USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
Погода в Жансугуров °C

Ақсу аудандық электр тораптары

Ақсу аудандық электр тараптары

Ауданды электр жарығымен қамтамасыз ету мақсатында 1956 жылы Ақсу өзенінің таудан шыға беріс аңғарында жобалық қуаты 1,6 мегаватт ток өндіретін су электр станциясының құрылысы басталып, ол 1958 жылы іске қосылды. Оның бастығы И.В. Раголовский болды. Станция 1973 жылға дейін ауданды электр куатымен толық жабдықтап тұрды. Одан кейін электр қуатының тапшылығы байқала басталды да, 1976 жылдан Ақсу, Қызылту, Қаракөз, Ойтоған, Кеңжыра ауылдарында қосымша 35/10 үлгідегі шағын станциялар салынды. Ақсу аудандық электр тараптары бүгінде кернеуі 0,4-10 киловатт электр куатын береді.

Мекемеде ұзақ жылдар абройлы еңбек еткен монтер Сәбетбек Кенебаевтың есімі 1986 жылы республикалық « Алтан кітапқа» енгізілді Мекемеде бригадир Қасымхан Мырзақұлов отыз жылдан астам жұмыс істейді.

1979 жылы «Жансүгіров атындағы аудандық электр тараптары» аталатын жаңа мекеме құрылып, оны Жеңіс Мыңбайұлы Қырықбаев басқарды. Одан кейін мекемені Мұраталы Исаұлы Диханшынов, Талғат Төлеуханұлы Өкенов, Ринат Мүнірұлы Мүліков және Қайрат Жексенбайұлы Рысбаев, Қанағат Сәмбетов сынды азаматтар басқарды.

2008 жылдан мекемені Оңғарбаев Берік Сатыбалдыұлы басқарып келеді.

Хабарландыру!
15 Қараша 2019
Жемқорлықты жою жолындамыз.

Жемқорлықтың қандай түрі болмасын, қоғам үшін қауіпті

18 Қазан 2019
Сайт картасы Кері байланыс