USD 386.05
EUR 428.25
RUB 5.84
Погода в Жансугуров °C

Ақсу ирригация

«Ақсу ирригация» мемлекеттік мекемесі

Ақсу ауданында суармалы жерлерді жүйелі түрде игеру жұмыстары 1938 жылдан басталады. Сол жылы Лепсі суландыру жүйелері басқармасының Ақсу аудандық су шаруашылығы учаскесі ашылып, оны Біржанов А. (1938-42), Семин Д. (1942-44), Царева Т.И. (1944-45), Ақбердин Қ. (1945-63) басқарды.

1963 жылы учаске Ақсу аудандық суландыру жүйелері басқармасы болып құрылады және оның алғашқы бастығы болып Ақбердин Қабыкен тағайындалады. Осы жылдан бастап аудан көлемінде су құрылыстарын салу, суармалы жерлерді тегістеп, суландыру жүйелерін қайтадан жаңарту жұмыстары түбегейлік қолға алынды.1965 жылы төменгі Ақсу бөгеті пайдалануға берілді.

1970 жылдары бастап Ақсу, Сарқан және Бүйен өзендері бойындағы су жүйелерін қалпына келтіру, су шаруашылығы объектілерін салу жұмыстары жүргізілді. Жоғарғы Ақсу бөгеті салынып, темір- бетон каналдар пайдалануға берілді. 1971 жылы Қаракөз, Басқан кеңшарларының егістіктерін сумен қамтамасыз ететін «Қараторғай » суландыру жүйесі жасалды. Көпеген шаруашылықтарда суармалы жер массивтерінде күрделі тегістеу жұмыстары жүргізіліп, суландыру жүйелері қайта салынды. 1980 жылы Бүйен өзені бөгетінің және одан шығатын «Тәнеке», «Қаратоған» магистральды каналдарының құрылысы аяқталып, іске қосылды.

Мекеме 1992 жылдан бастап толық шаруашылық есепке көшірілді. 2004 жылдың 30 сәуірінен «Ақсу ирригация» аудандық су шаруашылығының мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны болып табылады.

Мекемеде 49 адам жұмыс істейді. 30-35 жылдан аса жұмыс істеп, еңбек демалысына шыққан мамандар Мәдимов Нұралы, Жексембеков Естай, Тансыбеков Мұқан. Ақсу учаскесінің инженері Крытько Екатерина, сол учаскенің технигі Бекербаева Райхан- сияқты білгір мамандар. Диханшынов Иса, Арғынбаев Баймәди, Қасымбеков Тартысбай сияқты ардагерлер есімдері де құрметпен аталады.

Ақсу су шаруашылығы мекемесін 1963 жылдан Әбдірешев Аман, Есмұрзанов Уахит, Әбілмәжінов Әділхан, Берлікенов Кәкімбай, Елубеков Ермұхан, 2001 жылдан Жиенбаев Арыстан, Қойшыбаев Орын басқарды. Қазіргі басшысы Әділмұрат Нұргелдин.

Жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық

Ақсу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер Басқармасы жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық жүргізуге байланысты келесіні хабарлайды. 

21 Тамыз 2019
Азаматтарға арналған үкімет «Мектепке жол» акциясын өткізді

Жаңа оқу жылы қарасаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларды қолдау мақсатында республикалық «Мектепке жол» акциясын өткізді.

 

15 Тамыз 2019
Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасы аумағына тауарларды импорттау кезінде, тауарлардың жалпы құнының 12% мөлшерінде қосылған құн салығы  105115 төлем кодына (ЕАЭО аумағынан импортталған тауарларға қосылған құн салығы) төленеді.

08 Тамыз 2019
Сайт картасы Кері байланыс