшығын өңдіретін, шұжық, цукат т.б. тамақ түрлерін шығаратын цехтар іске қосылды.

2007 жылы зауыт сонғы 18 мың тонна шикізат қабылдап, одан 1000 тонна өнім шығарып, жұмысын тоқтатты.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың былтырғы жылғы тапсырмасына сәйкес осы ірі кәсіпорынды жүргізу мақсатында облыс, аудан басшылары тарапынан үлкен ауқымды жұмыстар атқарылды. Соның нәтижесінде зауытты қайта қалпына келтіру үшін инвестор ретінде «ЭНЕРГОМОСТ» ЖШС-гі мен «Жетісу» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ-мы тартылды. Бұл жұмысты іске асыру үшін 8 млрд. теңге көлемінде қаражат жұмсалады деп күтілуде.

Бүгінгі күнге кәсіпорынды жаңғырту жұмыстары 23 пайызға орындалды. Зауыттың барлық цехтарының құрал-жабдықтары жаңаруда. Қант қызылшасын қабылдау пунктінде өнімді өлшейтін құрал ауыстырылып жатыр. Бұл жұмыстарға аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы 232 жергілікті тұрғындар қабылданса, науқан кезінде 400 адам жұмыспен қамтылады. Сонымен қатар, мамандарға арнап Жансүгіров ауылында 20 баспана үй салынады.

Барлық жаңғырту жұмыстары ағымды жылдын 20 қазанына аяқталады деп жоспарлануда. Ал қант қызылшасын қабылдау пункті 1 қыркүйек айына толығымен жөндеу жұмыстарынан өтіп, өнімді қабылдай бастайды.

Қазақстанда зейнетке шығу: зейнеткерлік жас және зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер

Белгілі бір жастағы еліміздің барлық азаматтарын мемлекеттің зейнетақымен қамтамасыз етуі туралы сұрақтар қызықтырады: зейнетақы дегеніміз не, зейнеткерлік жас?

20 Маусым 2019
«Жетісу» телеарнасына 20 жыл

Бүгін Талдықорғанда журналистердің кәсіби мерекесінің құрметіне және Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының 20 жылдық мерейтойына орай салтанатты шара өтті.

18 Маусым 2019
Қазақстанда 70 мыңнан астам сәби проактив әдісімен тіркелді

Бұл туралы фейсбуктегі ресми парақшасында ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов мәлім етті. 

17 Маусым 2019
Сайт картасы Кері байланыс